«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет125/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Сымханова Ж.А.
45 мектеп-гимназиясы, бастауыш мектеп мұғалімі


Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында жан-жақты дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының басты міндеті екендігі баса айтылған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады демекші, әр сабақтың қызықты өтуі тікелей мұғалімге байланысты. Осы орайда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің қадірін сезіндіріп жүрген тіл мамандарының көтерген жүгі ауыр-ақ, десек те мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті., мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдануды таңдап алады, үнемі ізденісте болады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Тіл үйрену – ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемелекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілдің үйренуі кешеуілдеуі ықтимал. Сол себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда. Соңғы жылда білім беруде жаңа технологиялар әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету тиімді екенін өмір өзі дәлелдеп келеді. Технологияның басты принциптерінің бірі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның барлық танымдық қасиеттерін дамыта отырып білім беру.


- оқытудың тиімділігін арттыру;
- берілген материалдарды терең меңгерту;
- оқушыны ойлату, ойнату, ой салу;
- өзін-өзі оқытуға мүмкіндік беру;
- оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау;
- ұстаз бен оқушы арасында тепе-теңдік болуы;
- оқушының алдына мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындату.
Оқушының пәнге қызығуын арттыру, қоршаған ортаны игеріп, сөйлесу, пікір алысу, сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу, т.б. тілді меңгерту жолында қазақ халқының ауыз әдебиетінен мысалдармен байытылған тапсырмаларды өз бетімен игеріп шығармашылық деңгейге жетуі – технологияның тіл үйретудегі басты талаптары.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технология енгізіліп жатыр. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны « Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының ерекшеліктерін, психологиясын түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның стратегияларын (әдістерін) өзімнің сабақ беру жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын. Оқушы ұтымды әдістерді пайдалануда өзінің білімге деген ынтасын ұшайтады, таным-білім көкжиегін кеңейтеді, еркін ойлауға, өз ойын дәләлдеуге үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз дамуына сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді; ойлауға үйретеді.
Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- бағдарламасы мұғалім үшін өте тиімді. Өйткені, белгілі бір тақырыпты ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой- толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Қазақ тіліне жоғары буынға арналған оқу дәптері дарынды балалармен жұмыс жүргізу өте қолайлы. Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың осындай қабілеттерін дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, оларды толық ашуға мүмкіндік туады. Біздің мектепте де баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталып, ары қарай жалғасады. Сондай жұмыстың бірі – қазақ тілінен жоғары буынға арналған жұмыс дәптері. Дәптердің жазылу мақсаты:
1.Оқушының қазақ тіліне деген белсенділігін арттырып, ой-өрісін кеңейтіп бекіту.
2.Орыс тілді оқушыға мектепте, үйде, көшеде, аулада, сыныптастары ортасында, үлкен адамдармен сөйлесуде, бір сөзбен айтқанда, күнделікті өмірде қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға көмектесу.
3. Осы оқу дәптері арқылы оқушыны қазақ тілін жеңіл және қызығушылықпен оқып, үйренуге ынталандыру.
4.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
5.Шәкірттің көңіліндегі өз күшіне деген сенімділік туғызу, өзіндік пікір қалыптастыру.
6.Оқушыны төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне көтеру.
7.Дарынды оқушыларды әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға дайындау.
Қазіргі зерттеу жұмыстары қазақ тілі пәнінен оқушылардың дара қасиетін, дүниетанымын, оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмаларында қолданудың маңызды екендігін көрсетуде. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін толықтыра, тереңдете отырып, қажетті дағдылар мен біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, бұл технология бойынша оқытудың нәтижелері:
- қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;
- оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
- оқушының жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
- оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өрбіте алады;
- оқушы өзі талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады;
- оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды, лексикалық қоры баиды;
- қазақ тілін үйренуде қызығушылығы, өз күшіне деген сенімділігі пайда болады;
- бала өз ойын дәлелдей білітін, шағын зерттеулер жүргізе алатын болады.


Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет