жаратылыстану ғылымдары бойынша немесе басқа да ақпараттарды өз бетінше іздеу, жүйелі талдау, жинақтап қорыту және сын тұрғысынан ойлап ұғыну;
оқу зерттеуі барысында алынған эмпирикалық деректерді өңдеу;
деректерді статистикалық өңдеу;
анағұрлым маңызды нәтижелерге баса назар аудару;
деректердің дұрыстығын қосымша зерттеу тәсілдерінің көмегімен дәлелдеу;
- оқу зерттеуін, оқу жобасын (эксперимент) жүргізу: мақсаты мен міндеттерін белгілеу, зерттеу болжамын, проблемасын айқындау, атқарылатын жұмыстарды құрылымдау, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау;
- өз бетінше ғылыми эксперимент жоспарлау;
командалық жұмысқа, өзіне сәйкес әлеуметтік рөлді қабылдауға дайын болу;
командада жұмыс істеу, қарым-қатынасқа, келісімге келуге, шешім қабылдауға дайын болу;
- проблеманы шешудің балама жолдарын қалыптастыра білу, әдіснамалық ашықтық
ТҰЛҒАЛЫҚ дағдылар: -табиғат нысандарына жанашырлықпен қарау;
- табиғатқа, табиғат нысандарына құндылықтық бағдарды қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздері;
- өз ойын жеткізе білу, сөйлеу мәдениеті;
- өз жұмысының нәтижелеріне сын көзімен қарай білу;
- басқалардың жұмысының нәтижелеріне әлеуметтік төзімділік және толеранттылық;
- өзара және өзін-өзі дұрыс бағалай білу;
- жұмыс нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан қарастыру және түзетулер енгізіп жетілдіре білу;
- табиғатпен қарым-қатынас салдарларын, адамзаттың іс-әрекеті мен табиғи орта экологиясы талаптарының арақатынасын өз бетінше зерделей білу;
- табиғи ортамен қарым-қатынас тәсілдерінің келешегін болжау.
ЖҒ құзыреттіліктер: ➢ құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
➢ ғылыми-жаратылыстану зерттеуінің негізгі ерекшеліктерін түсіну;
➢ деректерді түсіндіру және қорытынды тұжырымдар жасау үшін ғылыми дәлелдемелерді пайдалану