Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет29/54
Дата11.04.2022
өлшемі124,41 Kb.
#138797
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык 9 класс каз (2)

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмал ар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;
9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;


9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту.

Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).
Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды, шынайы өмірмен байланыстырады, мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды.
Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады.

Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі)

10




2

9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу.
.
9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

Оқушыларға 2 тұтас емес мәтін беріледі. Мәтіндердегі мәліметтердің тақырыбын, қызметін салыстыра талдайды, мәтінге қатысты өз көзқарасын білдіруде мәліметтерді өңдеп жазады. Мәтіндерді талдау барысында салалас құрмалас (түсіндірмелі, талғаулы, кезектес) сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.

15

10

3

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау
жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Жазбаша толық
жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші, екінші жұмыста мақсатты аудиторияның
қызығушылығын ынталандыра отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазба жұмысын жазады. Үшінші жазылым жұмысында құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірдің немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді
орынды қолданады.

25

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет