Тобы: гк17-2қ/т Орындаған:Қадірхан Ләззат Тексерген: доцент


Геодезиядағы топографиялық түсірістің маңыздылығы



бет3/5
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#74980
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алмушка

1.1 Геодезиядағы топографиялық түсірістің маңыздылығы
Топографиялық түсірістер геодезиялық жұмыстар барысында толыққанды карталар мен пландар жасауда кеңінен қолданылады. Топографиялық түсірістер негізінде алынған мәліметтер ең қиын деген инженерлік жобаларды жүзеге асыруға , құрылыс жұмыстарын жасау үшін рұқсат алуға, құрылыстың әр түрлі жобаларына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Топографиялық түсірістер төменде көрсетілген жұмыстарға байланысты нақты және өзекті деректер береді:
- Жергілікті жердің рельефін зерттеу туралы
- Жер үсті және жер асты коммуникациялары
- Зерттеліп отырған ғимараттар мен құрылыс алаңында орналасқан
аумаққа
- Әр түрлі жасыл-жабындыларға байланысты.
Тапсырыс беруші үшін жұмыс сапасымен қатар маңызды жағдайлардың бірі атқарылатын жұмыстың құны. Топографиялық түсірістің құны бірнеше жағдайларға байланысты анықталады. Мысалы:
- Жұмыс жүргізілетін аумақтың түрі мен орналасқан орны
- Рельефтің орналасуы
- Атқарылған жұмыстың көлемі
- Топографиялық карталардың саны.
Құрылыс алаңының дұрыс таңдалуы жұмыс сапасына ықпал етеді. Құрылыс алаңы таңдалып алынған соң геодезиялық жұмыстарды атқаратын ұжым құрылыс алаңына қажетті материалдарды жинақтайды, геодезиялық пункттердің және нивелирлік желілердің реперлер саны мен жағдайын анықтайды. Құрылысты жобалау кезеңінде топографиялық-геодезиялық ізденіс жұмыстары және ізденіс жұмыстарының басқа түрлері атқарылады. Құрылыстың дайындық кезеңінде негізгі және басты остерді шығару жүмыстары жасалады. Жалпы құрылыс барысында құрылыс элементтерінің остерін шығару, құрылыстық-монтаждық жобаны геометриялық қамтамасыздандыру, аяқталған құрылысқа орындаушылық түсіріс орындау және жобаны өткізуге құжаттар дайындау жұмыстары атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет