4-жаттығу «Қар қиыршықтары» Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:
Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі ҰБТ-ға балаңызды дайындауда қолдау көрсету.