ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Душабаева Аида
Тобы: 1301-10к
Қабылдаған: Әсілхан.Н
Сауат ашудың лингвистикалық негіздері
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерінің бірі лингвистика (тіл білімі) болып табылады. Соның ішінде, әсіресе, фонетиканың рөлі ерекше. Өйткені тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы, 2) пікір алысу құралы, 3) танымдық құрал, 4) ойлау құралы болмас еді
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың лингвистикалық түсініктерді білу талап етілмейтіні белгілі. Бұл кезде барлық назар балаларға дыбыстарды танытуды, оқуға және жазуға үйретіп, олардың ауызекі және жазу тілін дамытуға аударылады. Сондықтан бала «дыбыс», «әріп», «буын», «сөз тіркесі», «сөйлем», «мәтін» деген сияқты лингвистикалық ұғымдардың мәнін ұғынуға мәжбүр болады.
Бұл аталған тілдік единицалар туралы, алдымен, мұғалімнің толық мағлұматы болуы керек. Сөйлем туралы айтпас бұрын, сөйлеу туралы айқтан жөн
«Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде, тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді: сондықтан сөйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады», - деді профессор Н.Сауранбаев. шынында да, заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, адам өміріндегі әрекет, тіршілік т.б. білу, білдіру туралы айтылған ой, яғни өзара байланысты сөйлемдер тобы сөлеу болады сөйлеу бірнеше сөйлемнен тұрады, өйткені сөйлеуші бірдеме туралы сөйлегенде, ол жайындағы айтылатын ойлардың жігін ажыратып саралап айтады.
Мысалы, Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатты. Балалар шанамен сырғанап жүр. Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар екені іс жүзілік тұрғыдан танытылады. Ол үшін бұл сөйлемдердің әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен бөлініп айтылады да, олардың қандай ойды білдіретіндігі түсіндіріледі.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |