Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді.