Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[10]
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.