Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі



бет22/88
Дата08.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#118773
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
Байланысты:
МҰҒЗАР ӘЛІБИ
Документ

Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болғанда әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шандақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет