Байланысты: Жүйке жүйесі тақырыбы бойынша бақылаьу сұрақтар
Шеткі жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларында орталық жүйке жүйесінен тыс орналасқан жүйкелер жиынтығы.
Шеткі нерв жүйесі миды, жұлынды дене органдары, тканьдерімен байланыстырады. Адам мен омыртқалы жануарлардың( бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер) миынан 12 жұп нерв шығады. Бұлар;1 иіс сезу,2 көру,3 көз қозғағыш, 4 блокты, 5 үш тармақты, 6 ортадан тепкіш, 7 бет, 8 есіту, тіл-жұтқыншақ,10 кезеген, 11 қосымша, 12 тіл асты нервтер. Балықтар мен қос мекенділерде тек алғашқы 10 жұп қана нервтер болады. Адам жұлынынан 31 жұп нерв шығады. Бұлардың әр жұбы дененің белгілі бір бөлеміндегі эффекторолар мен рецепторларға барады, сондықтан олардың 8 жұбы мойын, 12-сі кеуде, бесеуі бел, бесеуі сегізкөз, біреуі құйымшақ нервтері деп аталады. Бұл нервтер жұлыннан екі түбір түрінде шығады. Бұдан кейін бұл екі түбір бірігіп, жалпы, аралас баған құрады. Жақын орналасқан бірнеше нервтер нерв талшықтары арқылы өзара байланысып, нерв шумағын түзеді. Мұндай торлардың басты 3 түрі бар. Олар- мойын, иық және бел-егізкөз торлары.
5.