Тоқсандық
жиынтық бағалау
спецификациясы
«Қазақстан тарихы»
8-
сынып
1
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты ................................................................................. 4
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып .................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ............................................................................................ 6
7.
Модерация және балл қою ........................................................................................................... 6
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........ 7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..... 13
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ... 19
IY
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ... 25
3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «
Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып
Білу:
-
отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
-
тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
-
тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну:
-
тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін
сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
-
Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты
белгілерін;
-
Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану:
-
тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
-
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын
анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
дамуын сипаттау кезінде;
-
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді
салыстыру кезінде;
-
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің
құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.
Талдау:
-
себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды,
процестерді;
-
жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
-
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
-
Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
-
проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
-
бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
-
түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған
ақпараттарды.
4
Жинақтау:
-
жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты
белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі
ақпараттарды;
-
қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау:
-
тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы
тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
-
әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама
Тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну
XVIII ғасырдың басындағы Қазақстанның: сыртқы
және ішкі саяси жағдайын; Қазақ-жоңғар
соғыстарын; XVIII ғасырдың І жартысындағы Қазақ
хандығын; XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-
орыс қатынастарын; XVIII ғасырдағы Қазақстан
мәдениетін; XVІII ғасыр ақын-жыраулардың
шығармашылығын; отарлау және ұлт-азаттық
күресті;
Ресей
империясының
отаршылдық
саясатының: мақсаттары мен әдістерін; XIX
ғасырдың
ІІ
жартысындағы
Қазақстандағы
патшалық реформаларын; XIХ ғасыр – ХХ
ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениетін;
XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен
ғылымның дамуын.
КТБ - Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану
жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық
өзгерістерді және миграциялық процестерді
сипаттау;
патша
үкіметі
реформалары
нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді
сипаттау; Ресей империясының отарлық
саясатының себеп-салдарын анықтау; Қазақ
зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын
жіктеу; XIX ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру
мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін сипаттау.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей
дағдылары
қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға
беру; халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық
күресінің себеп-салдарын талдау; қазақ
хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид
еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын
айқындау; Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына
қосқан үлесін бағалау.
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
I
33%
33%
34%
II
25%
50%
25%
III
25%
50%
25%
IV
25%
25%
50%
Барлығы
27%
40%
33%
6.
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(
спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген
білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп
айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан жұмыстарын тоқтатып,
қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
I
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда бірнеше жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдап
алады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
7
I
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін оқу мақсаты
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсыр
ма №*
Тапсырма
түрі*
Орынд
ауға
беріле
тін
уақыт
*
Балл*
Бөлім
бойынш
а
жалпы
балл
Қазақ-жоңғар
соғыстары
7.4.1.1 Жоңғар шапқыншылы
ғының қазақ халқының
шаруашылығына
тигізген зардаптарын анықтау
Қолдану
1
1
ҚЖ
8
4
12
7.1.1.1 Жоңғар шапқыншылығы
кезіндегі демографиялық
өзгерістерді және миграциялық
процестерді түсіндіру
Білу және түсіну
1
2
ҚЖ
5
3
5
3-7
КТБ
7
5
XVIII
ғасырдағы
Қазақ
хандығы
7.3.1.2
Қазақ хандығының ішкі
саяси жағдайын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
3
8-10
ТЖ
20
13
13
Барлығы
10
-
-
40
25
25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1.
Қазақ халқының шаруашылығына жоңғар шапқыншылығының тигізген зардаптарын
жазыңыз.
Мал шаруашылығына
Егін шаруашылығына
Сауда жолдарына
Қорытынды:
[4]
2.
Берілген деректердің «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтаңыз.
№ Деректер
ақиқат
жалған
A
«
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында
қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс
аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті
B
Ш. Құдайбердіұлының дерегінде 1723-1727 жылдары
қазақ халқының 3/2-сі қырғынға ұшырады
C
Орта жүз руларының көпшілігі Сырдария өзенінен өтіп,
Самарқан қаласының төңірегіне жылжыды
[3]
3.
Жұт дегеніміз:
A.
ауа-райының қолайсыздығы
B.
ашаршылықтың орын алуы
C.
егіннің шықпай қалуы
D.
сауда-саттықтың тоқырауы
E.
суықтан малдың қырылуы
[1]
4.
Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған аймақтарды анықтаңыз.
A.
Алтай және Сарыарқа аймағы
B.
Жетісу және Ертіс аймағы
C.
Еділ мен Жайық арасы
D.
Қазақстанның солтүстік-шығысы
E.
Ертіс бойындағы қалалар
[1]
5.
Қазақ халқының басына түскен қайғы-қасіретті сипаттайтын әнді көрсетіңіз.
A. «
Дала зары»
B. «
Елім-ай»
C. «
Ел мұңы»
D.
«Қалың елім, қазағым»
E.
«Опасыз жалған»
[1]
6.
Шәкәрім Құдайбердіұлының мәліметі бойынша, жоңғар шапқыншылығынан кейін,
халықтың бір бөлігі:
A.
Жұтқа ұшырады
B.
Иранға ауып кетті
C.
Қытайға ауып кетті
D.
құлдыққа сатылды
E.
Хиуа аймағына өтіп кетті
[1]
9
7.
Қазақ халқының негізгі шаруашылығына «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
жылдарының тигізген зардабын көрсетіңіз.
A.
гүлденген қалалардың қиратылуы сауданы тоқтатты
B.
тау-кен өндірістерінде кен өндіру тоқтады
C.
суармалы егіншілік аудандарында шаруашылық күйреді
D.
сыртқы елдерге баратын сауда жолдары жұмысын тоқтатты
E.
халық шұрайлы мал жайылымдарынан айрылып, мал басы кеміді
[1]
8.
ХVIII ғасырдың ортасындағы саяси жағдайды талдаңыз.
Әбілхайырдың Ресей бодандығын қабылдауының себептері:
а)
b)
Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының салдары:
а)
b)
Осы тарихи оқиғаға қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай?
[5]
9.
Әбілқайыр ханның шешіміне қарсы тұрған, Кіші жүз ақсүйектерінің себептерін
түсіндіріңіз. Төмендегі мәтінді және өз біліміңізді қолданыңыз.
«Тевкелевтiң Ордаға келуi, қулығы күштi Әбiлқайырдың билiкке құштар ойларын
түгелдей ашып бердi. Қырғыздар (қазақтар) өздерiнiң табиғи бостандығын жоғалтып
алатыны жөнiнде ойланған кезде ашу-ызаға булықты, орталарына келген орыстарды көрiп,
кенеттен қатты толқыды. Кейбiреулерi ханның өзiне қол салып, бұлардың ешқайсысының
келiсiмiнсiз шетелдiк мемлекетпен неге келiсiм жасасқаны, оған бас иiп, бағынуға өз атынан
ғана емес, бүкiл орданың атынан уәде еткенi туралы есеп берудi талап еттi. Әбiлқайырдың
өзiнiң елшiлерiн Ресейге жөнелтерде азғана қырғыз-қайсақ жиналысын келiсiм беруге
мәжбүр еткенiн естiгеннен кейiн мұндай қарсылықтың болмай қоймайтынын күтпеу тiптi де
мүмкiн емес едi. Сол бiр қулыққа толы батылдық оның өз өмiрiне де қауiп төндiрген
болатын...»
Левшин А.И. Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының
сипаттамасы. Алматы, 1996, 181-бет.
1-
себеп:
2-
себеп:
3-
себеп:
[3]
10
10.
Абылай ханның ішкі саясатының маңыздылығына талдау жасаңыз.
Маңыздылық критерийлері:
[5]
Таң қалдырған саясаты
Есте қаларлық саясаты
Ішкі саясатының бүгінгі күндегі маңызы
Өзгеріске әкелген саясаты
Ішкі саясатын айқындайтын маңызды ісі
11
Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Жауап
Бал
л
Қосымшаақ
парат
1
Мал басы азайды;
тек жоңғар шапқыншылығы емес, 1723 ж жұт мал басының азаюына
алып келді. Халықтың үдере көшуіне байланысты жайылым
жерлерден айрылды.
1
Білім
алушының
берілген
бөлімдерге
сәйкес
жауаптары
қабылданады
Егін шаруашылығы тоқтады. Егіс алқаптары, суару арықтары
жарамсыз болды.
1
Ішкі сауда да, сыртқы сауда да тоқтады. Бұл сауда жолдары
саудагерлер үшін қауіпті аймаққа айналды.
1
Қорытынды:
Жоңғар шапқыншылығы Қазақ хандығының экономикалық дамуын
тежеді, халықты кедейлікке әкелді, басқа елдермен қарым-
қатынастар үзілді т.с.с
1
2
а. ақиқат
1
b
. ақиқат
1
c. жалған
1
3
Е
1
4
B
1
5
В
1
6
D
1
7
Е
1
8
1-
себеп: Ресей империясынан әскери қолдау табу
1
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
қабылданады
2 -
себеп: Ресеймен шекаралас болғандықтан, сауда байланыстарын
дамыту арқылы экономикалық ахуалын жақсарту
1
1 -
салдары: Кіші жүз жерлерінің тартып алына бастауы
1
2 -
салдары: әскери бекіністердің салынуы
1
Тарихи оқиғаға көзқарасы: Ресей империясының отарлау үдерісінің
бастамасы болды. Қазақ халқының кейінгі дамуына әсері зор болып,
қоғамдық өмірдің барлық салаларында Ресей империясы өз ізін
қалдырды
1
9
1-
себеп. Әбілқайырдың Кіші жүз ақсүйектерінің бір бөлігімен ғана
ақылдасып, шешімді жеке қабылдауы
1
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
қабылданады
2-
себеп. Кіші жүзге еркіндігінен айрылу қаупінің төнуі
1
3-
себеп. Ресей тарапынан қойылған шарттардың кейбір бөлімдерінің
Кіші жүз халқына тиімсіздігі (жасақ төлеу, башқұрт, қалмақ
тұтқындарын босату, әскери бекіністер салу т.б)
1
10
Абылай ханның қиын-қыстау кезеңде ақын-жырау, әншi-күйшiлер
мен дiни қайраткерлерге, өнер мен мәдениетке қамқорлық жасауы
1
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
қабылданады
Ол бiр орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. 1771 жылы ол
Түркiстан қаласында қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы болып
жарияланды
1
Ол қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулаумен
айналысуына қолдау көрсеттi. Қазақ даласындағы керуен саудасын
дамытуға күш салды
1
Сот билiгiн күшейте түстi. Өз қызметiнде белгiлi қазақ билерiнiң,
сондай-ақ атақты қазақ батырларының беделiне арқа сүйедi
1
Абылайдың iшкi саяси қызметi бiр орталықтан басқарылатын,
тәуелсiз мемлекет құруға бағытталды. Ол рубасылар мен
сұлтандардың үстемдiгiне тыйым салды.
1
Жалпы балл 25
12
II
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7
тапсырмадан тұрады.
13
II
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін оқу мақсаты
Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі
Тапсы
рма
саны*
Тапсыр
ма №*
Тапсырм
а түрі*
Орындауғ
а берілетін
уақыт*
Балл*
Бөлім
бойынша
жалпы балл
XVIII
ғасырдағы
Қазақстанның
мәдениеті
7.2.1.1 Салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың
құндылықтары мен
маңыздылығын анықтау
Қолдану
1
1
ҚЖ
6
6
6
Отарлау және
ұлт-азаттық
күрес
7.3.1.4
Патша үкіметі
реформалары нәтижесіндегі
әкімшілік-аумақтық
өзгерістерді түсіндіру
Білу және
түсіну
1
2
ҚЖ
10
6
19
3
3-5
ҚЖ
9
5
7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс
басшыларының рөліне баға
беру
Жоғары
деңгей
дағдылары
1
6
ТЖ
6
2
7.3.1.5
Халықтың
отаршылдыққа қарсы ұлт-
азаттық күресінің себеп-
салдарын анықтау
Қолдану
1
7
ТЖ
9
6
Барлығы
7
-
-
40
25
25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14
«Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлеріне сипаттама беріңіз.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлері Сипаттамасы
Қонақасы
Асар
Үлкенге құрмет, кішіге-ізет
Ерулік
Құйрық-бауыр асату
Бата беру
[6]
2.
Жарғы ережелеріне сәйкес әкімшілік буындарды жіктеп жазыңыз.
1822 жылғы "Сібір қырғыздарының
жарғысы"
1824 жылғы "Орынбор қырғыздары
жөніндегі жарғысы"
[6]
3.
1822 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.
Хан, аға сұлтан, болыс, старшын, округ
Жауап ______________, себебі______________________________________________________
[1]
4.
1824 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.
Дистанция, бөлік, Эссен, старшын, ата-аймақ
Жауап_____________, себебі_______________________________________________________
[1]
5.
Округтік приказдардың міндеттерін кестеге толтырыңыз.
Саяси салада
Экономикалық
Әлеуметтік
[3]
6.
Төмендегі дереккөздерге сүйеніп, Кенесары Қасымұлының қызметіне баға беріңіз.
Қазақ ханы ретіндегі қызметі________________________________________________ [1]
Көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі _________________________________________ [1]
А дереккөзі
«Ол барлық жағынан ерекше адам болды. Өзінің қолдаушылардан әлдеқайда жоғары тұрған ол
жеке бас даулары мен рулық қатынастардың шиеленісуін әрқашан әділ шешіп беріп отырды.
...Кенесарыдай шын мәнінде бүкіл қазақ ұлтының батыры болған басқа ешкімді де айта
алмаймыз»
Коншин Н.
15
В дереккөзі
«... Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi.
Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдаймендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және
Сойдақожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып
жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi Қытай шенеунiгiмен
және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала
алмайтынын айтты. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы
келмейтiнiн мәлiмдедi... Мұны естiгеннен кейiн Кенесары Iле өзенiн бойлап кейiн қарай
көштi...»
Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы
құжат.
7.
Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы болған көтерілістердің ортақ себептері мен
салдарын жазыңыз.
Ортақ себептері
Ортақ салдары
1.
1.
2.
2.
3.
3.
[6]
16
Балл қою кестесі
Тапс
ырма
№
Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
1
Салт-
дәстүр
мен әдет-
ғұрып
түрлері
сипаттамасы
Қонақасы Үйге келген қонаққа немесе жолаушылап
келе жатып, жатар орынға тоқтаған кісіге
берілетін ас-су
Асар
Ауыл тұрғындары мен ағайындардың ақы
алмай, бірлесе жұмылып біреудің белгілі
бір жұмысын бітіруге көмектесуі
Үлкенге-
құрмет,
кішіге ізет
Жасы үлкен кісілерді дәрежесі атақ-шеніне
қарамай төрге шығару, жасы үлкенге
кішінің бірінші сәлем беруі, ат үстінде
болса, аттан түсіп амандасу, үлкеннің
алдын кесіп өтпеу, атын атамау
Ерулік
Басқа жақтан көшіп келген туған-туысқан
немесе жаңа көршіні арнайы дастарқан
жайып, ықылас танытып қонаққа шақыру
Құйрық-
бауыр
асату
Құда болған екі жақтың үлкендері ендігі
жерде туыс болғандығын бекіту дәстүрі
Бата беру
Жасы үлкен адам немесе жолы үлкен
қонақтың қолын жайып, Жаратушы
Алладан бақытты өмiр, материалдық
байлық, әрбiр iсте табысты болуын тiлеу
6
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
қабылданад
ы
2
округ- болыс- ауыл
3
дистанция- бөлік- ауыл
3
3
Хан, себебі 1822 ж реформа бойынша хандық билік
жойылды.
1
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
қабылданады
4
Ата-аймақ, себебі дәстүрлі басқару жүйесіндегі әкімшілік
аймақ.
1
5
Саяси салада- Округтегі халықтың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету-көрші орналасқан башқұрт, татар,
қалмақтардың тарапынан шабуылды болдырмау,
1
Экономикалық салада- егін шаруашылығын дамытуға
қамқорлық жасау-қазақ халқын отырықшыландыру, егін
егетін шаруаларға көмектер беру
1
Әлеуметтік салада- халыққа білім беру ісін
ұйымдастыру,округ аумағында мектептер ашу
1
6
Кенесарының хан ретіндегі рөлі: үш жүздің басын қосып,
хандық билікті қалпына келтірді.
Кенесарының көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі: үш
жүзді қамтыған отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық
көтерілісті ұйымдастырды.
2
Білім
алушының
басқа да
дұрыс
жауаптары
17
7
Ортақ себептері
Ортақ салдары
1
. Патша үкіметінің
отарлық саясатына
қарсылық
1
. Көтерілістер
жеңіліске ұшырады
2
. Мал
жайылымының
тарылуы
2. Отаршылдық саясат
жалғаса берді
3. Шұрайлы
жерлердің тартып
алынуы
3. Адам шығыны көп
болды
6
қабылданады
Жалпы балл 25
18
III
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарға білім алушылар көп жауаптардың ішінен бір дұрыс
жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9
тапсырмадан тұрады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
19
III
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін оқу мақсаты
Ойлау
дағдылар
ының
деңгейі
Тапс
ырма
саны
*
Тапсыр
ма № *
Тапсырма
түрі *
Орындауғ
а берілетін
уақыт*
Балл*
Бөлім
бойынша
жалпы балл
Отарлау және ұлт-
азаттық күрес
7.3.1.5 Халықтың
отаршылдыққа қарсы ұлт-
азаттық күресінің себеп-
салдарын анықтау
Білу және
түсіну
4
1-4
КТБ
8
4
10
7.3.1.2
Қазақ хандығының
ішкі саяси жағдайын талдау
Жоғары
деңгей
дағдылары
2
6-7
ТЖ
10
6
Қазақстан Ресей
империясының
құрамында
7.3.1.3
Ресей империясының
отарлық саясатының себеп-
салдарын анықтау
Қолдану
1
5
ТЖ
10
7
7
Қазақстан Ресей
империясының
құрамында
7.1.2.2 Қазақ зиялыларының
қалыптасуының
маңыздылығын түсіндіру
Қолдану
2
8-9
ТЖ
12
8
8
Барлығы
9
-
-
40
25
25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
20
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.
ХІХ ғасырда Сыр өңіріндегі қазақтарға қысым көрсеткен мемлекеттерді көрсетіңіз.
A.
Иран және Бұхар хандығы
B.
Қоқан және Иран мемлекеті
C.
Ресей және Иран мемлекеті
D.
Ресей және Орта Азия хандықтары
E.
Түркімен және Қытай мемлекеті
[1]
2.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағын анықтаңыз.
A.
Жетісуда
B.
Жайық маңында
C.
Маңғыстау аймағында
D.
Нұра өзені бойында
E.
Сыр бойында
[1]
3. 1856-
1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қаланы
белгілеңіз.
А. Жаңақала
В. Жаңақорған
С. Қазалы
D.
Түркістан
Е. Шолаққорған [1]
4.
Е. Көтібарұлының Ресей империясына қарсы көтеріліс барысындағы іс-қимылдарын
анықтаңыз.
A.
әскери бекіністеріне өрт қоюы
B.
губернаторына шағым-хат жазуы
C.
казактардың қару-жарақтарын тәркілеуі
D.
салық төлеуден бас тартуы
E.
сауда керуендері мен жазалаушы отрядтарына соққы беруі
[1]
5.
ХІХ ғасырдың ортасындағы отаршылдыққа қарсы көтерілістің себептері мен нәтижесін
сипаттаңыз.
Көтерілістер
Себептері
Нәтижесі
Көтерілістердің
ортақ себебі
Ж. Нұрмұхамедұлы
көтерілісі
Ж. Тіленшіұлы
көтерілісі
Е. Көтібарұлы
көтерілісі
[7]
6.
Қазақ хандығының отарға айналуына әсер еткен факторларға талдау жасаңыз.
Саяси фактор______________________________________________________________
[1]
Әлеуметтік фактор__________________________________________________________ [1]
21
7.
Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуына байланысты пайда болған
ұғымдарға сипаттама беріңіз.
Ұғымдар
сипаттама
казак
десятина
жарғы
бекініс
[4]
8.
«Зар-заман» ақындарының өз жырларында көтерген мәселелерін анықтаңыз.
Зар заман ақындары
Шығармасынан үзінді
ХІХ ғасырдың
зиялылары-ақындар
көтерген саяси
мәселелер
Дулат Бабатайұлы
«
Аягөз қайда барасың?»
Айтуға ауыз келе ме?
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?
Шортанбай Қанайұлы
«
Мына заман қай заман?»
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа.
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.....
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Мұрат Мөңкеұлы
«
Үш қиян»
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Қоныстың бар ма қалғаны?!
[3]
9.
Қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын жазыңыз.
1_____________________________________________________________
2_____________________________________________________________
3_____________________________________________________________
4_____________________________________________________________
5_____________________________________________________________
[5]
22
Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Жауап
Бал
л
Қосым
ша
ақпара
т
1
D
1
2
E
1
3
А
1
4
Е
1
5
Көтеріл
істер
Себептері
Нәтижесі
Көтерілістер
дің ортақ
себебі
Ж.
Нұрмұх
амедұл
ы
көтерілі
сі
Орта Азия
хандықтар
ының
шабуылда
ры
Жанқожа батыр
Ақмешiтке дейiн
жорық жасады,
қоқандықтардың
әскери жасағын
талқандады,
Қосқорған бекiнiс-
қамалын басып алды.
Жергiлiктi қазақтар
Қоқан езгiсiнен азат
етiлдi.
Ресей
империясы
және Орта
Азия
хандықтарын
ың
қысымына
қарсы
Ж.
Тіленші
ұлы
көтерілі
сі
Елек өзенi
бойындағ
ы
жерлердi
қайтарып
алу
Көтерiлiс кезінде
Жоламан 195
сарбазынан айрылды,
125 -
і тұтқынға түсті,
көтеріліске қатысқан
ауылдарға өрт қойды.
Е.
Көтібар
ұлы
көтерілі
сі
Жем,
Ырғыз
бойына
жақындағ
ан орыс
әскерлерін
е
наразылығ
ы
Ресеймен жиырма
жыл бойы
жанқиярлықпен күрес
жүргiзген Есет батыр
1858 жылы өз еркiмен
Ресей империясының
бейбiт келiсiм жасасу
жөнiндегi шартын
қабылдады.
7
Білім
алушыл
ардың
басқа да
дұрыс
жауапта
ры
қабылда
нады
6
1.Саяси фактор: Қазақ хандары мен сұлтандарының
билігінің әлсіздігі, сепаратизм
1
2. Әлеуметтік фактор: әлеуметтік руаралық тартыстар,
жайылым жерлерге талас-тартыстар
1
7
1. Казак-Ресейге әскери қызмет көрсететін әскери-
сословиелік топ
1
2.Десятина-1,09 га жер өлшемі
1
3.Жарғы-басқару ережесі, заң
1
4. Бекініс-
тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-
түлікпен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан
маңызды тұрақ.
1
8
Дулат Бабатайұлы-жер мәселесі, қазақ жерлерінің тартып
алынуы
1
Шортанбай Қанайұлы-аға сұлтандар билігін мысқылдау,
орыс отаршылдығын әшкерелеу
1
Мұрат Мөңкеұлы -Қазақстанның батысындағы Ресей
империясы тартып алған аймақтар жайлы жазған.
1
23
9
1.Халықтың мұң-зарын тыңдап, халық жағдайын жақсартуға
үлес қосты.
2. Отаршылдыққа қарсы пікір білдірді.
3. Халықтың рухын көтерді.
4. Шығармаларында халықтың жағдайын жазды.
5.
Жоғарыдағыларға халықтың жағдайы туралы ақпарат
жеткізді.
5
Жалпы балл 25
24
IY
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IY
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты: 40 минут
Балл саны: 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарға білім алушылар көп жауаптардың ішінен бір дұрыс
жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде
жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5
тапсырмадан тұрады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
25
IY
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін оқу мақсаты
Ойлау
дағдылары
ның
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№*
Тапсырм
а түрі *
Орындауғ
а берілетін
уақыт *
Балл* Бөлім
бойынша
жалпы
балл
XIХ-XX
ғасырдың
басындағы
Қазақстанның
мәдениеті
7.2.2.3 Ұлттық музыкалық
аспаптардың қолдану
ерекшеліктерін сипаттау
Білу және
түсіну
1
1
ҚЖ
8
6
25
7.2.3.2 XIX ғасырдың ІІ
жартысындағы білім беру мен
ағарту ісінің даму
ерекшеліктерін түсіндіру
Қолдану
1
2-3
ҚЖ
12
6
7.2.3.4 Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид
еңбектерін тарихи дерек
ретіндегі маңызын айқындау
Жоғары
деңгей
дағдылары
1
4
ҚЖ
8
6
7.2.3.3 Ыбырай
Алтынсариннің ағарту
саласына қосқан үлесін
бағалау
Жоғары
деңгей
дағдылары
1
5
ТЖ
12
7
Барлығы
5
-
-
40
25
25
Еcкерту: *өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
26
«
Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.
Ұлттық музыкалық аспаптардың атауын жазып, сипаттаңыз.
Ұлттық музыкалық аспаптар
атауы
сипаттамасы
[6]
2.
Білім беру жүйелерінің түрлерін сипаттаңыз.
Мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер
Орыс-қазақ мектептері
Жәдидтік мектептері
[3]
3.
Кестені толтырыңыз.
Білім беру орындары
Орналасқан жері
Қазақстанда ашылған әскери-кадет корпустары
Қазақ қыздарын оқытатын мектеп-интернат
Мұғалімдер дайындайтын оқу орындары
[3]
4.
Зиялылардың тарихи еңбектерінің маңыздылығына сипаттама беріңіз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи еңбегін атаңыз
[1]
27
Осы еңбегінің тарихи маңыздылығын көрсетіңіз
[1]
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының отаршыл саясатқа қатысты жазған еңбегін атаңыз
[1]
Осы еңбегінің тарихи маңыздылығын көрсетіңіз
[1]
Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» еңбегінде баяндалған тарихи оқиғаны атаңыз
[1]
Осы еңбегінің маңыздылығын көрсетіңіз
[1]
5.
«Ы. Алтынсариннің педагогика саласындағы жаңашылдығы» тақырыбына эссе жазыңыз.
Кілт сөздер: жаңашыл-педагог, қыздар мектебі, ұстаздар дайындайтын мектеп, Қазақ
хрестоматиясы, балалар әдебиетінің атасы, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі.
Эссе критерийі:
Жаңашыл-педагог сөзінің мағынасын ашып жазу [1]
Қыздар мектебі туралы жазу [1]
Ұстаздар дайындайтын мектеп туралы жазу [1]
Қазақ хрестоматиясы туралы жазу [1]
Балалар әдебиетінің атасы екендігін дәлелдеу [1]
«
Ы. Алтынсарин» төсбелгісі туралы жазу [1]
Қорытынды ой жазу [1]
28
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап
Балл
Қосым
ша
ақпарат
1
қобыз
1
домбыра
1
жетіген
1
Домбыра - жаңғақ ағашынан жасалатын, шертпелі екі
шекті аспап. Қазақ халқының күй, ән өнерінде
қолданылатын негізгі музыкалық аспап
1
Білім
алушын
ың басқа
да дұрыс
жауапта
ры
қабылда
нады
Қобыз - екі шекті ысқышы бар аспап. Қобызбен көп
жағдайда халықтың қиын-қыстау тағдырын
сипаттайтын мұңлы-зарлы әндері мен күйлері
орындалады
1
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі
аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп
жасалады. Бетіне
жұқатақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары
салынады.
1
2
Мұсылмандық-дәстүрлі мектептер-мұсылманша
молдалар дәріс беретін, медресе түріндегі оқу
орындары
1
Орыс-қазақ мектептер-зайырлы пәндер (жағрапия,
тарих, математика т.б) оқытылатын білім мекемесі
1
Жәдидтік мектептер- исламның негіздерімен қатар
ғылыми пәндер де оқытылатын жаңа әдістемелік
білім беру
1
3
Қазақстанда ашылған әскери-кадет корпустары:
Орынборда, Омбыда
1
Қазақ қыздарын оқытатын мектеп-интернат :
Ырғызда
1
Мұғалімдер дайындайтын оқу орындары: Ташкентте,
Омбыда
1
4
Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи еңбегі: «Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»
1
Білім
алушын
ың басқа
да дұрыс
жауапта
ры
қабылда
нады
Қазақ халқының шежіресі жинақталған маңызды
еңбек болып табылады
1
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Ресейдің отаршыл
саясатына наразылық түрінде жазылған шығармасы:
«Қанды жексенбі»
1
тың тарихи деректерге мол еңбек болып саналады
1
Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» («Бес тарих»)
еңбегінде: Алтын Орданың тарихы
1
Құрбанғали Халидтің тарихи еңбегінің
маңыздылығы:тарихи-этнографиялық мәліметтер мол
1
29
5
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерiнiң
оқушыларына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс
тiлiн үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.
ХІХ ғасырда Қазақстанның ағарту саласында қазақ
балаларын орыс тілін үйретудің жаңа әдістемелік
жүйесін қалыптастырған жаңашыл-педагог. Ы.
Алтынсариннің ағарту саласындағы еңбектері: 1864
жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар
мектеп салтанатты түрде ашылды. 1879 жылы Ы.
Алтынсарин Торғай облысы мектептерiнiң
инспекторы болып тағайындалды. Ырғыз, Николаев,
Торғай және Елек уездерiнде екi сыныптық орыс-
қазақ училищелерiн ашты. Қазақ қыздарының білім
алуына мүмкіндік берген қыздар мектебін ашқан. ХІХ
ғ қазақ қоғамында мұғалімдерді даярлау ісін
ұйымдастырып, ұстаздар дайындайтын мектеп ашқан.
Ы. Алтынсарин балаларға тәлім-тәрбие беретін
шағын әңгімелер мен өлеңдерді өзі жазып отырған.
Сондықтан оны қазіргі зерттеушілер балалар
әдебиетінің атасы деп атайды. Бүгiнде қазақ
мемлекеттiк Бiлiм академиясы Ыбырай
Алтынсариннiң есiмiмен аталады. Елiмiздегi
педагогтар қауымының ең таңдаулы өкiлдерi жыл
сайын Ы. Алтынсарин төсбелгiмен марапатталады.
Қазақ халқын ағартуға үлесін қосқан, қазақ даласында
зайырлы білім берудің негізін жасаған жаңашыл,
ұлтжанды педагог.
7
Жалпы балл 25
30
Document Outline - 1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
- 3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып
- 5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
- 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
- 7. Модерация және балл қою
- I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
- II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
- III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
- IY ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |