Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері:
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру
Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру жалғастырылуда. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту, әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша шаралар қабылданды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру төрт түрден бір түрге дейін оңтайландырылды. Қазақстанда тұңғыш рет тексерістерге баламалы тетіктер (аудит, НАССР (қатерлерді талдау және сыни бақылау нүктелері), сынамалар алу және камералық бақылау арқылы өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу) енгізілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда және жергілікті атқарушы органдарда (облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармалары) қоғамдық денсаулық сақтау саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелер жоқ, бұл қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі қызметті басқару мен үйлестіруде олқылық тудырады. Бұл олқылық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті денсаулық сақтау жүйесі құрылымынан шығарғаннан кейін ерекше көрінді.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескергенде 68,8 мыңнан астам дәрігер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 39,5, ЭЫДҰ – 42,0) және 160 мыңнан астам орта медициналық қызметкер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 91,9) жұмыс істейді.