Тренер оқитын 12 әрекет


Оқыту барысында түзетулер енгізудің әсері



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі141,85 Kb.
#124733
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2.6 Үлестірмелі материал

Оқыту барысында түзетулер енгізудің әсері
Тірек мектептердің барлық мұғалімдері өз сыныптарындағы әріптестікті дамытуға, инклюзивтілікті және қатысымдық деңгейіне бұл бағдарламаның оң әсері барын атап өтті.
Әсіресе, жуас балалардың пікірталасқа сенімдірек және белсендірек қатыса бастағандығы атап көрсетілді. Олар бағдарламаға қатыспаған балалардан гөрі сұрақтарды көп қойып және ойларын жиі-жиі дауыстап айта бастады. Олар сонымен қатар бірін-бірі әңгімеге тартуға, сыныптасының айтқанын мұқият тыңдауға және сұрақ қиындық тудырса да сындарлы жауап беруге үйренді.
Және балалардың мақсатты тобы бағдарламаларды аяқтау бойынша тестілерді орындау барысында бас қатырғыштарды алғашқы нәтижелерімен салыстырғанда бірнеше пайызға дұрыс шешті. Мұндай факторлардың бірі де бақылау топтарында байқалған жоқ.
Тілді пайдалану және сабаққа қатысу жағынан алғанда, балалардың «Неге? Не? Қалай?» деген сияқты сұрақтарды сабақта пайдалану жиілігі бағдарламаның әрекет ету кезеңінде өсті. Бұл төменде келтірілген мақсатты топтар балаларының диалогтарында тіркелген.
Балалар (Нуреша, Виджэй және Кайл) бағдарлама басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін логикалық ойлау дағдыларын талап ететін бір тапсырмамен жұмыс істеді. Балаларға геометриялық суреттегі ақ фигураға сәйкес келетін алты мүмкін паззлдың бөлігін таңдап алу ұсынылды.
Бағдарламаға дейін
Нуреша тапсырманы орындауда мүлдем сөйлемейтін және ешбір қызығушылық танытпайтын. Тапсырма басталғаннан кейін Виджэй мен Кайл бір-бірінің пікіріне келіспей қалды және өз пікіріне ешбір дәлел келтірместен, өз фигурасын суретке кім жапсыруы тиіс екендігін дауласа бастады.
Виджэй: Мынау келеді, иә?
Кайл: Жоқ.
Виджэй: Мынау келеді, иә?
Кайл: Жоқ
Виджэй: Иә
Кайл: Жоқ
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
Балаларға осындай тапсырманы орындау ұсынылды. Олардың жұмыс істеу тәсілі түбегейлі өзгерді. Бұл жолы Нуреша топтағы бірлесе ойлауға басқа екі баламен өзара әрекеттестікте белсенді қатысты, екі бала да бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің пікірін қабылдай білді:
Виджэй: (Нурешаға) Сен Виджей мен Кайлдың қайсысынікі дұрыс екендігін айтуға тиіссің?
Нуреша: Мен 2-нөмір деп ойламын
Кайл: Мен 4-нөмір деп ойлаймын
Виджэй: Нуреша, қарасаңшы
Нуреша: Жоқ, мен мына фигура келеді деп ойламын
Кайл: Жоқ, қарашы, мынау дөңгеленген, мында да, анда да сырттан көрдің бе?
Виджэй: Немесе анау
Кайл: Жоқ, өйткені оның майысқан сызығы жоқ
Виджэй: осы дұрыс болуы тиіс
Екінші тест кезінде балалар алғашқысына қарағанда мәселенің шешімін бірлесе іздеуде тиімді жұмыс істей отырып, 2 сұраққа артық жауап берді (15-тен).

Дереккөз
Wegerif, R. et al (2004) Widening access to educational opportunities through teaching children how to reason together. Westminster Studies in Education, 27 (2).


2-сабақ.2.6 8-үлестірмелі материалдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет