Топырақтану



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
  Дәріс сұрақтары:

  

10.1 Қара қоңыр топырақтар, қҧрылысы және қасиеттері 



10.2 Қҧба (боз) топырақтар, қҧрылысы және қасиеттері 

10.3  Қоңыр  (бурые),  сҧршыл-қоңыр  (серо-бурые  пустынные) 

топырақтар, қҧрылысы және қасиеттері  

10.4 Тақырлар 

10.5  Қуаң  дала,  шӛлді  және  шӛлейт  аймақтары  топырақтарының 

қҧнарлылығын арттыру шаралары 

 

10.1  Қара-қоңыр  топырақтар  қуаң  даланың  аймақтық  топырақтары 

болып саналады және шайылмалы емес су режимі бар жерлерде таралған.  Ол 

ТМД жерінің 5% (107 млн. га) жақын алабын алып жатыр.  

Табиғи-әкімшілік  тҧрғысынан  қара-қоңыр  топырақтар  Молдавия  мен 

Украина оңтҥстігін, Қара және Азов теңіздері жағалауын, Кавказдың шығыс 

беткейін,  Еділ  ӛзені  ағысының  орталық  және  тӛменгі  бойын  алып  жатыр; 

одан  әрі  Қазақстан  Республикасы  жері,  Батыс  Сібір  оңтҥстік  бӛлігін 

(Қҧлынды  бойы),  Орталық  Сібір  мен  Байкалдың  арғы  бетіндегі  кеңістікті 

қамтиды. 

Қазақстан  жер  аумағының  33,2%  қамтиды.  Батыс  Қазақстан,  Ақтӛбе, 

Павлодар,  Қарағанды,  облыстарының  кӛп  жерін,  Қостанай,  Ақмола, Шығыс 

Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.   

Қара-қоңыр  топырақтар  қалыптасуы  ҧзақ,  қҧрғақ  жылы  жазда  және 

суық, жҧқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында ӛтеді. 

Аймақтың басым бӛлігі жазық және ойлы-қырлы қҧрылық, оның бедері 

кӛлемді, ал тҧрпаты ойлы-қырлы келеді. 

Топырақ негізінен лӛс (лесс) тҥрлі карбонатты қҧмбалшықтар мен аздап 

лӛсте қалыптасады. 

Сонымен  қатар,  басқа  аналық  тау  жыныстарда  (негізгілері  кварцты, 

қарбонаттар,  глауконитті  қҧм,  қҧмайт,  палеотекті  тҧзды  қҧмбалшық  пен 

балшық, қҧмтастар, әктер мен мергелдердің ҥгіндісі) кездеседі. 



 

61 


Сарыарқа 

тӛңірегінде 

аналық 

тау 


жыныстары 

элювиальды-

пролювиальды  шеміршекті  тастақ,  қҧмбалшық  пен  қҧмайт,  ал  Ертіс  ӛңірі 

жазықтығында кӛне дәуірдің қҧмы, қҧмайтты және жеңіл қҧмбалшығы. 

Орал  тауы  қырларында  тӛрттік  дәуірдің  қоңыр  қҧмбалшықтары  мен 

балшықтары  тӛсеніш  болған,  кей  жерлерде  тҥпкі  жыныстар  ҥгіндісі-элювиі 

кездеседі. 

Батыс  Сібір  ойпатының  оңтҥстік  бӛлігіндегі  негізгі  топырақ  қҧраушы 

жыныстар – кӛне аллювий, ол теңіздік тҧзды шӛгінділермен тӛселген. 

Қазақстан  Сарыарқасында  топырақ  қҧраушы  жыныстар  әдетте  тас 

қаңқалы  қарбонатты  қҧмбалшықтар  мен  араларындла  ҥштік  тҧзды 

балшықтардан тҧрады да, топырақ жамылғысында тҥрлі алалық туғызады.        

Ӛсімдіктер ксерофитті келеді және сиретілген. Табиғи ӛсімдіктер жҥйесі 

астық тҧқымдас және шамалы мӛлшерде тараған аралас шӛптерден қҧралған 

(боз,  бетеге,  қазтабан  және  т.б.).  Баянауылдың  аласа  таулы  ӛңірінде  және 

Наурзым-Аманқарағай 

аңғарларында 

қарағайлы, 

қайыңды-қарағайлы 

ормандар кездеседі. 

 Аймақтың топырақ жамылғысы кешенді келеді, қара-қоңыр топырақтар 

мен қатар кебірлер, сортаң топырақтар кездеседі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет