Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр.
Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Шығармашылық, еркіндік педагог пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібімен жалпы мәдениетіне жоғары талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Мектептің тәрбие жұмысын жүйе ретінде өзара байланысқан блоктар түрінде көрсетсе мынадай (назар аударыңыз).
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушьшардың сабақ процесіндегі жөне сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдык жоне жеке-дара тәрбие пробелмаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептін тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.
Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін, олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды.
Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, орі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.
Қоғамдық—сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.
Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).
Балалар ұжымын дамыту процесінде тәрбиеші қызметінің мазмұны мен міндеттері өзгеріп отырады.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық — іс-әрекеттік, технологаялық, нәтижелілік — бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу — күрделі іс. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек. Сынып жетекшісі, тәрбиеші — бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы үлкен жолдасы, дем беруші, кеңесші, көмекші, қамқоршы, қорғаушы, ой салушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы, қызметкер, т.б.
Ол оқушьшармен, ата-аналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс тізе отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның еллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін — өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларға өзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысқаны жөн (эмблема, айырым белгілері, көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды, дәстүрлерді ұйымдастыру).
Сынып жетекшісінің екінші міндеті — психологиялық микроклимат жасау.
Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі — ең алдымен ересектер мен балалардың сүйіспеншілігі мен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек. Педагог-тәрбиешінің қызметі әртүрлі педагогикалық қызметтердің жүйелі жиынтығы болып табылады. Олар мыналар:
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Әдебиеттер:
1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
2. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994.
4. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
5. Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы, 1995.
6. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994.
7. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |