Пайда болу себептері Иценко – Кушинг синдромы кейде преднизолон сияқты синтетикалық гормон қолданылатын қабыну ауруларын емдеу нәтижесінде пайда болады. Кейде қатерлі ісіктердің кейбір түрлері кортизонның шамадан тыс бөлінуіне себепші болатын гормонды өндіреді. Иценко-Кушинг синдромы өте сирек кездесетін ауру.
Патогенезі
Иценко-Кушинг ауруының патогенезіне АКТГ-ң секрециясының бұзылысы жатады. Гипоталамустағы Кортикотропин-рилизинг гормонының және адренокортикотропты гормонның шамадан тыс өндірілуі жатады .Кортизол ,кортикостерон,альдестерон ,андроген гормондарының көп өндірілуі байқалады.Ол қосымша,инсулиндік гипогликемияның дамуына алып келеді. Көп жағдайда гипофиз аденомасы кездеседі. Макроаденома 10 пайыз жағдайда ,ал қалғаны микроаденома ретінде байқалады. Микроаденоманы КТ және гистологиялық тексерулер арқылы зерттейді.
Клиникалық көріністері
1.Семіру-май көбіне жоғары қарай жиналады.Бетке, иыққа ,ішке көп мөлшерде жиналады.Ал аяқ және қолдары жіңішек болады. Беті ай тәріздес немесе домалақ пішінді және қызарған болады. 2. теріде стриялар пайда болады. 3.әйелдерде етеккір циклының бұзылысы және бедеулікке,ал ерлерде жыныстық қатынасқа деген көңіл күйінің төмендеуіне алып келеді. 4.бұлшықеттерінің әлсіреуі. 5.АҚҚ төмендеуі. 6.инсулинге сезімталдықтың бұзылысы және қант диабетін туындатуы мүмкін. 7.иммунитеттің төмендеуі,жара,терінің іріңдеуі,созылмалы пиелонефрит,сепсис т.б дамуы мүмкін.