Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрі
|
Түсіну және жауап беру
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;
- көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді, үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
|
Таңдауды қажет ететін сұрақтар
|
Анализ және интерпрета-ция
|
- композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай отырып, автор бейнесі мен кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі талдайды;
- шығармадағы көркемдегіш
құралдардың (психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
- шығармадан алған үзінділерді өңдеп, креативті түрде жазады.
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
Бағалау және салыстыру
|
- шығарманың тақырыбы мен идеясын басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;
- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
- шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікірін жазады.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|