Тобы: 104-б факультет: Стоматология



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#168606
  1   2
Байланысты:
Өмірхан Темірлан Биофиз



Тақырыбы: Бұлшық ет биомеханикасы
Орындаған: Өмірхан Темірлан
Тобы: 104-Б
Факультет: Стоматология
Тексерген: Уразакынов Д.К.


Өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері:

Бұлшық ет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат
беріп, жалпы түсінік беру

Бұлшық ет биомеханикасының ерекшеліктерін қалыптастыру


Бұлшық еттің түрлері:
- Бірыңғай салалы
- Көлденең жолақты
- Жүрек бұлшық еттері


Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген
омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның
негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і 
су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.
Адам ағзасында 600-ден аса бұлшық ет бар. Олар құрылысы, 
пішіні, қасиеттері мен қызметі жағынан әртүрлі. 


Бұлшық еттің түрі –
бірыңғай салалы бұлшық ет
. Бірыңғай салалы бұлшық
ет ішкі мүшелер: қан және лимфа тамырлары, несепағар түтігі, асқорыту
жолы (асқазан мен ішек қабырғалары) қуысын астарлап жатады. Бірыңғай
салалы бұлшық ет жасушалары бұлшық еттің басқа түрлерінен құрылысы
мен қызметі жағынан ерекшеленеді. Бірыңғай салалы бұлшық ет бір ядролы
салыстырмалы түрде ұсақ бұлшық ет жасушаларынан – ұршық тәрізді
миоциттерден тұрады. Олардың баяу және ұзақ жиырылуы еріксіз, яғни адам
қалауына байланыссыз жүреді. 
Біріңғай салалы бұлшық ет
ішкі мүшелердің қабырғаларында- бронхтар, 
асқазан, ішектер, жатыр, жатыр түтіктері, қуық сонымен қатар тамырларда
кездеседі. Тегіс бұлшық еттің жиырылу қызметіне байланысты асқорыту
жүйесі мүшелердің қызмет етуі, тыныс алудың, қан және лимфа ағынын
реттелуі, зәрдің бөлініу, жыныс клеткаларының тасымалдау т.б қамтамасыз
етіледі. 


Көлденең жолақты бұлшық ет
ұлпасы қаңқа бұлшық еті мен 
кейбір ішкі мүшелердің бұлшық еттерін (жұтқыншақ, тіл, өңештің
бөлігі) түзіледі. Осы бұлшық еттердің жиырылуы ерікті жүзеге
асырылады, яғни адамның еркіне бағынады. Ұлпа көп ядролы
ұзындығы 10-12см дейін бұлшықет талшықтарынан тұрады.
Жүрек Бұлшық ет
— жүректің ортаңғы қабығы — миокардты түзеді. Жүрек
Бұлшық ет ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі жапырақшасынан
дамиды және еріксіз жиырылады.


Бұлшық еттердің құрылымдық элементі – бұлшық ет талшығы. 
Бұлшық ет талшығы көп ядролы, диаметрі 10-на 100-ге дейін мкм 
құрайтын клетка. Осы клетка сарколемма деп аталатын
қабықшамен қапталған, сарколемма саркоплазмамен толтырылған. 
Саркоплазмада миофибриллдер орналасқан. Миофибрилла –
саркомерлерден тұратын жіп тәрізді түзіліс. Миофибриллдердің
санына қарай ақ және қызыл бұлшық ет талшықтары болады. 
Ақ бұлшық ет талшықтарында миофибрилдер көп болады, ал 
саркоплазма аз, соған байланысты тез жиырлады. 
Қызыл бұлшық ет талшықтарында миоглобиннің саны көп
болады


Бұлшық еттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшық
еттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін
сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы
бұлшық еттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын
ет) тыныс алу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, 
көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық
еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен
бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі


Жүректің бұлшық ет ұлпасы миоцит клеткаларынан тұрады, бір-
бірімен бірігіп, кешен түзеді. Осы бұлшық ет ұлпасы көлденең-
жолақты ұлпаға ұқсас, бірақ еріксіз жиырылады, жүректің ритм 
автоматизміне бағынады.


- Актин – жиырылғыш белок, 375 аминқышқылдарынан тұрады
және бұлшық ет белогының 15% құрайды. Жарық микроскоппен
қарағанда актин молекулалары жарық жолақ түрінде көрінеді (1-
дискі деп аталады). Актин басқа белоктармен қосылып актин 
талшығы жиырылу қабілетіне ие болады
- Миозин – негізгі бұлшық ет белогы, бұлшық еттегі құрамы 65% 
жетеді. Миозин молекуласы екі полепиптидті тізбектерден тұрады, 
әр тізбек 2000 аминқышқылдарынан тұрады. Микроскоппен
қарағанда миозин молекулалары қара жолақ түрінде көрініс береді
(А-дискі деп аталады)


Сонымен қатар саркоплазмада миофибрилдерден басқа
митохондриялар, рибосомалар, Гольджи жиынтығы және басқа да 
органеллалар болады. Сарколеманың құрамына қалың миозинді
жіпшелер және жұқа актинді жіпшелер кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет