«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Нанокомпозициялық ұнтақтардың механохимиялық синтезі



бет49/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
3.1.3 . Нанокомпозициялық ұнтақтардың механохимиялық синтезі

Механохимияның негізгі ережелері мен механохимиялық өндеу тәсілдері

Механохимиялық синтез дегенiмiз сұйықтар мен қатты денелерде кез келген механикалық әсер ету кезінде жүретін және заттарды құрылымдық және фазалық өзгерістерге ұшырататын, жана химиялық қосылыстар мен композициялар түзетін физикалық - химиялық үдерістер жиынтығы. Механохимиялық үдерістер кәдiмгi кристалл құрылымдардың түзiлуi қиындаған кезде салыстырмалы төмен температурада жүзеге асады, бұл заттардың нанокристалды және аморфты жағдайда тузiлуiне әкеледі .

Бұл жағдайда механикалық активация мен механикалық синтезге (немесе құймаға) әкелетін үдерістерді қарастырады. Егер механикалық әсер ету кезінде жаңа бет қабатының құрылуы, кристалдардың әртүрлі ақауларының жинақталуы мен қатты заттардың аморфтенуі орын алса, онда активация туралы айтуға тура келеді, өйткені жоғарыда көрсетілген барлық кұрылымдық езгерiстер күштiң кристалдарда жинақталуына әкеледі және келесі химиялық айналудың активация күшін азайтуға қабілетті. Алайда, егер механикалық әсер етумен бiр мезгiлде құрауыштар арасында химиялық әсер ету жүрер болса, онда синтездену туралы айтуға тура келеді. Бұл екі түсінік төмендегі турде де түсiндiрiледi: егер механикалық әсер ету мен кернеу өрісінің уакыты, сонымен қатар оның релаксация уакыты химиялық реакция уакытынан көп болса, онда жаңа қосылыстардың химиялық синтезіне әкелетiн механохимиялық үдерістер туралы айтуға тура келеді. Механикалық әсер ету уақыты (кернеу өрісінің уакытының түзілуі) химиялық реакция жылдамдығынан аз болған жағдайда, бұл екi үдерiс уакыт бойынша бөлінген және бұл механикалық активацияға жатады. Бұл екi жағдайда механикалық - химиялық өңдеуге жатады.

Механикалық - химиялық өңдеуді затты уату кезiнде соққы мен ысылу эффектісі жүзеге асатын жоғары қуатты диірмендерде ( планетарлы , дiрiлдiк және т.б. ) жүргізеді. Қандай да болсын ұсату қондырғысын ( немесе басқаша айтқанда - механикалык реакторды ) қолдану онда механикалық әсер етудiң ерекшелiгi ретiнде ғана емес, сонымен бiрге ұнтақ материалдарды уату мен синтездеудiң нақты мiндеттерiн шешу болып анықталады. Егер дірілдік диірмендердегі негiзгi әсер ету бұл соққы болса, онда планетарлы диірмендерде өңделетін материал соққыға да, ысылуға да ұшырайды, яғни жылжымалы. Материалдағы құрылымдық өзгерістер қондырғының энергетикалық сипаттамасына (уату ыдысы мен платформасының айналу жылдамдығына ), уату ыдысының көлеміне және оның ұнтақпен, шарлармен толу дәрежесіне байланысты, 3.2 - сурет .







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет