Токанова Ботагөз Арыстанбекқызы


Дефектологияның зерттеу бағыттары



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#91302
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Байланысты:
дефектология кері байл

Дефектологияның зерттеу бағыттары.





3 .Дефектологияның принциптері
Дефектология (лат. Defectus - кемістік, грек. logos - сөз, ілім педагогикалық ғылымдарға жатады. Кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді.
Ғылым таным саласы – ретінде дефектология денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді, олар есіту қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданатын - сурдопедагогика; көру кемістіп бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика;ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу - олигофренопедагогика; тіл мүкісін зерттеу және түзету мәселесімен айналысатын -логопедия. Дефектологияның құрамына кемістіп бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.Кемістігі бар балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі түсініктерінің бірі. Кемістігі бар баланы тәрбиелеудің мақсаты мен мүдделері педагогиканың негізгі принциптерімен айқындалады: белсенді, қиғамдық пайдалы өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсаттар кемістіктің құрылымы және дәрежесіне сәйкес әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады. Комістіктің сипатына қарай оның салдарын түзеуге арнайы шарттар жасалынады.
Баланы тәрбиелеу жұмысы оның жеке басының және жас мөлшерінің ерекшеліктеріне қарай, дербестігін, өзіне-өзі қызмет ету машықтарын, мінез-құлқын, көпшілікпен өмір сүріп, еңбек ете білу қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Кемістігі бар балаларды оқыту және дамыту - бұл берудің, шеберлік, дағды, әрекет машықтарын үйретудің мақсатты процесі, өмірге еңбекке дайындаудың негізгі құралы.
Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты жүзеге асырылады. Дефектология кемістігі бар балаларға білім беру және оқытудың арнайы әдістемелік мәселелерімен айналысады.
Оқу процесінің мақсаты, мазмұны принциптері ұйымдастырылуы кемістіктің сипаты мен ауырлығына қарай әрбір арнайы оқу орнының нақты типіне сәйкестендіріліп жасалады. Осыған байланысты оқыту әдістері, көрнекі және техникалық жабдықтар таңдалып алынады, іріктеп оқытудың мәселелері шешіледі. Бұл мәселе дефектологияда ең негізгі болып табылады, Т.А.Власованың ұғымынша, айтылған ғылымның барлық бөліктерінің мақсаты – кемістігі бар балапың даму ерекшеліктерін ескере оқытып тәрбмелейтін және оның ауытқушылықтарын жеңін шығуға дәрменінше мүмкіндік жасайтын жайттарды анықтау.
Оқыту және тәрбиелеу, дамудың оңтайлы ауқымын ескере отырып, дамыту сипатында болуы керек. Дамудың оңтайлы ауқымы – кемістігі бар баланың өздігінен пайдалана алмайтын ұстаздың көмегімен жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері мен қалыптасып келе жатқан әрекеттері. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша дамудың оңтайлы ауқымы, кемістігі бар баланың кек қазіргі мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оның келешектегі психикалық дамуын да қамтиды. Оқыту дамудың оңтайлы ауқымынан нақты даму сатысына өтуге септігін тигізуі керек, яғни біртіндеп мұғалімнің жетекшілігінсіз бала өздігінен әрекетке көшуі керек. Бұл оқыту мен дамудың арасындағы ішкі байланысты құрайды. Қалыптасып келе жатқан психикалық қызметтерге сүйене отырып, дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамуға әкеліп тіреледі.
Коррекция (лат. Carrectio - түзету) балалардың психикалық дене кемістіктерін түзетуге немесе азайтуға бағытталған педагогикалық шаралардын жүйесі. Коррекция түсінігіне жеке қеместіктерді түзету мен қатар (мысалы, қөру және тіл мүкісін жөндеу) кемістігі бар баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту барысында қажетті нәтижеге жету мақсатындағы түнкілікті әсер ету де енеді. Баланың танымдық әрекетіндегі және денесіндегі даму кемшіліктерін жою мен түзету «коррекциялық тәрбиелеу жұмысы» ұғымына белгіленеді.
Балаларға жалпы білім беру және еңбек машықтарын қалыптастыру барысында негізгі және қосымша сабақтардың барлық формасы мен түрлері коррекциялық-тәрбиелік мақсатқа бағындырылған.
Компенсация (лат. Comensatio – қалпына келтіру, теңестіру) – организмнің дамымай қалған немесе бұзылған қызметтерін ауыстыру немесе қайта құру. Бұл туа біткен немесе кейіннен пайда болған кемістіктерге организмнің бейімделгіштігіне байланысты құрделі де алуан процесс.
Көрмейтін болып туылған баланың көру талдауыштарының қызметін қалпына келтіру, көбінесе, түсінушілікті арттыру арқылы, яғни терінің сезіну жүйесі мен кинестатикалық талдауыштарды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Компенсация (қалпына келтіру) процесі жоғарғы нерв жүйесі қызметінің едәуір қосымша мүмкіншіліктеріне сүйенеді. Бұл процесс организмнің қайсыбір қызметін жоғалтып алған жануарларға да тән. Бұл организмнің биологиялық бейімделгіштігінің белгісі.
Баланың жан-жақты дамуы компенсация процесінің шарықтау шыңы. Алайда кемістіктің кейбір формалары үшін компенсацияның (калпына келудің) шеңбері шектеулі. Ақыл дамуының терең кемістектері кезінде кемшіліктерді ішінара ғана түзетуге болады, әйткені ақыл-естің терең формадағы кемшіліктері жоғарғы техникалық процестердің дамуына келтіреді. Бірақ бұндай жағдайды ақыл-есі кем балалардың дамуы түпкілікті шектеліп қалады деп түсінбеу керек.
Кемістігі бар балалардағы қалпына келу прөцестерінің өтуі әр түрлі жағдайларға байланысты. Келесі жағдайлар олардың дамуы үшін қолайлы болып табылады:
а) арнайы мекемелер тарабын құруды қарастыратын оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру, оқу процесін коррекциялық-тәрбиелеу жұмысының арнайы әдістер пайдаланатындай етіп құру;
б) оқу мен еңбекті балалардың дене және ақыл қабілеттері қалыптастыруда негізгі құрал ретінде біріктіре пайдалану принципті.
в) балалар ұжымыңда, сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар арасындағы дұрыс қарым-қатынастар;
г) оқу жұмысы мен балалардың демалыс кестесін артық салма түспейтіндей етіп дұрыс ұйымдастыру;
д) олардың белсенділігін, еркіндігін көтеретін оқытудын әр түрлі әдістерін алмастырып отыру;
е) балалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін арнайы жабдықтар мен оқу құралдар жүйесін, түрлі техникалык құралдарды кеңінен пайдалану;
Кемістігі бар балалардың әр түрлі топтарының ерекшеліктері ескере, сонымен қатар әр баланың ерекшеліктеріне тірек қоқұрастырылған коррекциялық-тәрбиелік жұмыс қалпына келтірудін түзетудін және функциялардың қызметін орнына келтіруді маңызды шарты болып табылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет