Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.
Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.
Дұрыс тамақтану керек.
Болу керек: Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры, байланыстыра сөйлеуі т.б.
Баланың қолынан келуі:
- Сұрақтарға жауап беру.
- Суреттерді әңгімелеу
- Берген тапсырмаларды орындау
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Құрметтеймін туған тілімді»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту;
Білімділігі: Қазақстан Республкасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу
Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу
Көрнекілігі: Оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер топ ішіндегі «Астанаға саяхат», Бәйтерек, Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба, гимні, Қазақстан картасы, , Алтын адам, т.б.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, ойындар
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Балаларды ұйымдастыру
Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.
Н.Жанаевтың өлеңі:
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз еткен күз енеді.
Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Күзгі суреттерді әңгімелейік:
Саябақта
Егіс алқабында
Біздің аулада
|
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Сен әдептісің
Сен мейірімдісің
Сен адалсың
Сен қайырымдысың
Сен ақкөңілсің
Сен сабырлысың
Сен көріктісің.....
Күз
Балалар суреттерді әңгімелейді. Балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін талдайды.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
Біз қай тілде сөйлейміз, біздің ана тіліміз қандай, ұлтымыз кім?
Қазақ тілі туралы түсінік беру. Ондағы : Ә, Ғ, Қ, Һ, І, Ң, Ү, Ұ, Ө өзге тілдерде кездеспейтінін, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұратынын түсіндіру.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ тілінің сақталуына, дамуына, халық арасында қазақ тілінің орын алуына үлкен үлес қосқан ақындарымыздың бірі Қадыр Мырзалиев атамыздың өлеңін еске түсіріейік...
«Астанаға саяхат» топ бұрышына саяхат жасау. Ондағы әсем ғимараттармен танысу. Бәйтерек туралы ой қозғау. Астана қаласы туралы өз ойларын ортаға салу.
Балалар қазақ тілі туралы жыр-шумақтарды еске түсірейік...
Ана тілім, дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Тіліңе берік байланғын,
Тіл айдын, келіп жайланғын.
Аққудай аппақ арымсың,
Ана тіл сенен айналдым.
Саяхаттан оралу.
Тіл туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік
Жұмбақ шешейік:
Көк лағым көгенде жатып семіреді
Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады?
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні
|
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздік алғанымызға
20 жыл болды
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Ту, Елтаңба, Гимн.
Ұлтымыз қазақ, ана тіліміз қазақ тілі.
1-бүлдіршін:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
1-бүлдіршін:
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен.
Ұмытпайық тілімізді ешқашан,
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
2-бүлдіршін:
Мәртебесі тіліміздің биік екен,
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан,
Қазақ тіл боп мәнгілікке қалған екен.
3-бүлдіршін:
Ана тіл кәусар бұлағым,
Қана алмас сенсіз құмарым.
Әр әрпің маған бір-бір тау,
Шыңына қалай шығамын?
Ана тілім алпыс тілге татиды.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
Атағыңды өсіретінде тіл, өшіретін де тіл.
Қарбыз.
Пияз.
Сәбіз
|
Достарыңызбен бөлісу: |