Төлеген Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі Карибаева Света Нұршатайқызы Тақырыбы: Қазақ сөз өнерінің наркескені Шерхан Мұртаза 85 жыл


Мұхтар Құл-Мұхамед, Мемлекеттік хатшы



бет2/2
Дата26.06.2018
өлшемі0,64 Mb.
#44525
1   2

Мұхтар Құл-Мұхамед, Мемлекеттік хатшы:

- Осыдан бір-екі жыл бұрын дәл осы сахнада Шерағаның ардақты ағасы, ұлағатты ұстазы, қазақтың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының тойын тойлаған едік. Ал бүгін міне, сол Бауыржанның өмірдегі, өнердегі жалғасы, қазақтың қаһарман жазушысы, халық жазушысы Шерхан Мұртаза ағамыздың тойына жиылдық. Той құтты болсын.



 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының фракция мүшесі:

-  Шерхан Мұртаза туралы көп дүние айтылып жатыр. Бұл мадақтау емес. Бұл соны саналы түрде бағалай білу. Мен айтар едім, Шерхан Мұртаза қазақтың сөзінің беделін көтерген адам. Шерхан қай жерде жұмыс істесе де, игілік, әділдік тұрғысынан келеді. Көптеген көркем сөз шеберлерінің өзі «Шерханның шекпенінен шықтық» деп мақтана айтады. Бұл үлкен тұлғалық. Сондықтан да өтіп жатқан тойымыз халықтың үлкен рухани мерекесі деп айтуға болады.





Жұмабай Шаштайұлы, жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:

-   Шерхан Мұртаза – қазақ руханиятындағы өте тұлғалы есім. Уақыт өтіп, тарих ұмытыла бастағанда көп адамдар ұмытылады. Себебі жазылған дүниенің уақыты өтеді, ескіреді. Кешегі конференцияда Әбіш Кекілбаев тауып айтты: «Қазақ тәуелсіздігін дайындаудағы ең үлкен рөлін атқарған адам Шерхан Мұртаза» деді. Уақыт тозаңына сіңіп кететін шығармалар да болуы мүмкін ғой, бірақ дәл Шерағаның әңгімелерінде Шукшиндік шешімдер бар. Шукшинге ғана тән қырлары бар. Шераға шығармашылығының ұлттық колориті де керемет. Меніңше, бұл кісі әңгіме жанрында көгінен ешқашан жұлдыз болып түспейтін сияқты.



Азаматтығына келер болсақ, жалпы Шераға Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлылардың мектебінен шыққан. Сондай батырлық, ерлік қасиеттер дарыған адам. Қазақ қарияларының ұстанымы дәл осы Шерхан ағамызда бар. Жалпы әліге дейін ағамыз жазушылық миссиясын жақсы атқарып келеді.



Бесбай Қансейітұлы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары:

-   Шерағаңа деген құрметіміз ерекше. Кешегі сахналық қойылым да, мұражайдың ашылуы да, тойда жасалған іс-шараның барлығы да ол кісіге деген ілтипат-ниетіміздің барында. Тойдан кейін де ұлттық ат ойындары жалғасын табатын болады. Тойға жалпы төрт мыңдай адам шақырылған. Бірақ көріп отырғанымыздай, одан да көп қонақтарымыз бар. Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхамед және басқа облыстар басшылығы ат басын тіреп отыр. Бұл біз үшін мақтаныш.



Сөйтіп, Шерағаның тойын да өткердік. Қазақ өркениетінің белгісіндей болған бұл тойдан рухани азық алып, санамызда естелік қазығын қағып көлікке отырдық. Жолға шыққанда Әулиеата жерінің аңызға тұрарлық табиғатына көз салуымыз да бекер емес екен. Алатаудың шыңында ғана күлгін қызыл нұр тұрғандай болды. Бәлкім тойды өткізген соң, Абайшалап өз-өзіне есеп беріп отырған Шерағамның көзі де сол шыңға түсіп отырды ма екен?.. Кім білсін...



WhatsappҚортынды сөз.

Мұғалім: «Зергер сөздің шебері жазушы Шерхан Мұртаза, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі.



Шерхан Мұртаза өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармалармен танылады» -дей отырып бүгінгі оқырмандар конференциясына қатысып өздерінің ой-шеберліктерімен бөліскен қатысушыларға алғыс айта отырып аяқтаймыз.

Начало формы

Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет