Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл
|
Коммуникативтік құзыреттілік
|
Грамматикалық құзыреттілік
|
5
|
Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде эмоционалды-экспрессивті сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.
|
4
|
Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынды пайдаланады.
|
3
|
Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.
|
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.
|
2
|
Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады.
|
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.
|
1
|
Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.
|
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.
|
Оқылым
Балл
|
Сипаттамасы
|
9-10
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды өте жақсы түсініп талдайды.
|
7-8
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды жақсы түсініп талдайды.
|
5-6
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.
|
3-4
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.
|
1-2
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды өте шектеулі деңгейде түсінеді.
|
0
|
Мәтіннің тақырыбы мен жалпы мазмұнындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды түсінбейді.
|
Жазылым
Балл
|
Сипаттамасы
|
9-10
|
Мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, сөз санына сәйкес ықшамдайды. Мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен өте жақсы өңдейді. Мәтіннің маңызды тұстарына нұқсан келтірмейді, мағыналық қысқартулар кездеспейді. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда грамматикалық дағдыларды өте жақсы қолданады. Жинақы мәтінде ой жүйесі сақталады.
|
7-8
|
Мәтіндегі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, сөз санына жуық ықшамдайды. Мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен жақсы өңдейді. Мәтіннің маңызды тұстарына нұқсан келтірмейді, аздаған мағыналық қысқартулар кездеседі. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда грамматикалық дағдыларды жақсы қолданады, бірақ бір-екі ұсақ қателер кездеседі. Жинақы мәтінде ой жүйесі сақталады.
|
5-6
|
Мәтінді сөз санына жуық ықшамдайды, бірақ кейбір басты идеялар мен ақпараттар назардан тыс қалады. Мәтіннің кейбір тұстарын өз сөзімен өңдеуге тырысады, көбінесе түпнұсқа сөйлемдердегі кей сөздері алып тастаумен шектеледі. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда грамматикаға мән бере бермейді, сондықтан маңызды тұстардың жоғалуы мен мағыналық қысқартулар кездеседі. Төрттен көп емес ұсақ және ірі қателер кездеседі. Ой жүйесінің байланысы үнемі сақтала бермейді.
|
3-4
|
Мәтінді ықшамдауы байқалмайды немесе көлемін өте қатты қысу байқалады. Басты идеялар мен ақпараттар назардан тыс қалады. Түпнұсқа сөйлемдердегі сөздері алып тастаумен шектеледі, сөйлемдерді қайта құрылымдап, өңдемейді, сондықтан мәтіннің мазмұндық қыры назардан тыс қалған. Алтыдан көп емес ұсақ және ірі қателер кездеседі. Ой жүйесі сақтала бермейді.
|
1-2
|
Мәтінді тек сыртқы форма мен көлемі тұрғысынаy қысқартады. Мазмұн мен ой жүйесін назарға алмағандығы қатты байқалады. Грамматикалық дағдысы шектеулі. Сегізден артық ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |