«Тұлғаны таны» Мәтінмен жұмыс Мәтіннің әр бөлігінен негізгі ақпаратты анықтаңыз



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі1,38 Mb.
#157555
1   2   3   4
Байланысты:
География 9 сынып Қазақстандық географтардың зерттеулері презентация (1)

Мәтін №2. Шоқанның Қырғыз жеріне саяхаты Шоқан 1853 жылы өзімен оқитын жолдастарынан бір жыл бұрын Омскідегі Кадет корпусын бітіріп, офицер атағын алып шығады. Ол 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен құрылған экспедицияға қатысады. Экспедицияны Хоментов басқарады. Шоқан экспедициямен қырғыз елінің көп жерін аралайды, халықтың тұрмыс-салтымен жақсы танысып, қырғыздың атақты эпосы «Манастың» мазмұнын жазып алады, кейін осы эпосты орыстың даңқты ғалымдарына бірінші рет таныстырушы да Шоқан болады. Бұл сапарында ол қырғызбен шектес Ұлы жүз қазақтарының мекендеп отырған жерлерін, олардың шаруашылыққа жайлы-жайсыз жақтарын жақсы зерттеп, елдің әдет-ғұрпымен, тұрмысымен, ескіден қалған әңгіме-ертегі, жырларымен танысып, оларды да жинай жүреді. 1857 жылы Шоқанды қырғыз еліне әртүрлі материал жинауға жібереді. Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының картасын жасасады. "Манас" жырын жазып алып, Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Мәтін №3. Шоқанның Қашқар жеріне саяхаты 1858 жылы Шоқанды Қашқарға жөнелтілген экспедициямен бірге көп тапсырмалар беріп, оны Қашқарияға жібереді. Сол заманда Еуропалықтар үшін бұл аймақ мүлдем белгісіз болатын. Себебі, Қытай үкіметі Еуропалықтарға кіруге тиым салған. Сондықтан патша үкіметі Шоқанды саудагер ретінде жасырын түрде жібереді. Ол 1858 жылы 27 қыркүйекте Қашқарияға барып, 1859 жылдың 11 наурызына дейін сонда болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық және саяси тұрмыстары жөнінде көп материалдар жинап, өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5-6 айдың ішінде ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы, аз уақыттың ішінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Шоқанның бұл экспедиция кезінде жинаған материалдары патша өкіметінің сол кездегі сыртқы саясатына және соғыс мақсатына пайдалануы үшін аса құнды мәліметтер берді, сонымен қатар Орта Азияның әлі мәлімсіз, зерттеліп жетпеген түкпір-түкпірін білу, тану ісіне көмектесті, география ғылымына зор еңбек боп қосылды. Шоқан Ұйғыр әліпбиі деген атпен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Тау жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен 1859 жылы сәуір айында елге оралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет