Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұлтаралық қақтығыстардың жалғасуы, ұлттық экстремизмнің өсуі және т.б., сонымен қатар әлеуметтік зорлықтың әртүрлі жағдайларында жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың толерантты мінез-құлқын азаматтық келісім өлшемдерінің негізі ретінде әлеуметтік практикаға енгізу қажеттілігі сияқты ортаның cұранысы ескерілуі қажет.
Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.