Бет нервісінің салы
Нервтің жəне оның бұтақтарының шеткі бөліктерінің
салдануы, нəрестені тартып алуға арналған акушерлік
қысқыштарды салғандағы зақымдалудың нəтижесінде
болады. Нəрестенің ауыз бұрышының төмен түсуімен жəне
қозғалмауымен, оның ісінуімен, мұрын-ерін қатпарының
тегістелуімен, қас үсті, рефлексінің болмауымен,
зақымдалған жақта қабақтың толық жабылмауымен,
жылаған кезде ауыздың ассиметриясымен, жас ағумен
айқындалады.
Көкеттің салы (Кофферат синдромы)
Иық өрімінің жарақатында, жұлынның С3-С4деңгейі
зақымдалғанда дамиды. Көкет нервісінің жиі сол жақты
Дюшен-Эрба шала салдануында байқалады.
Клиникасында нəресте қалпы өзгергендегі күшейетін
ентігу, тыныс аритмиясы, көгеру ұстамасы. Жаңа
туылған нəрестелерді қараған кезде кеуде қуысының
асимметриясы, зақымдалған жартысының тыныс алу
актісінен қалыс қалу, парадоксалды тыныс байқалады.
Рентгенологиялық көріністе зақымдалған жақтағы
көкеттің күмбезі жоғары тұрады. Көпшілік жағдайда ауыр
салда көкеттің қызметі толық немесе жартылай 6-8
аптада қалпына келеді. Егер көкет салы қолдың түгел
салымен бірге жүрсе ақыры қолайсыз болады.
Дюшен-Эрба салы мен шала салдануы
Жұлының С5-С6 мойын омыртқа деңгейінде немесе иық
өрімі зақымдалғанда дамиды. Клиникасында зақымдалған
қолы денесіне келтірілген, шынтақ буынында мейілінше
жазылған, ішке қарай бұрылған, иық буынында
ротацияланған, білегі ішке айналған, алақаны бүгілген,
артқа және сыртқа қарай бұрылған. Басы иілген және
бұрылған. Мойыны көлденеңнен көп қатпарға
байланысты қысқа болып көрінеді.Нәрестені етбетімен
алақанға салғанда салданған қолы салбырайды, ал сау
қолы кеудеден ұзына бойы терең қатпармен (Новиктың
«қуыршақ қолы» ) бөліктенеді. Сал болған қолы пассивті
қозғалғанда ауырмайды, бірақ сыртыл естіледі (Финк
симптомы)
|