Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны



бет15/25
Дата17.11.2023
өлшемі335,6 Kb.
#191820
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Қазақ тілі 9-сынып ТЖБ (1)

Александр Панчин, биолог-ғалым:Табиғи тағамның бәрі пайдалы, ал пайдалысы міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген – нағыз табиғи патоген. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Осы ауруды жеңу үшін оған қарсы вакцина ойлап табылды. Мұндай жасанды екпе болмаса, не істер едік?! Сол сияқты талай адам табиғи патогендер туындатқан неше түрлі инфекциялық аурулардан көз жұмып жатыр. ГМО-дан өлді деген бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз.
Евгений Климов, эколог-биолог: – Гендік модификацияланған өнімдер зиянды деген пікірмен келісемін. Трансгендік өнімдерді жан-жақты зерделей келе, мұның шынымен де өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі мен сүт бездерінің қатерлі ісігі басқалардан төрт есеге көп болатыны анықталған. ГМО енді жетіліп келе жатқан ағзаға қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн.
1-мәтін «Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы пікірталастан үзінді

  • Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол үшін жарнама берушілерге шығуға тура келеді. Алдымен 25-40 жас аралығындағы аудиторияны алайықшы. Олар кредит алғысы келеді, қымбат машина, ұялы телефонға қызығады. Егер көрермендердің орта жасын алатын болсақ, орыстілді телевизия үшін – 40 болса, қазақтілді телевизия көрермендерінің орта жасы шамамен 28-29 жас, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым

  • Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт – уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақтілді буынның әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік – өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет