Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді
Қазақ қоғамында ұлттың ұлттық бірегейлену дәстүрі ұлт руханияты, ұлт тұлғаларының интеллектуалдық қызметі арқылы жүріп отырса, қазір бұл құбылыс қалай жүруде?
Тарихымыздан белгілі жеке адам ойшыл, ақын, батыр, ғалым болсын, өз бетінше ұлтшыл, ұлтжанды болған емес, болмайды да. Қазақтың тұлғаларының қалыптасуында оның бойындағы қабілетінің дамуына ықпал еткен елдің рухани тәжірибесі, құндылықтар, ортаның үйретер өнегесі бар. Бұл үнемі ескерілетін нәрсе. Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында былай деген: «Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ, біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе – біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы жегендігіміз еді егер теңгеруші табылады екен, ұлтшылдықты ортақшылдыққа айырбастауымыз қиын емес».
- Қазақ қоғамында ұлттың ұлттық бірегейлену дәстүрі ұлт руханияты, ұлт тұлғаларының интеллектуалдық қызметі арқылы жүріп отырса, қазір бұл құбылыс қалай жүруде? Тарихымыздан белгілі жеке адам ойшыл, ақын, батыр, ғалым болсын, өз бетінше ұлтшыл, ұлтжанды болған емес, болмайды да. Қазақтың тұлғаларының қалыптасуында оның бойындағы қабілетінің дамуына ықпал еткен елдің рухани тәжірибесі, құндылықтар, ортаның үйретер өнегесі бар. Бұл үнемі ескерілетін нәрсе. Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында былай деген: «Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ, біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе – біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы жегендігіміз еді егер теңгеруші табылады екен, ұлтшылдықты ортақшылдыққа айырбастауымыз қиын емес».
«Қазақстандағы ұлттар достығы иллюстрациясы»