Тапсырма 11
Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісіндегі модерацияны ұйымдастыру Қалыптастырушы бағалауды бірыңғай түсіну мақсатында мұғалімдер модерация өткізу үшін үнемі жиналып отырулары керек. Керек жағдайда әр оқу мақсатының модерация үдерісін қолдау үшін нақты пәнді бағалау бойынша дәлелдемелерді әдістемелік ұсыныстар береді. Модерация – әр мұғаліммен бағалау өткізу бойынша бірыңғай стандартты қамтамасыз ету үдерісі. Ол мұғаліммен бағаланған жұмыс үлгілері немесе іріктелген мысалдар арқылы өткізіледі. Мысалы, мұғалім бір оқу мақсаты бойынша оқушылардың 3 жұмыс үлгілерін: оқу мақсатына жеткен екі оқушының жұмысын және «талпынады» нәтижесін алған оқушы жұмысын іріктеп алуына болады. Содан кейін бұл жұмыс үлгілері басқа мұғалімдердің үлгілерімен бірыңғай стандарттың болуын шешу үшін салыстырылады. Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы бірыңғай жетістік критерийлердің қолданғанының және барлық оқушылар әділетті де нақты бағаланғанының кепілі. Модерацияны оқушының портфолиосын пайдаланып та өткізуге болады. Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы бірнеше элементтерден тұрады: • Стандарттау • Ішкі модерация – мектеп ішінде Стандарттау: Стандарттаудың мақсаты - оқушының жетістігі туралы шешім қабылданғанға дейінгі бағалау және стандарттау үдерісінде жалпы түсініктің бірдей болуын қамтамасыз ету. Стандарттау әр тоқсан басында қалыптастырушы бағалау өткенге дейін өткізілуі керек. Аға мұғаліммен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен мұғалім оқушының оқу мақсатына жетуін немесе оған жетуге талпынатынын көрсететін оқушылар үшін тапсырма материалдарының үлгілерін қарайды. Материал үлгілерін талқылау мұғалімге жетістік критерийлерін қалай қолдануға және пікірлердің әр түрлі болған жағдайында сұрақтарға жауап беру үшін негіз болады немесе оны шешуге мүмкіндік береді. Ішкі модерация: әр тоқсанда қалыпастырушы бағалау өтердің алдында ішкі модерация өткізу үшін мектеп ішінде пәндік топтарға жиналады. Ішкі модерация өткізу кезінде мұғалімдер бірлесіп, өздерінің кәсіптік пікірлерін салыстырады және келіседі. Бұл үдеріс мектеп ішінде мұғалімдермен анықталған оқу мақсаттарын бірыңғай бағалауды қамтамасыз ететін талқылауға әкелуі қажет. Қалыптастырушы бағалауды қолдануда біркелкілік кепілін қамтамасыз етуде, әр оқу мақсаты бойынша дәлел ретінде кемінде екі мұғалімнің қарауы керек және алдыңғы бағалауда болған түрлі пікірлер анықталып, жазылуы және дайындалуы қажет. Кез келген шешілмеген әр түрлі пікірлер әдістемелік бірлестіктің басшысымен тоқсан басында стандарттау үдерісінде қаралған материалдар үлгісі басшылыққа алынып шешіледі. 20 Нұсқа 4 Қаңтар 2015 ЖОБА Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өтіледі және ол оқушылардың ішкі жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылау үшін арналған. Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау мақсатында өтізеді. Модерация қорытындысы бойынша ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгерілуі мүмкін. Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы анықталған тәртіп бойынша өткізіледі. Мұғалім: 1) бағалау стандарты (критерий бойынша минималды және максималды балл, бағалауы қиындық тудыратын жұмыстар) болатын жетістік деңгейін анықтауы, осыларға сәйкес жұмыстарды іріктеуі; 2) қойылған бағалауды анықтауы, алдын-ала бекітілген критерийлерге сәйкес оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды талқылап, стандарттауы; 3) модерация қорытындысы бойынша оқушыға жиынтық жұмысына балды қаламсаппен қоюы; 4) керек болған жағдайда жиынтық бағалаудың нәтижесін жоғарлату және төмендету жағына өзгертуге болады; 6) модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы; 7) отырыс хаттамасына қол коюы қажет.
Модерация – мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында бағалаудың әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін, бір пән және сынып бойынша оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс. Стандарттарды сәйкестендіру үшін модератор қойылған балдарға өзгеріс енгізуге болатынын ұсынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер модерация процесін өткізеді. Модерацияны бағалауды стандарттау мақсатында бір пән және параллель сыныптар бойынша білім алушылардың жиынтық жұмысының нәтижелерін талқылау үшін мұғалімдер жүргізеді. Модерация процесін пән мұғалімдері бір пәннің және бір сыныптың ішінде бағаны стандарттау мақсатында жартыжылдықтың соңында және жылдық қорытынды баға қоюдың алдында өткізеді. Жиынтық бағалауды өткізу мен модерацияны өткізудің арасындағы уақыт 3 жұмыс күнінен артық болмауы тиіс. Модерация нәтиже мен білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді Модерация бойынша өткізілетін отырыста мұғалімдер балл қою кестесіне сәйкес жиынтық жұмыстарды талқылайды, қажет болған жағдайда балл қою кестесіне ұжымдық түрде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді. Модерация аяқталған соң хаттама толтырылады. Модерация қорытындысы бойынша балдарын өзгертуге жататын білім алушылардың жиынтық жұмыстары қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысқа қойылған балл жоғары балға, сондай-ақ, төмен балға да өзгертілуі мүмкін
Оқу нәтижелерін бағалаудың айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін ІЖБ модерациясы бойынша отырыс ұйымдастырылады. Онда оқушылардың қалыптастырушы бағалау кезінде пән бойынша орындаған тапсырмаларының нәтижелері талқыланады. Модерация әр тоқсанның аяғында өткізіледі. ІЖБ өткізілген соң модерация 3 күн ішінде өткізіледі. Алдын-ала модерация уақыты мен өткізу орны жоспарланады, талқылауды реттеп отыратын модерация төрағасы тағайындалады. Отырыстағы төраға рөлін әдістемелік бірлестік жетекшісі, кез-келген мұғалім немесе КБКМ координаторы атқара алады. ІЖБ өткізілген соң, мұғалім алдын-ала оқушылар жұмысын тексеріп, балдарды қарындашпен қояды. Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі: 1) бағалау стандарты (критерий бойынша ең төмен және ең жоғарғы балл, бағалауы қиындық тудыратын жұмыстар) болатын жетістік деңгейін анықтауы, осыған сәйкес жұмыстарды іріктеуі; 2) қойылған бағалауды анықтауы, алдын ала бекітілген критерийлерге сәйкес оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды талқылап стандарттауы; 3) модерация қорытындысы бойынша оқушының жиынтық жұмысына балды қаламсаппен қоюы; 4) керек болған жағдайда жиынтық бағалаудың нәтижесін жоғарылату және төмендетуі; 6) модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы; Отырыс соңында хаттамаға барлық қатысушылардың қолы қойылады. КБКМ координаторы мен мұғалім өзгертулерді тоқсанды аяқтау есебіне енгізеді.
Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясын қорытындылау
Модерациядан кейін шешімдер хаттамаға жазылып, орындалуы қажет. Шешімдер төмендегідей бола алады: Оқушылар нәтижелерін электрондық журналға толтыру. ІЖБ қорытындысы бойынша келесі сабақ жоспарларына оқушы қажеттілігіне сай өзгерістер енгізу. ІЖБ архивіне толықтырылып енгізілетін материалдарды қарастыру. Жұмыс үлгілері ПӨО-дағы орталық архивке жіберіліп, мұғалімдерге бұрын тексерілген жұмыстар бойынша қосымша үлгі ретінде қолданылады. Мұғалім орталық архивтегі материалды балл қою барысында өзіне сенімді болу үшін қолданады.