Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Түменбаева Ләззат Ералықызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тренинг - сабақ
Аңыз-тренингтер
Тақырыбы: Нәтижелі тәрбие берудің «Алтын ережесі»
Жұмыстың мақсаты: Бұл еңбек әрқайсысымызға балаларды тәрбиелеу барысындағы кемшіліктеріміз бен ата-ананың шынайы міндеттерін айқындап береді;
Ата-аналарды өз әрекеттері туралы ойландырып, балалармен күнделікті қарым-қатынас барысында туындайтын қиындықтарды шешуге үйретеді;
Біздің көзқарастарымызды өзгертіп, үйде де, жұмыста да келіспеушіліктердің алдын алуға көмектеседі;
Біздің өз өміріміздің ең басты құндылығына, яғни балаларымызға тиісті
дәрежеде көңіл бөлуге бағыт береді.
Жұмыстың сипаттамасы:
Өмірдің бар қызығы да, мән-мағынасы да- бала.
«Бала- бауыр етім» дейді дана халқымыз. Өз перзентінің дені сау,бақытты, өз-өзіне сенімді тұлға, өмірдің нағыз Жеңімпазы етіп тәрбиелеу әрбір ата-ананың міндеті.
Мен осы жұмыс арқылы балаңыздың жан-дүниесіне үңіліп, өмір бойы олардың
ең жақын сырлас досы болып қала беруіңізге көмектесетін әдіс-тәсілдермен бөліскім келеді.
Бұл жұмысты жүргізуге не итермеледі?
Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарды толғандырып жүрген мәселелерінен туындаған ой-пікірлер аталған жұмыстан көрініс табады. Мүмкін сіздер де өздеріңді қызықтыратын сұраққа жауап табарсыздар.Мұнда мысалдар мен аңыздар келтірілген.Ал мысал-аңыз дегеніміз- адамның жүрегіне тікелей жол табатын сөз өнері. Ұсынып отырған жұмысты ерекше сыйлық ретінде қабылдаңыз және өзіңіз бен балаларыңыздың игілігіне пайдаланыңыз.
Жұмыстың түрі: семинар-тренинг
Әдісі: тренинг, ой ширату, тұжырым жасау, салыстыра талдау
Көрнекілігі: арнайы дайындалған презентация, слайдтар
Барысы: І Ұйымдастыру
Семинарға қатысушылармен сәлемдесіп, тренинг өткізу.
Табиғаттың заңына бағынамын,
Күйем,сүйем,сағынам, жабығамын.
Әркімнің бір күні бар кеудесінде,
Мен өзімнің Күніме табынамын!
Сіздердің әрбір күндеріңізге сәттілік тілеймін!
1-ереже
Ата-ананың ең басты міндеті- баланың бойында өзін-өзі құрметтеу сезімін және өзіне деген сенімділікті қалыптастыру.
Сіздің балаңызға деген көзқарасыңыз оның өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін.Басқаша айтқанда, егер сіз оның бойындағы дарынын байқасаңыз, оның өз-өзіне деген сенімін қалыптастырасыз. Ал егер мұндай көзқарасты балаларыңыздың бойында дамытсаңыз, ол бүкіл әлемге осындай бағаға лайық екенін дәлелдеуге тырысады.
(Р.Кийосаки)
Бүгін мен балаларыма қандай ескертулер жасадым?
|
Бүгін мен балаларымды не үшін мақтадым?
|
|
|
Балаңызға қалай сөйлейтініңізді ойланып көрдіңіз бе?
Мұның маңызы өте зор,себебі балаңыздың қандай тұлға болып қалыптасуы осыған байланысты: ол өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын батыл азамат болады немесе айналасындағы адамдардың пікіріне жалтақтап қарайтын, өзіне сенімсіз болып қалыптасады.[10] 7-8- бет
Бала кезінде адам өзінің шағын ортасындағы көзқарастар мен құбылыстарды тез қабылдайды да, осының есесінен оның “өмірлік сценарийі” қалыптасады. Ал осы баланың бойына сіңірген көзқарастар жүйесі әдетте өмірдің күрделі кезеңдерінде шешім қабылдауға ықпал етеді.
Сіз қайсысына жатасыз?
Сен өскенде президент боласың
|
Сенен өскенде адам шықпайды
|
1.Бұл сөздер баланың әрі қарай дамуына,тағдырына әсер етеді
2.Баланың өзін-өзі бағалауы ата-ананың (ересек адамның) ықпалымен қалыптасады
3.Баланың жетістікке жетуіне ықпал етеді
|
1.Өз балаларының өзін-өзі бағалау дәрежесін төмендетеді
2.Үнемі қайталанатын жағымсыз сөздер мен әрекеттер баланың санасында орнығып,кейін жүзеге асады
3.Біздің сауатсыз әрекеттеріміз бен ойланбай жасаған ескертулеріміз балалардың сенімділігін жойып, олардың ұяң,тұйық болуына әкеліп соғады
|
АҢЫЗ: «Өз мақсатыңа берік бол!»
Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты. Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады.Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де,күлкі үшін көп көрермендер жиналады. Ал жарыс басталды.
Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас.Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: “Бұл өте қиын! Олардың шыңға шығуы мүмкін емес!” немесе “Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!”
Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады. Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді.Көрермендер сонда да “Бұл мүмкін емес.Олардың біреуі де шыға алмайды!”- деп айқайлай берді.
Бақалардың көбісі шаршап, құлай берді... Тек олардың БІРЕУІ ғана жоғары көтеріле берді...
Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ!! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның шыңын бағындырды.
СОНДА барлық бақалар таң қалып,оның қалай жеткенін білгісі келді.
СҰРАҚ: Ол күш-қуатты қайдан алды деп ойлайсыздар?
Сөйтсек , Жеңімпаз бақаның құлағы естімейді екен.
Ол көпшіліктің кертартпа пікірін естімеген.
Түйін: Балаңызды өзгелердің кертарпа сөзі мен пікіріне құлақ салмауға үйретіңіз!
Егер сіз балаңыздан тек жақсылық күтсеңіз,бұл оның тағдырына айналады да, балаңыздың өз-өзіне деген сенімділігі артады. Сондықтан әрдайым позитивті болыңыз.
Ежелгі даналарымыз айтқандай: «Адамның өзін,оның өмірі мен тағдырын оның өз ойлары мен көзқарастары қалыптастырады».
Көне үнді Дхаммапды – “Ой туралы ілімінде” келесідей тұжырым келтірген: “Адамның қандай болуы оның өзі туралы көзқарасы мен ой-пікіріне байланысты, барлығы соған тәуелді”. Бұл ежелден-ақ белгілі болған.[10] 13- бет
Балаларыңыздың белсенділігін және
батылдығын арттыратын сөздер
|
Баланың өз күшіне деген сенімділікті
төмендететін сөздер
|
Өз-өзіңе сенімді бол.
Сен достарыңмен тіл табыса аласың.
Сен жақсы оқи бастадың.
Тағы да тырысып көрші.Қиындықтарға берілме.
Мен сені мақтан етемін,қиын болса да,
сен жеңіп шықтың.
Мен сенің бас алмай еңбектенгеніңді байқадым.
Сенің қолыңнан барлық нәрсе келеді.
Достарыңның сені бағалап,құрметтейтініне
мен өте ризамын.
|
Мен саған мың рет айттым.
Киіміңді былғама
Қашан сенде жауапкершілік пайда болады?
Егер мені тыңдасаң ғой.
Көршінің баласындай пысық болу қайда-а-а саған?
Сенің ағаң сенен гөрі математиканы (физиканы,т.б.) жақсы оқыған.
Егер сен тырыссаң,әпкең сияқты жақсы оқитын (көпшіл,белсенді... болатын) едің
Сен қателестің бе? Әй,сен осындайсың ғой.
|
Мына мәселені ұмытпаңыз: Баланың өмірінде сәтсіздікке қарағанда жетістіктер
көбірек болса, оның табысқа талпыну деңгейі арта түседі,Керісінше сәтсіздіктер
басым болса,мұндай талпыныс та бәсеңдейді.
Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін өзінен, өз әрекеттерінен,
жұмсаған күш-қайратынан немесе өз енжарлығынан іздеуге үйренуі керек.
Егер баланың бойында өзін-өзі бағалау сезімі дұрыс дамыған болса, бұл оның ересек өміріне қажетті негізгі екі тұжырымның қалыптасуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |