Тоицизм және



Дата28.04.2020
өлшемі14,35 Kb.
#65072
Байланысты:
Стоицизм және Гедонизм.Карибаев Аңсар Қт-101(қ)


Стоицизм және Гедонизм
Стоицизм (грек stoa портик, ғыймарат: Афины портигі-(Бейпелістоидің) атынан шыққан стоиктердің филос мектебі) -- Эллин мемілекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С.ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды. С.төрт кезеңен тұрады 1-кезең (б.з.б 3-2) 2-кезең (б.з.б 2-1 ғ.) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б.з 1-2 ғ.) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; (б.з -2 ғ .); -неоплатонизімнің даму кезеңі. С. философияны тұжырымдай келіп оны логикаға, физикаға, этикаға бөлді.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған – еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда, табиғатқа сәйкес өмір сүру - ол өмірдегі материалдық қундылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығылымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.

Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.

Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің “ортаңғы жолын² қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatіa-самарқаулық). Соңғы стоиктер оны даналық - София – дейді.

Гедонизм (гр. hedone – көңілділік, рахаттану) – адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын (подпочва) "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм).Гедонистік постулаттардың (жорамалдар) бастауларын көнеүнді, сол сияқты көнеқытайлық философиялық-этикалық ілімдерде кездестіруге болады. Гедонизм идеясы алғаш рет антикалық философияда – кирендік мектепте кездеседі. Осы мектептің негізін қалаушы, Сократтың шәкірті Аристипп таным теориясында сенсуализмді этикада гедонизммен үйлестірді. Ол өмірдің жоғары мақсатын рақаттылықта деп көрді, бірақ адам рақаттылықтарға бағынбауы керек, жоғары игілік құрайтын ақылды рахаттануға ұмтылуы керек.



Жалпы алғанда, әлеуметтік-философиялық және этикалық ойдың тарихы мен тәжірибеде гедонизм принципі екі жақты роль ойнады және ойнайды. Бір жағынан, ол прогрессивті функция атқарды, себебі этиканы адам өміріне ашық идеалистік, схоластикалық, мистикалық көзқарастардан босатты, реалдылы (шынайы), "жерлік" мазмұндағы моральдерді көрсетті. Екінші жағынан, белгілі амалмен эгоистік бейімділіктердің, өмірдің ойлаусыз тұтыну салттарының дамуын ынталандырды. Сондықтан гедонизм принципін адамның қоғамға және өзіне байланысты жауапкершілігімен, "ақылды қажеттіліктер", тек қана индивидуалды (жеке) емес, сол сияқты әлеуметтік этика, қазіргі заманғы моральдік мәдениеттің талаптары мен нормалары проблемасын түсінумен толықтыру алда тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет