ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:«Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификациясы»
Тобы:ТОП 19-11
ОрындаҒан:Абилдаева М.С.
Тексерген:Осимбаева И.С.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік қауымдар мен олардың қатынастарының жиынтығы. Әлеуметтік құрылым - бұл әлеуметтік құрылымдағы элементтердің тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы қабаттар, әлеуметтік топтарды зерттейді. Екі компонент әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік құрам өздеріне әлеуметтік құрылымды біріктіреді. Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар ; б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай: Қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп атайды. Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезъд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады. Тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы). Тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
ІІ. Көлеміне қарай: үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады. ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: касталар; сословиелер; таптар.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.Бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды.
Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.
М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген. Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі.Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.