ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасының дамуы .
Орындаған: Оразбаева. С
Тобы: К-102 15
Қабылдаған: Нурсейтова.Л
Шымкент – 2019 жыл
Жоспары:
1 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы .
2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқындағы қиындықтар.
1.Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:— баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады; — әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады; — отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі. Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина «Жас ерекшелігі психологиясында» былай деп келтірілген: «Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері «бестік» баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін». Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: «мотив-іс-әрекет», «мақсат-әрекет», «меңгерілетін іс-әрекет-операция».Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден «сен мүлдем тырыспайсың?» деген сөз естиді. Бірақ ол «тырысу» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.Бұл жерде біз Л:С:Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсіреміз: ―Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол ―ішкі деп аталады, адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады. Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының расындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.Г.А. Цукерманның айтуынша: ―Егер мұғалім баланы, оқуға үйреткісі келсе, ол оларға тек ғана білім беріп қоймай, шеберлік пен дағды да қалыптастыру керекҚазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері: 1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау. 2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау. 3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: ―қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ған жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.К.Д.Ушинский: «…ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бүл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс» , — деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Ол даму оқушының танымдық әрекеті арқылы жүреді, яғни, оқушы өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Педагогикалық — психологиялық әдебиеттерде білімнің рөлі, білімнің сенімге айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті шарттар ретінде беріледі. Бұл мәселе педагог-психологтар Н.Ф.Талызина, В.В. Давыдов, П.Я.Галперин, Ю.К.Бабанский, А.В.Усова, Д.Б.Эльконин, Л.Е.Шубина, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьевеңбектерінде қарастырылған.И.П.Подласый, 6 жастан бастап 12 жасаралығы танымдық әрекетті қалыптастыруға және дамытуға өте қолайлы кез деп есептейді.Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше, бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды. Дамудың өзі денелердің кеңестікпен уақытта жай өзгеруі ғана емес, ол өзінің үдемелілігімен, төменнен жоғарғыға, азырақ ұйымдасқаннан неғұрлым үйымдасқанға, қарапайымнан күрделіге ауысымен көзге түсетін жаңадан кері айналмайтын үрдіс. Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалыптастырады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамсыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С.Выготский дамудың өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда оқушы мүғалімнің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе,іргелі дамуда оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.Бастауыш саты — оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға: 1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет; 2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет; 3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы; 4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс. Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі — оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан мүғалімнің міндеті бастауыш сынып оқушысына оқу жұмысының неғүрлым жетілген әдістерімен мұғалімді тыңдай білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-мағына есте сақтау, оқылған нәрсені есте қалдыру, жатқа білу, есептерді талдап, шешу, дәптердегі оқу материалына ынта қою, тағы осылар сияқты әдістерімен қаруландыру керек.Танымдық әрекетті қалыптастыруда баланың биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. С.Г.Хорошавина мидың үлкен жарты шарларының функцияналдық асеметриясын ескере отырып, адамда жарты шардың біреуі жұмыс жасайды, сондықтан біреулер дәл ғылымға, келесілері бейнелік ойлауға икемді келеді деген пікірді айтады. З.И.Калмыкова адамдарды мидың сол жақ жарты шары дамыған, оң жақ жарты шары дамыған, екі жарты бірдей дамыған деп бөліп қарайды.Медицина, биология, психологияда және басқа ғылымдарда адам миының сол жарты жары доминантты балалар ақпаратты бір мәнді логиканың заңдарына сәйкес үздіксіз, вербальды түрде, жалқыдан жалпыға көшу ұстанымына сәйкес қабылдайды, ал оң жақ жарты жары доминантты балаларды ақпаратты көп мәнді логиканың заңдарына сәйкес жалпыдан жалқыға көшу ұстанымы бойынша дискретті қабылдайды.Бұдан, мидың оң жақ жарты жары доминантты балалар ақпаратты қабылдау кезеңінде оқу үрдісімен тұйықталады, ал екінші топтағы балаларға оқу үрдісіне негізделіп құрылады. Сондықтан бірінші топтағы балалар мектепте оқу жылдарында оқулықтағы материалдың берілу стилі мен мұғалімнің түсіндіру логикасына сүйенуіне тура келеді. Бұдан дидактогендік тұрғыдағы проблема туады: балалардың мектептегі дискомфортты олардың физикалық және психикалық денсаулықтарының төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен, білім мазмұны мен оқыту жағдайының бала генотипі ерекшеліктеріне сәйкес келуіне қамтамасыз ету оқу ақпаратын қабылдау сипаттамасын анықтайды, оқыту тиімділігін күшейтудің қажетті жағдайы, жалпыға арналған мектептердегі валеологиялық параметрлердің жақсаруы болып табылады. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.Бастауыш мектептің алдында үнемі оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.Бастауыш білім алу үрдісінде оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, арифметикалық есептер шығаруға бауланады, оларға табиғат жөнінде кейбір түсініктер беріледі. Оқу барысында балалардың көркем өнерге деген ынтасы, өнерге деген ықылысы, сүйіспеншілігі артады, шығармашылық қабілеті, музыкалық сезімі, эстетиканы (көркемдікті) сезіне білу қабілеті дамиды. Баланың ғылыми мәліметтерді ұғып алуға ынталануы, ойлану операцияларын игеруі оның ойлау қабілетінің басты ерекшеліктеріне айналады да, ол қажетті білімдерді меңгере бастайды. Бастауыш білім алу үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады.Жоғарыдағы педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінен бастауыш мектеп жасында бала зейінінің дамуы, ұшқыр да, шапшаң қабылдау, ашық ойлау, есте сақтау жолымен оқу-танымдық әрекетті қалыптастыру қажетті және маңызды екенін байқауға болады. Бұл жерде бірдей жастағы балалардың жалпы ортақ қасиеттері туралы айтылғанмен, оның өзі оқушыны сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас арқылы сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден шығады. Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Қез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның кептеген психикалық қасиеттерінін негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондыктан ғалымдардың ерекше назары казір бастауыш класс оқушыларын дамытудыц резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақты-лығы да осыдан, бул дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын жихаздар көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі осыдан. Бастауыш сынып окушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда олар-ға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырак соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он — он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс балаларына, әсіресе I-II сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалык жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды. Бастауыш сынып окушыларының жүрек бұлшык еттері шап-шаң өседі және ол қанмен жаксы камтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің үлкендігі аркасында ми жеткілікті кан алады, бұл оның жұмыска кабілѐтт-і болуының маңызды шарты болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлык-тай артады. Әсіресе, маңдай беліктері еспелі олар адамның пси-хикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын калыптастыруда үлкен роль атқарады.Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу (ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасьша дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым елеулі бола-ды. Алайда козуға бейім болу әлі де аса күшті; бастауыш класс оқушыларыньщ қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан. Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына кажетті сыртқы шарттар. Сонымен катар жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп талаптарына сай болады. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс окушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі салыстырмалы түрде түрақтана-ды жүгйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі — мектеп өмірінің бастамасы — баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғаңдықтан ерекше манызды.
2.Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды тұлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жұмыстардың әдіс - тәсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық - тан оқушыларға арналған күнделік жүргізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылу керек. Ол әрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныстыруға болады.
Әр оқушының мінез-құлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.
Оқушылардың мінез - құлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата - аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы ұсындық.
Гистограмманың мақсаты: мұғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез - құлқындағы ерекшеліктерді анықтау.
Жеткіншек жастағы балалардың арасында суицидтік проблеманың туындауы, мектеп жасындағы оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерімен байланыстырады. Көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша жеткіншектердің отбасында дұрыс тәрбие алмауы, ата - анасының мейірімін көрмеген, отбасындағы шиеленіскен жағдайлар салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:
- Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы, жеткіншек жастағы
баланың өз қатарынан кем қалуы;
- Баланың рухани дамуына ата - ананың немқұрайлы қарауы, баланың жан дүниесін түсінбеуі, баланың ата - ана тарапынан өте қатты қысым көруі;
- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етіп, бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінуі.
- Шектен тыс қамқорлық, баланың әр қылығын қанағаттандыру, жеткіншектің қыңыр болып өсуі.
- Жеткіншек жастағы балалардың бір - біріне қысым көрсетуі;
Жеткіншек жас сыныптарында кез - келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.
1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау-дамайға түсетін оқушылар.
2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым - қатынасы ұнатпайды.
Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.
Психолог Н. Д. Левитов ұсынған оқушының мінез - құлқының бар ерекшелігі — шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:
1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?
2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?
3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?
4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты дәрежеде ұстайды?
5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?
6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай ұстай біледі?
7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.
Мінез - құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.
Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Рысбекова А. «Танымдық қабілетті арттыру шрттары », «Қазақстан мектебі» журналы №7-2010ж, 38-39 беттер. 2.Ильясов С. «Танымдық белсенділікті дамыту – өзекті мәселе», «Қазақстан мектебі» журналы №2-2011 ж, 66-67 беттер. Ергалиева Л. Ж. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары [Текст] / Л. Ж. Ергалиева // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 23-25.
Достарыңызбен бөлісу: |