7.11. Жаңа типті гибридті нанобөлшектер жасалды.
Иерусалимдегі Еврей университеті мен Юлих қаласындағы (Германия) зерттеу орталығының қызметкерлері жартылай өткізгіш материал мен металдардан күрделі пішінді нанобөлшектер жасады (7.10-сурет)
Әдеттегі композитті нанобөлшектер кұрылысы бойынша жұмыртқаға немесе сіріңкеге ұқсас келеді. Мыс және рутений сульфидінің негізінде алынған жаңа бөлшектер олардан ерекше болады: зерттеушілер -электронды микроскоп аркылы наноқұрылымдардың үш өлшемді бейнесін алып, сульфидтің гексогональді кристалдары металды рутенийлі қаңқаға енгізілгенін анықтады.
Мұндай «наножасушалар» диаметрі 20 нм-ден кем. Олардың әдеттегі екі өлшемді проекциялары алты бұрышты жұлдыз пішініне ие.
Жеке тәжірибелер сериясында ерекше пішінді нанобөлшектер сутегі асқын тотығын аз концентрацияда анықтау үшін келетінін көрсетті; металды «жиектемесіз» мыс сульфидінің кристалдарының бұл мәселені шешуге шамасы жетпейді. Сутегі асқын тотығын тіркеу - глюкоза детекторын құрастыру жолындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар, ғалымдар нанобөлшектерді катализаторлар ретінде қолданудың мүмкіндігін қарастыруда. Авторлар «наножасушалар» негізі ретінде басқа да жартылай өткізгіш материалдар бола алаты- нын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |