АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Соның ішінде: компьютер , ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б.
АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?
бір қалыптылықты пайдаланбау;
деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру;
баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру;
жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.
АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мысалы, дүниетану пәнінен «Қазіргі мектеп» тақырыбын өтуде мектеп дегеніміз не, мектептің түрлерін интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды оқушыларға мектеп жайлы қызықты мәліметтер,өз мектебінің тарихы жайлы немесе бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға,қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.
Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни мұғалім алдын ала математика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде электронды пошта арқылы немесе SMS-пен жібереді, оқушылар тапсырманы топпен , жұппен, өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.
Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.
Үй тапсырмасын сұрауға не пысықтауға дүниетану сабақтарында видеосауалдарды пайдаланамын. Қажетті сұрақтарды өзге сынып оқушыларына қойғызып, видеоға жазып аламын да, интербелсенді тақтадан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс пәнге деген қызығушылықты оятары сөзсіз.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып интербелсенді тақтадан презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру қолайлы. Сонымен қатар қазақ тілі не математика сабақтарынан үлкен тарауды қайталау, қорытындылау мақсатында берілетін тест тапсырмаларына оқушы алдын ала дайындалуы үшін флеш-картаға сақтап беру жолдарын қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет екендігін түсінуге көмектеседі.
Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Қасына фотоаппаратымен репортерді қосамын , бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес қосқаным деп санаймын.
Қорыта келе, АКТ - ны пайдалану маған не берді?
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;
оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.
АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;
Тіл байлығын жетілдірді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырды;
Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.
АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 62б )
Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Ал педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды.
Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда oсы білімдер oперациялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен лектронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады . Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық , педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса,онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық ) 65б. Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: Теледидар бағдарламалары;
Сандық теледидар;
Интернет/ WWW;
Ұялы телефон; Ұтқыр қондырғылар; Компьютер/ноутбук (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 61б.) АКТ-ның мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды: Ақпараттық, бейнелік-дыбыстық анықтамалар арқылы білімін одан әрі жетілдіреді, дамытады:
1. Өз бетінше түрлі тапсырмаларды орындайды;
2. Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
3. Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
4. Ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілеті дамиды ;
5. Өз ойын сызба , кесте , түрінде жеткізеді ;
6. Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды ;
7. Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді. (Математика және физика журналы) АКТ ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, интербелсенді тақтаны қолдануға, оқу барысында компьютерді пайдалануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. АКТ-ның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Бұл тәжербие кезінде жаңа технолоияларды пайдалана отырып сабақ өткіздім. Онда компьютерді, ноутбук, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы одан әрі арта түсетініне көзім жетті. Мектептегі тәжірибе кезіңде осы оқып жатқан жаңа тәсілімен өткізген сабағымның әр бөлімінде осы АКТ мүмкіндігін пайдаланып отырдым. Кіріспе бөлімінде үй тапсырмасын тексеруде қалыптастастырушы тест жұмысының сұрақтарын интератактивтік тақтаға алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы тексеріліп. Тест тапсырмасын оқушылар орындап болған соң өзара жұпта бағалайды. Тест інің дұрыс жауабы соңынан интербелсенді тақтадан көрсетіледі.( №1-2 дәлел) Бұнда оқушылардың сабақта бұл жұмыстарды «Мал шаруашылығы, Құрылыс басында » тақырыптарынан көруге болады . Оқушылардың бұл жүйе белсенділігін артырып, сыныптағы кейбір дамуында кедергілері бар балалардың қызығушылығын оятады. «Құрылыс басында» тақырыбында өткізілген сабағымды меңгертуде оқушылардың өз ойларын жинақтау кезінде ноутбук арқылы сурет салған, салу әр топқа тапсырма берілді, 1-топ үй құрылысын бейнелесе, 2-топ құрылыс құралдарын, 3-топ құрылыс көліктерін бейнеледі. Топтық жұмысты жұмылдырып, (№3 дәлел) Осы жұмыста оқушылар қол шапалақтау арқылы бір-біріне ілтипат көрсетеді. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы Асtiv Studio флипчарт- пен алдын- ала дайындалып қойылған таблицалар, семантикалық кестелер толтыру арқылы оқушылар жұмыстанды.Онда үй түрлері, адамға пайдасы , құрылыс материалдары, көлік түрлері, көрсетілінген кестені интербелсенді тақтаға фличат арқылы толтырды. «Мал шаруашылығы, Құрылыс басында» тақырыптарында дайын семантикалық кестені балалар флипчарты пайдаланып жұмыстанды. Флипчартпен жұмыстарда балалар интерактивті тақтаның қаламын қолдану арқылы, АКТ-ны қолдануға деген қызығушылығының одан сайын артқан байқадым. (№4дәлел) Бұл жұмысты істеуде Назерке қолын көтеріп өзі сұрана шығып орындады. Тапсырманы өте жақсы орындаған Ернар мен Алина болатын. Сонымен қатар Activ Studioданың тағы бір артықшылығы сабаққа қажетті деректерді, әр түрлі тапсырмаларды сол арада кіріктіріп, қажет емес болған жағдайда кетіргішін қолданып сүртіп тастауға болатын мүмкіндігі бар. Оқушылардың пәнге АКТ пайдалану қызығушылығын ояндырды. «Мал шаруашылығы» тақырыбын меңгертуде Activ Studio бағдарламасының тағы бір тапсырмасы жабынды (шторка) қолдану онын суреттерді пайдаланып шығару бұл сабақтың тұсау кесер кезеңінде қолданным.т.б. Суретті шторкамен жауып тасалап қойып, оқушы дұрыс жауап берген жағдайда бүкіл сыныптың назарын аудару арқылы орындауға болады. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың тағы бір мүмкіндігі бастауыш сыныптағы сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру кезінде интернеттен дайын музыка алынып, сергіту сәттерінде қолданным оларды әрбір төрт сабақта да пайдаланып отырдым (.№5 дәлел). Оқуда балалар сонымен мектептегі тәжірбиеде интарбелсен тақтаны пайалану арқылы,жаңа сабақта суреттер көрсетіп сұрақтар қойып оған жауап беріп, өз ойларын айтуға көмектесті. Компьютер арқылы дайындалып алып келген ресурстарды сабақтарда пайдаландырдым. «Зауытта» тақырыбының тұсау кесер бөлімінде презентация арқылы слайд көрсетіп, «автомабильді қайда жасап шығарады?» деген сұраққа, зауытта деп жауап береді, осылай сабақ тақырыбы ашылады. Осы сабақта оқушыларға өздерінің ұялы телефондарынын диктафонына автомабиль туралы жұмбақ, 4 жол өлең жазып айтуға бердім. Бұл тапсырманы ұя телефоны бар оқушылар соның ішінде Ақылбек, Зере жұмбақ, сол сияқты Дильназ төрт жол өлең жазған, балалар осылай орындап келді. Тапсырманы тек телефоны жоқ оқушылар ғана орындамай келген. Тіпті кейбіреулері аға,апаларының телефондарына жазып тапсырманы орындап келген. Ернар, Арсен, т.б. Оқушыларға,бұл тапсырманы ынта, жігермен, үлкен жауапкершілікпен орындаған. Олардың ойлауын, есте сақтауына көп септігін тигізеді. Оқушылардың байланыс құралы ретінде пайдаланып жүрген ұялы телефондарының диктафонына алынған жұмбақтары, өлеңдері жазып алып, сыныптағы компьютердің колонкасына штыкер арқылы жалғап дауысын қосу арқылы бүкіл сынып оқушыларына тыңдатуға болады. «Құрылыс басында» тақырыбында да тұсаукесер бөлімі жұмбақ шешуін көтергіш кран, экскаватор, интербелсенді тақтадан слайдпен балалардың айтқан жауабын сурет арқылы көрсетіп жаңа сабақ тақырыбы ашылады. (№6 дәлел ) Әсіресе бұл сабақтарға топта Назерке мен Арсен, Алмас қол көтеріп жауап беріп сол жауаптың суретін интербелсенді тақтадан көргеніне қуана қызығып отырды. Исламның сабақ тақырыбын қойылған сұрақ арқылы тауып оның жауабын ашып, оны зауыттың суретін интербелсенді тақтадан көргенде айтылған сұрақтың жауабының дұрыс екеніне суретті көріп, қуанды. Сондай «Фабрика» тақырыбының тұсаукесерінде сұрақтарға жауап беріп киімді қайда тігеді? (№5дәлел) Сұрағына фабрикада оның суретін, оқушылар Алина, Динара, Аманбек,фабрика деп фабриканың басқа да түрлерінің бар екенің айта кетті. Фабрика тігіп қана қоймайды, онда жіп те, матада шығатыны слайдта көрсетілген соң бұған балалардың көздері анық жетеді. Сабақтарымның әр бөлімінде АКТ мүмкіндігін пайдалануға тырысты. Өйткені бұл технологияның ерекшелігі сол бастауыш сынып оқушыларына сабақта өте пайдалы, қызықты болды. Сабақтың әр бөлімде өз мүмкіндігімше пайдаланып АКТ модульін қолданным. Сандық технoлогиялардың тағы бір мүмкіндігі – бұл элетрондық пошта. Осы курсқа дейін өз басым бұндай технологиямен жұмыс жасап көрген жоқ едім. АКТ құзіреттілігі бастауыш сынып оқушылар көп білмегендіктен сабақтарда көрініп тұрды. Себебі олардың жас ерекшеліктеріне байланысты меңгереді. Интернетті пайдалану кезінде мұғалімдер ақпараттық қауіпсіздікті оқушыларға хабардар жасап отыруға тиіспіз. Шын мәнінде тыйым салынған деректерді он-лайн режимде көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жас өспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекен жайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті. Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің атын, телефонының нөмірін немесе мекен-жайын толық жазбауы тиіс (Мұғалімге арналған нұсқаулық 69 бет ).Ол үшін оқушыларға интернеттен материал іздеген кезде аса сақ болу керек екенін, өзі туралы ақпаратты жазбау қажет екенін үнемі ескертіп отырамын. Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету Сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Кіші жастағы оқушылар ұялы телефондарды пайдалануы қалай болар екен деген ойға қалдым. Олар телефанды пайдаланып әлеуметтік желілерге де кіретінін білдім бірақ екі-үш балада екен. Ұялы телефон ұстап жүрген оқушының қалай білетінін білдім, оларға қызықтырып осы ақпараттақ технологияны күнде–күн сабақ бөлімдеріне пайдаланып үйрету керек. Сонда ұялы телефонға әлеуметтік желілерге кіретін құралы ретінде қарамай, сабақта балаға ерік берсе, өзіміздің ойымызға кірмейтін жаңалықтар ашып бере алатын болады. Оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ойы қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Қорыта келе пәндік білімді ақпараттық технологиямен ықпалдастыру арқылы уақыт үнемдеуге, көрнекілік ретінде қолдануға, ғаламтор көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтер алуда тиімділігі көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |