Жазу тарихына қатысты кеңестік, шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер бар, атап айтқанда, В.А Истриннің “Возникновение и развитие письма” (М., 1965); “Развитие письма” (М., 1961); Д.Дирингердің “Алфавит” (М., 1963), И.Фридрихтің “История письма” (М.,1979); И.Е.Гельбтің “Опыт изучения письма” (М.,1982 ) т.б.
Адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті және өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді. Мұның біріншісі – жеке-дара қасиет болса, екіншісі – әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең айту сияқты табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең шығару, сурет салу, әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық ортақ шарт-ты құбылыстар арқылы да шығарады. Тарих доңғалағы айналған сайын адам қоғамсыз өмір сүре алмағандықтан ортақ, қоғам болып бірлесіп қабылдаған бейнелер арқылы өз ойын сыртқа шығарудың жолдары көбейді.
ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы бол-ды. Адам өзінің көрген-білгенін,
басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай- ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).
|
Суретжазу. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық
Алғашында адам айналасындағыларды ескермей, тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның “туындыларын” өзгелер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды. Әрине, жазудың канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындалған болатын. Себебі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар және өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірдіекілі болды да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адамдай көрінді.
Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жатқызбайтын пиктографиялық, суретжазу еді. Ғалымдар оны көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Д.Дирингер полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін сыртқа шығару үшін ғана керек болды деген.
Жазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда болып отырады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, логограмма болған себебі – тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті түрде қолданылуынан. Дыбысжазу, буынжазу сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономика-лық қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты. Осыған орай дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікірлер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер суретжазуды жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі Египет пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір бо-луы (грекше graphein “жазу-сурет салу” дегенді білдіреді),
шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларында бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
И.Е.Гельб “жазу” ұғымына дыбысжазу ғана сәйкесетінін айтқан. Автордың таптастыруынша, дыбысжазуға сөз-буын жа-зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), буынжазулар (финикий, жа-пон) және дыбысжазулар (грек, арамей, латын) қамтиды.
В.А.Истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазуды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограмма, силлабограмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу, сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дей-ді. Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты.
Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-лерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.
Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы,
Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шумер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логограìмма) сөз не морфеманы таңбалайтын жазу. Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады. Идеограмма ойжазуға сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне беретіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны оның артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу қолдана алмаған. Ребус принципімен жазу араласқан.
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. ІV-III мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында да-мыды.
Қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралынан табылып отыр.
Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.Йенсен, Дж.Болли, И.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуынан бастау алды.
Логограммалардың пайда болуына: а) сол елдердегі қаланың өркендеуі,
ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі;
б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі,
в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды. Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты
логограммалардың жасалуын жеңілдетті.
Шумерлер логограмаларды бірінші болып ойлап тапқанмен, оны жетілдіру жағынан Египет пен Қытайдан кейін тұрды. Оның себебі мемлекеттік құрылыстың баяу дамуы болды.
Ойжазу типі бүгінде қытай иероглифімен сақталып отыр. Оған:
а) қытай тілінің түбір сипаты, ә) сөздердің бір буыннан тұруы,
б) жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, в) ұқсас морфемалардың көп болуы, г) диалектінің көптігі, д) бір таңбаның әртүрлі оқылуы себеп.
Иероглиф жазу иератикалық жазуға (тез, курсив жазу), одан демотикалық жазуға (халықтық) көшті.
Қазір сандар, математикалық символдар, сондай-ақ ағылшын тіліндегі & таңбасы, % (пайыз), $ (доллар),€ (евро) ұғымжазу элементтер болып табылады.
Буынжазу. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипатына дәлірек келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындық тудырды. Сөйтіп, шумер халқы тағы да алғашқы болып, буынжазу жасады (б.э.д. ІІІ мыңж.).
Оған:
а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі, ә) бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігі әсер етті.
Егер ІV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден артыл-са, ІІІ мыңж.-та 600-ге дейін қысқарды. Шумер буынжазуында дауыссыз дыбыс таңбасы мүлде болмады. Логограммаларда де-ректі таңбалардың қосындысы көп болды. Буын жазу Ассирия, Финикий, Кипр, Жапонияда дамыды.
Сонымен, ең алғашқы буынжазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы Месопотомия өлкесінде, шумер елінде б.э.д. 3100 ж. пайда болды.
Дыбысжазу. Вавилондықтар шумер мен аккад мәдениетін пайдаланып гүлденді. Бірақ шумердің буынжазуы вавилондықтардың:
а) консонантты жүйесіне,
ә) ішкі флексия сипатына,
б) қос дауыссыздың қатар келуіне, в) сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына сай
келмеді.
Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша, буын жазудан кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба сәйкескен дыбысжазу деп аталды. Оны кейде әріп-дыбысжазу деп те атай-ды.
Дыбысжазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Консонантты жазу таза консонантты (египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) болып бөлінеді.
Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж. жатса, вокалды жазу б.э.д. І мыңж. жатады.
Дауыстыларды белгілеуіне қарай алфавит үшке бөлінді: І тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар арнайы таңбамен белгіленді). ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі). ІІІ тип – үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді).
Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды. Оның себебі, В.А.Истриннің айтуынша, ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ белгілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық мағынаға ие болды да, дауысты дыбыс көмекші функцияда жұмсалды.
Египет тіліндегі 3300 түбірдің 2200-і үш дауыссыздан, 600-і алты дауыссыздан, 400-і екі дауыссыздан тұрған. Египет жазуының 26 әрпінің 4-еуі (a, e, j, w) кейде ғана дауыстының таңбасын берген.
И.Гельб пен Дьяконовтың пайымдауынша, кез келген консонантты жазу дауыссыз бен қандай да бір дауыстының тіркесін береді. И.Фридрих та бір дауыссыз дыбыс әрпі дауысты мен дауыссыз дыбыс тіркесін берді деп, Минерва сөзінің MNRVA деп жазылғанын мысалға келтіреді.
Этрус жазуларында l, m, n, s, f әріптері силлабема ретінде қаралды: c-ке, k-ка, q-ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір таңба арналды, егер дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туынды сөздің грамматикалық формаларын берді дейді. Мысалы, ktl – “өлтіру”, KeToL- тұйық етістік, KoTeL – “жан алғыш”, KaTuh –“өлген” д.с.
Египет консонантты жазуында кейде логограммалар, морфемограммалар да кездесіп отырды. \
Финикий жазуы. Таза дыбысжазу жүйесін финикий және батыс семит халықтары (б.э.д. ІІ мыңж.) жасады. Финикийлер – б.э.д. ІІІ мыңж.-б.э. дейін Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген, ірі сауда қалалары болған халық.
Финикий жазуындағы 22 әріптің бәрі (алеф, бет, гимел, далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самећ, айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов) дауыссызды, жартылай дауыстыны таңбалады. Әріп атауы реалий атауының алғашқы дыбысымен сәйкесті.
Жазудың прогрестік жағына: а) әліпби ретінің болуы,
ә) әріп атауы сөздің алғашқы дыбысына сәйкес келуі,
б) таңба сөздің денотатына ұқсас болуы,
в) жазу процесінің оңнан солға көлбеу бағытта жүруі жата-ды.
Батыс-семит халықтары жазуының маңызы туралы И.Фридрих былай деген: “Егер біз қателеспесек, дауыссыздарды таңбалаған әлемде жалғыз жазу болды, ол кейін гректің толық жазуына айналған батыс-семит халқының жазуы”.
Финикий әліпбиінің консонанттылығы туралы ғалымдар әртүрлі болжам айтады. Мысалы, Морис Дюнан әліпбидің тез таралуы үшін семит халқы саналы түрде дауыстыларды белгілемеді деді. Сондықтан финикий әліпбиіндегі дауыстылардың болмауын әліпби жетілмегендігінен емес, әліпбидің ұтымды жағы деп бағалаған жөн дейді Д.Дирингер.
Енді бір ғалымдар әр әріп бір буынды таңбалады деді. “Дауысты дыбыс таңбасының бүгінде (әсіресе ағылшын жазуында) көпмәнді болып кеткені соншалық алғашында ол таңбаға қандай мән жүктелгені белгісіз болып қалды”.
Белгілі бір ұғымды ғана беріп келген сурет, ойжазу қалай ғана дыбысжазуға айналды; бір ерекше күштің араласуы болма-ды ма деген сауал жазу тарихына барғандардың қайсысын болса да ойлантты. Суретжазу мен дыбысжазу аралығында сөзжазу, ребус жазуы болғанын, ал сөзжазу жалпы ұғымнан гөрі, ауыз-
ша айтылғанды сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бер жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфавиттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткеріп барып жеткенін танимыз.
Сонымен, тарих сахнасындағы мынадай жеті жазу жүйесі адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды:
шумер жазуы (Месопотомияда, Тигр, Ефрат өзендері
аралығында б.э.д. 3100 ж.– б.э. 75 ж.);
ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000 ж. – б.э.);
ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.);
қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.);
египет жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.);
крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000–1200 жж.); - хетт жазуы (Анатол, Сирияда б.э.д. 1500–1700 жж.). Жалпы әліпбидің жетілуі сөзжазу жүйесінен батыс семиттің
буынжазуына және грек алфавитіне қарай жүреді.
Дыбысжазу қалай пайда болды деген сауалға көптеген болжамдар мен көзқарастар бар. Олардың ішіндегі ортақ пікір логографиялық жазудағы абстракті таңбалар деректі зат суреттерінен шықты дегенге саяды. Бұған жазу тарихына қатысты еңбектерде келтірілген түрлі деректер айғақ бола алады. Дегенмен бүгінгі эпиграфикада суреттен графикалық бірліктерге қарай даму сатысын көрсететін бірде-бір еңбек жоқ екені өкінішті.
Ғалымдарды дыбысжазу неге ең алғаш батыс семит халықтарында пайда болды; жазудың арғы негізі қайсы – ассир-вавилон ба, әлде египет, әлде крит-микен бе деген сауалдар ойландырады. Егер бұл жазуға ассир-вавилон, не шумер жазуы түпнегіз десек, ол жазу – буынжазу, яғни дауысты таңбалары ло-гограммалармен берілген жазу. Және тарихта буынжазудан кон-сонантты жазуға өту жүйесі болмаған.
Финикий жазуын египет жазуына байланыстыратын көзқарастар олардың
а) таңба ұқсастығын, ә) әріп атауына сөз денотатының сәйкесуін,
б) египеттіктермен мәдени қатынасты алға тартады.
Енді бір басым гипотеза финикий жазуының өздігінен шығу мүмкіндігін болжайды. Бірақ әріп аттары финикий халқының экономикасынан хабар бермейтіні ойлантқан В.Истрин оны египет жазуынан шығарады: египет – ежелгі ханаан – финикий – оңтүстік семит – арамей.
Бір ғалымдар (Ленорман де Руже) бұны египет жазуынан бөлінген дауыссыз дыбыстардың таңбасы десе, енді біреулері (В.В.Струве) әр графема финикий тіліндегі сөздің басқы дыбысын белгілейді деді.
Болгар ғалымы Б.Георгиев финикий жазуы криттің буынжазуынан шыққан деген. И.Гельб финикий жазуы нағыз әліпби жазуға қарағанда буынжазудың жетілген түрі деді.
Олар әліпби жазу египет тілінде жасалып, арада бірнеше ғасыр өткен соң қайтадан египеттіктердің жетілдіруіне тап болды дегенді айтады: “Грек әріптерінің атауы арамей тіліне тіреледі деген болжам жалпы жазудың арамей тілінен шыққанына нақты дәлел бола алмайды ” деген Д.Дирингер.
Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері мынадай:
арамей жазуы және архаикалық грек әліпбиі.
Арамей жазуынан араб, парсы, ауған; соғды, ұйғыр, моңғол; еврей жазуы тарайды.
Архаикалық грек бұтағынан шығыс грек пен батыс грек жазуы шығады. Шығыс грек жазуынан гот, армян; византия-сла-вян жазуы (кирилше мен глаголша); грузин жазуы пайда болған. Батыс грек бұтағынан итальян; этрусс – латын әліпбиі дамиды.
Қазіргі батыс Еуропа халықтарының жазуына негіз болған латын графикасы грек әліпбиінен шығады. Гректер әліпби ойлап таппаса да, бар әліпбиді жетілдіру жағынан алда болды. Грек алфавитінің тек b, g, d, z, k, l, m, n, p, v, t әріптері ғана семит ды-быстарымен бірдей. Қалған әріптер шыққан жазуынан өзгеше сипат алды.
Гректер әліпби жетілдіруде мынадай өзгерістер жасаған:
а) семит тілдеріндегі кейбір дауыссыздар таңбасымен дауыс-
тыларды беріп, әліпбиге дауыстыларды енгізді;
ә) семит тілдерінің кейбір дыбыс әріптерін басқаша
қолданды;
б) рh, ps, kh, х сияқты әріп тіркесін қосты.
Грек әліпбилерінде алеф, хе, вав, иад, айин әріптері дауысты-ларды беруде қолданылған.
Алайда грек әліпбиінің және соның негізінде пайда болған латын алфавитінің кемшілігі әріптердің аздығы болды, яғни латын әліпбиі мен батыс Еуропа халықтарының тілінде сәйкестік болмады. Француз тіліндегі 18 дауысты, 17 дауыссыз, ағылшын тіліндегі 13 дауысты, 24 дауыссыз, неміс тіліндегі 15 дауысты, 18 дауыссыз латын алфавитінің 26 таңбасына сәйкес келмеді. Сондықтан неміс, француз тілдерінде диакритикалық таңбалар қолданылды. Француз әліпбиінде <а>, <о>, <е> 143 графикалық тәсілмен, ал ағылшын жазуында 658 тәсілмен беріледі.
Латын графикасын қабылдауда мынадай кемшіліктер орын алды: әртүрлі дыбыстарды бір графемамен беру, мысалы, француз тіліндегі с таңбасы <к> мен <с> фонемасын берді, неміс тіліндегі s әрпі <з> және <с> дыбыстарын береді. Әріптер (диграмма, триграмма) тіркесі пайда болды. Мысалы, ш дыбысы француз тілінде сh, ағылшын тілінде sh, итальян sc, неміс тілін-де sch графтары арқылы беріледі.
Латын графикасының 26 әрпін пайдаланған тек ағылшын жазуы, ал неміс, француз, голланд, швед, итальян, испан, португал, румын, чех, венгер, поляк тілдері диакритикалық таңбаларды қолданды, итальян, фин, поляк жазуында латын әліпбиінің барлық әрпі жоқ. Бұдан графика ережелері қиындады. Сөйтіп, латын әліпбиін қабылдаған бірде-бір жазуда бір әріп-бір фонема қағидасы ұсталынбады. Оны В.А.Истриннің еңбегіндегі мына кестеден көруге болады (1-кесте):
1-кесте – Латын жазуына негізделген әліпбилерді салыстыру
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиеті
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).
Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау(1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778жылдары), Жанақ ақын (1770—1856жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесініңөкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Қорқыт Ата
Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарындакездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан. Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдыңбойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек. Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев.
Қорқыт ата кітабы.
Қорқыт туралы жазба дерек IX—X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген. "Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардыңортақ мұрасы болып есептеледі. Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар. Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі. Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі: Қарағайдың түбіненҚайырып алған қобызым.Үйеңкінің түбіненҮйіріп алған қобызым.Ақ қайыңның безіненҚағып алған қобызым.Әзегінен қара еменОйып алған қобызым.Қыл құйрығын тұлпардыңІшек қылған қобызым.Таутекенің мүйізінТиек қылған қобызым. Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:
“'Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар'”
, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді.
Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?
Біріншіден, Қорқыт — шамандық дінөкілі.
Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.
Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.
Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер.
Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі.
Асан қайғы Сәбитұлы
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданыңыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққақайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялықтолғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.
Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды:
“'Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың'”
, — деп сөгеді.
Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.
Ақындар шығармашылығы
Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағырухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттіңіргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).
XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жыраутолғауларынан байқап білеміз.
Қазтуған Сүйінішұлы
Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.
Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жыраукиялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.
Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.
XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:
Алаң, алан, алаң жұртАққала ордам қонған жұрт.Атамыз біздің бұ СүйінішКүйеу болып барған жұрт.Анамыз біздің БозтуғанКеліншек болып түскен жұрт.Қарғадай мынау ҚазтуғанБатыс болып туған жұрт.Кіндігімді кескен жүрт...Қайран да менің Еділім!Қайран да менің Еділім!
Сыпыра жырау
Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.
Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпоскейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырауөзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклорзерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.
Шалкиіз жырау
Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидіңжанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.
Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.
Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа:
Айырдан туған жампоз бар,—Жүгін нарға салғысыз.Арғымақтан туған будан бар,—Күнінде көрінім жерді алғысыз.Жаманнан туған жақсы бар,—Адам айтса нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар,—Күндердің күні болғандаБір аяқ асқа алғысыз.
Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:
Жығылғанды тұрғызсаң,Жылағанды уатсаң,Қисайғанды түзетсең,Төңіріңнің үйі көбені,Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты.
Доспамбет жырау
Доспамбет жырау — 1490 жылы Азауқаласында туып, 1523 жылы Астраханмаңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.
Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.
Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі.
Айналайын, Ақ Жайық,Ат салмай өтер күн қайда?Еңсесі биік боз ордаЕңкеймей кірер күн қайда?Қара бұлан терісінЕтік қылар күн қайда?Күдеріден бау тағып,Кіреуке киер күн қайда?Күмбір-күмбір кісінетіпКүреңді мінер күн қайда?
Бұқар жырау
Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.
Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар:
“Тәуке хан мемлекет шаруасын Шығыс дәстүрімен жүргізіп, күз бен қыста мемлекет ішіндегі ғалым, білімдар адамдарды, діндарларды, сал-серілерді хан ордасына шақырып алып, кеңес құрады екен. Ел сыйлыларынан халық жағдайын, жұрт аузынан сыр тартып, біліп отырады екен. Қайтарда бәріне сый-сияпат беріп, үлкен қошемет керсетеді екен. Сондай бір жиында қонақтар ас ішіп болғаннан кейін, хан бір сауал кояды: "Дүниеде не нәрсе өлмейді, соны тауып беріңдер", — дейді. Сонда біреулер: "Тау өлмейді", енді біреулер: "Су өлмейді", енді бірі: "Аспандағы жұлдыз өлмейді", — дейді. Төрде піл сүйегінен жасалған биік тақта отырған патша "таптың" демеген соң, жұрт тосылып қалады. Сонда ширығып отырған Бұқар: "Алдияртақсыр, мен тауып берейін", — деп сөйлеп кетеді:Асқар таудың елгені —Басын мұнар шалғаны.Көктегі бұлттың өлгені —Аса алмай таудан қалғаны.Ай мен Күннің өлгені —Еңкейіп барып батқаны.Айдын шалқар өлгені —Мұз болып тастай қатқаны.Қара жердің өлгені —Қар астында қалғаны.Өлмегенде не өлмейді —Жақсының аты елмейді,Ғалымның хаты өлмейді.
Сонда тақта маңғаз отырған хан Тәуке иығына жамылған қамқа тонын шешіп, Бұқардың иығына жапқан екен дейді.
Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, "Ақтабан шұбырынды", ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.
Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.
Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын:
Ей, Абылай, Абылай!Сені мен көргенде,Тұрымтайдай үл едің,Түркістанда жүр едің.Әбілмәмбет патшағаҚызметші болып тұр едің —Қалтақтап жүріп күнелтіп,Үйсін Төле билердіңТүйесін баққан құл едін...
Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.
XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбайбатыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.
Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.
“'Қабанбай батыр" жырында ел үстінде жатқан батырдың көңілін сұрайтын Бұқар жырау оны қайнар бұлаққа, дүлділ пыраққа теңей келіп: "Құрбандығыңа арғын мен үйсіннің, керей мен алшынның әрқайсысынан жүз кісі айттым, соның басы әзім болайын'”
, — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан.
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)- атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады. Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді. Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды. Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді.
Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.
Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.
Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған.Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып жаршысы, халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың» деген сөздері де айғақтағандай.18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді. Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз жұртының әулиесі Қорқытпен, 14 ғ. ноғайлы елінің данасы Сыпыра жыраумен салыстыруға болардай.Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады. Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай бермек.Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі.Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді. «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт тірек» деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз.
Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — ақын.
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр Ордасындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Асан қайғының жыр толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асан қайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені мәлім.Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.«Ел айрылған» күйінің құрылысы қарапайым болғанмен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығуы да жоқ емес. Мұны бастан аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз.
«Ел айрылған» күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың (Орал) тартуында алғаш рет А.В. Затаевич нотаға түсірген. Сондай ақ, толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |