«Тұран» Университі


Қайта Өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс



бет69/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Қайта Өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс.
Адам мәселесі - букіл философияның - сонау Кон-фу-Цзы, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін - өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта Өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан адам - жан-дүниесі, рухы бар пенде ретінде әр-қашанда аспанға ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны күнәға батырады, тіпті, кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам жануардың деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта Өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық - ол – адамның рухы мен жан-дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау болды.
Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін еңгізген Джаноццо Манетти (1396-1459) болды. Өзінің “Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде² деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар, сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі - басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әр-түрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани-денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай букіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Сонымен, адамның қудіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара-парлығы - қайта Өрлеу Заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы - ол Лоренцо Валла (1407-1457) болды. “Ләззәт алу жөнінде² деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады,- деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы - “өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару² сезімдік іс-әрекетсіз болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек. Ләззат - “жан мен дененің рахатқа батуы² ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың Орта ғасырлық аскеттікке (asketos, -грек сөзі, -құмартудан бас тарту, адамның өзін-өзі шектеуі) қарсы бағытталғанын байқау қиын емес.
Жастай өмірден кеткен талантты ойшы Пико делла Мирандолланың (1463-1494 ж. ) еңбектерінде қайта Өрлеу Заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің ­“Адамның абыройы жөніндегі сөздер² деген еңбегінде ол Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.
Оның ойынша, адам бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер. Сонымен қатар, Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік ешнәрсе жоқ. Құдай адамды жаратқанда оған әр-түрлі өмірдің ұрықтарын салды. Адамның рухының ең ғажабы - оның еріктігінде, оның алдындағы әр-турлі өмір жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, адам тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін.
Адамның таңдау еріктігі - ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны Сократтың айтып кеткен “өзіңді тани біл² деген жолынан іздеу керек, ол өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра көрсетеді.
Сонымен, Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға апаратын жол деп түсінген Орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді.
Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып қалмай, керісінше, оның әрі қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет