СОЦИОГРАММА ҮЛГІСІ
К ілті
Бұл менің ең жақын үш досым
Мына адамдармен дос болғым келеді
Бұл адамдармен үзіліс және түскі ас кезінде ойнаймын
Бұл біздің сыныптың танымал оқушылары
Бұлар біздің сыныптың ең ақылды оқушылары
Кэвин
Катерина Тим
Марк Киан Камилла
Маркос Дана Маркус
Тафени
Зоя Лесия
Дженнифер Тиффани
Колин Сино
Кайли Виктория
Брайан Ричард
Уэсли
Эшли Брэндон
Социометрия 1934 жылы ЯЛ. Морено "WhoShallSurvive?" деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге "социодрама" көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым. Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықаіылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белтілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді.Зерттеудің алғашқы сатынарында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді.Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, Қазір Бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген ("ең жақсы үш досыңызды атаңыз") немесе белтіленбеген ("қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз") болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін. Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшынықка ие болған немесе ештеңе алмаған "жұлдыздар" мен "жақпайтын адамдар" секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтерсоциограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады.Социометрия топтық күрынымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады."Sociomietry" атты ғылыми журнал шығарылады.Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады. [1]
Куратор-эдвайзер жұмысының тиімділігі келесідей көрсеткіштер бойынша анықталады:
^ Сандық көрсеткіштер:
- топ үлгерімінің оңтайлы қарқыны;
- топ студенттерінің арасында кұқық бұзушылықтың болмауы;
- түрлі деңгейдегі әлеуметтік-дамытушы іс-шараларға студенттердің қатысуы;
- топ студенттерінің арасында марапатталғандардың, сертификат алушылар санының көп болуы;
- тәрбие жұмысының жоспарын орындау
^ Сапалық көрсеткіштер:
- топпен және нақты студентпен жұмыс жасау барысында шығармашылық тұрғыдан әрекет ету;
- кураторлық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу;
- республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.
^ СТУДЕНТТІК ТОПТАРДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СОЦИОМЕТРИКАЛЫҚ ӘДІСІ
Куратор-эдвайзер қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі студенттік топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық орта (климат) қалыптастыру болып табылады. Дж. Морено әзірлеген социометрикалық техниканы тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастарды айқындап, оларды өзгерту, жақсарту және жетілдіру үшін куратор-эдвайзерлер қолдануы мүмкін. Социметрияның көмегімен студенттік топ мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестілігі туралы мәлімет алуға болады.
Социометрикалық үдеріс, біріншіден, топтың қаншалықты деңгейде ұйымшыл екендігін көрсетеді. Екіншіден, «социометрикалық ұстанымдарды» анықтау, яғни симпатия-антипатия белгілері бойынша топ мүшелерінің беделін анықтау, мұнда «аластатылған» немесе топтың «көшбасшысы» оңтайлы нәтижелерге ие болады. Үшіншіден, топ ішіндегі бірлескен жүйеішілік кұрылымдарды анықтау, мұның басында өздерінің формалды емес көшбасшылары тұруы мүмкін.
Пайдаланылған социометриялар формалды және формалды емес көшбасшылардың беделіне сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Социометрикалық әдіс топтық әдіс бойынша өткізіледі, оны өткізу өте көп уақытты талап етпейді (15 мин).
^ Социометрикалық үдеріс. Топ мүшелеріне олардың симпатиялары мен антипатияларын анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарға (социометрикалық шарттар) жауап беру ұсынылады. Куратор-эдвайзер екі сұрақ бойынша есептейді: а) және ә) студенттердің жауап беруін өтінеді. Мұнда құпиялылық толық сақталмайды, ондай болған жағдайда социометрияның тиімділігі өте төмен болады.
Жауаптардың дәлдігін нақтылау мақсатында зерттеу топта бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Қосымша зерттеу үшін басқа сұрақтар алынуы мүмкін.
Іскери қатынастарды зерттеуге арналған сұрақтардың үлгісі
1. а) Сабаққа дайындық барысында көмек қажет болса Сіз өзіңіздің студенттік тобыңыздағы қай студентті шақырасыз (біріншіден, екіншіден, үшіншіден)?
ә) Сабаққа дайындық барысында көмек қажет болса Сіз өзіңіздің студенттік тобыңыздағы қай досыңызды шақырасыз?
2. а)Ұзақ мерзімді іс-сапарға кіммен барар едіңіз?
ә) Қызметтік іс-сапарға Сіз өз тобыңыздан кімді алмайтын едіңіз?
З. а) Топтың қай мүшесі көшбасшылық қызметтерді жақсы орындайды (староста, кәсіподақ ұйымы, қоғамдық ұйымдастырушы)?
ә) Топта кімге көшбасшылық міндеттерді орындау қиынға соғады?
^ Жеке қарым-қатынастарды зерттеуге арналған сұрақтардың үлгісі
4. а) Өмірлік қиын жағдайға тап болғанда Сіз тобыңыздағы кімнен көмек сұрайсыз?
ә) Сіз тобыңыздың қай мүшесімен қандай да болмасын мәселе туралы мүлдем кеңескіңіз келмейді?
5. а) Егер Сіздің тобыңыздың барлық мүшелері жатақханада тұрса, Сіз олардың ішінде кімнің бөлмесінде тұрғанды қалар едіңіз?
6. а) Егер Сіздің тобыңызды қайта жасақтайтын болса, Сіз кімді оз тобыңызда қалдырар едіңіз?
ә) Топта кімді туған күніңізге шақырар едіңіз?
б) Топта кімді туған күніңізде көргіңіз келмейді?
Социометрикалық үдеріс екі формада өткізілуі мүмкін. Бірінші нұсқасы — параметрикалық емес үдеріс. Мұндай жағдайда студент социометрикалық карточкаға сандарды шексіз тандау арқылы жауап береді. Егер де топта шамамен 12 студент болса, онда көрсетілген жағдайда сұралғандардың әрқайсысы (өзінен басқа) 11 студентті көрсетуі мүмкін. Бұл нұсқаның артықшылығы топ құрылымындағы тұлғааралық байланыстың алуандығы түйісінде топтың әрбір мүшесінің эмоциялық экспансивтілігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда топ мүшелерінің санын 12-16 адамға арттырсақ мұндай байланыстар көбейіп кетеді, мұнда олардың есептеуіш техникасыз талдау мүмкін емес.
Параметрикалық емес үдерістің тағы бір кемшілігі кездейсоқ тандалым мүмкіндігінің зор болуы болып табылады. Кейбір студенттер өздерінің жеке мүдделерін басшылыққа ала отырып, сауалнамаларда «барлығын таңдаймын» деп көп жазады. Мұндай жауаптың екі түрлі түсініктемесі бар: бірі студенттің қоршаған ортаға деген жинақталған аморфтық немесе дифференциясыз жүйелік қатынасы қалыптасқан (нану қиын), екіншісі, студент жалған ақпарат беріп отыр, яғни қоршаған ортаның формальдық лоялдығын алға тартады (нануға болады).
Екінші нұсқа - сайлау санының шектеулілігі. Студенттерге барлық топ мүшелерінің санынан белгілі санды таңдау қатаң түрде ұсынылады. Мәселен, топта 25 студент, ал әрқайсысына тек 4 және 5 қана адамды таңдау ұсынылады. Психологиялық тұрғыдан алғанда социометрикалық шектеу сұралушы топ мүшелерінің өз жауаптарына аса мұқият болуына ықпал етеді, олар бірлескен қызмет бойынша жолдас немесе кошбасшы, серіктес рөлін ұсынуға лайық топ мүшелеріне ғана дауыс береді. Таңдау лимиті кездейсоқ жауаптарды барынша азайтады және бір таңдалымдағы түрлі сандардың топтарын таңдау шарттарын бірегейлендіріп, түрлі топтардан алынған материалдарды салыстыруға мүмкіндік береді.
^ Нәтижелерді өңдеу. Жауаптары бар карточкалары жиналып алынған соң, оларды математикалық өңдеу кезеңі басталады. Сандық өңдеудің қарапайым тәсілі кестелік және сызбалық болып табылады.
Социоматрица (кесте). Басында қарапайым социоматрицаны қарастыру қажет. Үлгісі кестеде берілген (төменнен қараңыз). Таңдау нәтижелері матрица бойынша шартты белгілердің көмегімен таратылады. Нәтижелер кестесі бірінші толтырылады, іскери және жеке қатынастар бойынша жеке толтырылады.
Әрбір шарт бойынша социоматрицаны талдау топтағы өзара қарым-қатынас туралы толыққанды мәлімет береді. Бірнеше шарт бойынша таңдау жасалатын сомалық социоматрицалар, сондай-ақ топаралық таңдау мәліметтері бойынша социоматрицалар құрылуы мүмкін. Социматрицаның басты ерекшелігі тандауды сандық түрде көрсетуінде болып табылады, ол өз кезегінде топтағы тәртіпті бекітуге, алынған таңдаулардың саны бойынша топ мүшелерін жіктеуге мүмкіндік береді. Социоматрицаның негізінде социаграмма құрылады - социометрикалық таңдаулардың картасы (социометрикалық карта).
Социограмма. Социограмма — бұл социометрикалық шарт бойынша жауап беру барысындағы студенттердің бірі-біріне деген реакциясының (әсерінің) графикалық бейнеленуі (сұрақ). Социограмма арнайы белгілердің көмегімен белгілі жазықтық кеңістіктегі топтың өзара қарым-қатынас құрылымының салыстырмалы талдауын жүргізуге мүмкіндік береді (төменгі суретті қараңыз). Ол топтың мәртебесі бойынша топ мүшелерінің топішілік дифференциациясы туралы мәлімет береді. Мәселен, Я.Коломинский ұсынған социограмманы қараңыз:
оңтайлы біржақты тандау;
оңтайлы екі жақты таңдау;
--------> теріс бір жақты таңдау;
< ----- > теріс екі жақты таңдау.
Социограммдық техника социометрикалық материалдың талдануына қосымша болып табылады немесе ол топтық құбылыс туралы нақты ұғым әрі сапалық сипаттама береді.
Социограммалық талдаудың міндеті аса ықпалды әрі басты мүшелерді іздеп табу, содан кейін өзара парлар мен топтар құру болып табылады. Топтар бірін-бірі таңдауға ұмтылған өзара бір-бірімен байланысты тұлғалардан құрылады.
2-сабақ. 2.6 7-үлестірмелі материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |