Тобы: дшс 21-04 Қабылдаған: Ортаев Б


КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ



бет4/5
Дата22.05.2024
өлшемі89,01 Kb.
#202771
1   2   3   4   5
Байланысты:
дшс21-04 Мырзахан Б 2

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

  • КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
  • Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05-0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар. Нашар көргіштік организмнің жалпы ауруларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.
  • Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т.б. жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады. Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі.Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар.
  • Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді. Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет