7-ТАРАУ
қосымша материалдар
7.1. Химиялық наносенсорлар
Жаңа «Наноматериал» құтқарушылар жұмысын қауіпсіздендіреді. Жаңа сенсор төтенше жағдайлар аймағында жұмыс жасайтын құтқарушыларды ұлы буларды жұтудан қорғайтын газқағарлардың көміртекті сүзгісінің қауіпті қанығуынан сақтайды.
Колифорния Университетінің (Сан-Диего) бір топ зерттеушілері көміртектен наноқұрылымдар алып, бұл наноөлшемді объектілердің ұшқыш органикалық қосылыстарды аныктайтын микросенсорларды жасауға қолданылатынын көрсетті.
Техногенді апат орнына бірінші болып жететін құтқарушы қызметкер улы булар құрамы туралы ақпаратқа ие болмауы мүмкін. Әдетте мұндай жағдайларда тыныс алу мүшелерін қорғау үшін сүзгіш газқағарлар қолданылады. Оның жұмысы потенциалды қауіпті заттардың белсендірілген көмірден жасалған фильтр көмегімен адсорб циялануына негізделген.
7.1-сурет. Оптикалық талшықтар ұштарына орналасқан фотонды кристалдар негізіндегі кеуекті микросенсорлар, қауіпті органикалық заттар буларын анықтау үшін қолданылуы мүмкін (Advanced Materials, 2011; 23(15): 1688)
Бірақ көмірлі фильтрлердің критикалық қанығу деңгейіне жеткенде қауіпті химиялық заттар фильтрлеуші қорап арқылы өте бастайды. Мұндай жағдайда газқағарлар пайдадан гөрі зиян келтіреді. Газқағар фильтрінің уақытының бітуін анықтайтын қарапайым әдістер жоқ. Сондықтан газқағарды фильтрлеуші қорапты ауыстырусыз қию уақытын құткару жұмыстарының нұсқаулары мен азаматтық қорғаныс нормативтерімен анықталады. Зерттеу жетекшісі, профессор Майкл Сейлор оның тобында өңделіп шығарылған сенсорлар газқағар фильтріндегі белсендірілген көмірдің қанығу дәрежесін дәл анықтау үшін колдануға болатынын атап көрсетті. Наноталшықтардың химиялық қасиеттері газқағарда қолданылатын белсендірілген көмір қасиеттеріне ұқсас болғандықтан, бұл материалдардың органикалық қосылыстарға қатысты сорбциялық қабілеті де ұқсас келеді.
Сейлор тобының зерттеушілері көміртек наноталшықтарын белгілі бір толқын ұзындығы бар жарықты шағылдыратын ұйымдастырылған құрылымдарға фотонды кристалдарға орналастырды (7.1-сурет). Нәтижесінде алынған сенсорлар кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылады. Фотонды кристалл түсі көміртектің токсиндерімен қанығуы кезінде өзгереді және ол фильтрдің токсиндермен қанығуының дәрежесін взуалды бақылауға мүмкіндік береді. Жаңа сенсорлар аз мөлшерімен және жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді. Бұл тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын өндірушілерінің мойындауынша, оларды газкағарлар мен респераторлар интеграциясы үшін қолданылуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |