Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?
Бағыты : Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Түрі : ойталқы
Күні : 7.09.16 ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін: ...............
Cабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?
Мақсаты: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту; Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:суреттер,сайд
Түрі: топтық жұмыс
Мерзімі:7.09.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Өмір қауіпсіздігі»
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1 кезең. «Сұрақ саған,жауап маған!»
2 кезең. «Кім шығармашыл?»
3 кезең. «Кім тапқыр?»
Бөлінген топтар бойынша сайысты жүргізу. 2 топ бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар.Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Енді кезекті сайысымыздың кезеңдеріне берелік.
1 кезең. Сұрақ саған,жауап маған. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундттардың ішінде ғана өтеді.
Жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануын қалай атамыз?
Күю кезіндегіалғашқы көмек көрсетудің алгоритмі: Күйген жерді таза матамен жабу керек. Күйген жерге суық басу (қар, мұз) немесе ағып тұрған суық суға салу (5-10 мин.). Бұл көпіршіктердің пайда болуын болдырмайды.Зақымданушыға ауырсынуды басатын дәрі беру.«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда жылы сусын беру. Жылы сусын ағзамен тез игеріледі.
Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануын қалай атаймыз? Үсік шалу
Сіздің іс-әрекетіңіз: 1. Адамды жылы көрпеге ораңыз. 2. Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз. 3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау .4. Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.
Электр тоғының әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз? Электр жарақаты.
Алғашқы көмек:Электр тоғынан ажырату, ұйқы артериясында лүпілдің жоғына көз жеткізу, кеуде қуысына қатты соғу. Жүрек тоқтағанда арнайы аппарат дефибриллятор қолданады. Ол қол астыңда болмаған жағдайда кеуде қуысына қатты соғу рекардиальды соққы деп аталады.
Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысынуды қалай атаймыз?
Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету. Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет.
Алғашқы 20-40 минутта адам шок болады: бет ағарады, бас айналады, жүрек айналуы, жиі және әлсіз пульс, артериалдық қысымның төмен түсуі, сананың жоғалуы (потеря сознания). Бұл қандай жағдайда болады? Жылан шаққандаалғашқы жәрдем дұрыс берілмесе немесе мүлде берілмесе у адам организмде тез таралу мүмкін.
Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану. (Талу)
2 кезең. «Кім шығармашыл?» Берілген суретке қызықты әңгіме құрастыру. Бұл сайыста әділқазы алқасы қатысушылардың жазған әңгімелерінің мағыналығы, қызықтылығына, жинақылығына көңіл аударуы тиіс. (5 ұпайлық жүйемен).
3 кезең. «Кім тапқыр?»Өмір қауіпсіздігіне байланысты бірнеше сауалдар қойылып,жауабы алынады.
Қорытынды. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Өз құқығыңды білесің бе?
Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Түрі : Танымдық сайыс
Күні : 12.10.16ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін: ......................
Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?».
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,заң алдындағы жауапкершілігін арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу.Конституцияны және құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйоету,адамгершілікке,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд,суреттер,қанатты сөздер
Түрі:танымдық сайыс
Мерзімі:12.09.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Ата заң», «Адам,өоғам,құқық»11-сынып оқулығы
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
2.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
«Іріктеу»кезеңі.
«Шынығу»кезеңі
«Өз құқығыңды біл?»кезеңі
«Ой елегіне өткіз»кезеңі
«Құжатты тани біл»кезеңі
«Біліміңді көрсет»кезеңі
«Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі
І. «Іріктеу»кезеңі.
ҚР Елтаңбасында не бейнеленген?
А) шаңырақ,ұлттық өрнек,күн
Б) шұғылалы күн,қыран құс,пырақ
В) шаңырақ,парақтар,бес бұоышты жұлдыз
ҚР Елтаңбасы қашан қабылданды?
А)1991 ж. Б) 1992 ж. В) 1997 ж.
«Сындарлы он жыл»кітабының авторы кім?
А) М.Шаханов Б) Н.Назарбаев В) Ә.Кекілбаев
4. 22 қыркүйекте ҚР қандай мереке кім?
А) республика күні
Б)ҚР халықтарының тілдер күні
В) нашақорлық қарсы күрес күні
Ата заң не үшін қызмет етеді?
А) әр адамның құқығын қорғауға,бостандық сақтауға
Б) дауыс беру құқығын сақтайды.
В) мем.тілді қорғауға қызмет етеді.
Президенттің жарлығында ҚР-ң мемлекеттік рәміздері туралы не айтылған?
А) білу аса қажет Б) құрметтеуге мінднтті В) орындауға міндетті
Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады?
А)президентке Б) жоғарғы сотқа В) заңға
Қазақстан халықаралық ассамблеясы қашан құрылды?
А) 1995 ж. 1 наурыз Б) 1995 ж. 10 ақпан В) 1994 ж. 1 наурыз
Сенаттың неше депутатын президент белгілейді?
А) 10 Б) 15 В) 7
ҚР Президенттігіне кандидат қай тілді білу керек?
А) мем. тілді Б) ағылшын тілді В) орыс тілді
ІІ. «Шынығу»кезеңі
-ЕКОНЮС-БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы;
-АТКРДЕИЯМО-халық еркі немесе билігі;
-ЕНТЕЗПРИДЕ-Мемлекет басшысы;
-УАТРА-айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім;
-АТТӨЛЖҰҚ-азаматтықты куәландыратын құжат.
ІІІ. «Өз құқығыңды біл?» кезеңі.
Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?-(бала туған кезінен бастап).
Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?-(18).
Баланың өз пікірін білдіруге,ақпарат алуға,ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе?-(шектеусіз).
Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға,оларға кірге құқылы ма?-(иә)
Неше жасқа толмаған баланы Отан алдандағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды?-(15).
Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған тек қай елдер?-(АҚШ пен Сомали.).
Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?-(16).
ІҮ. «Ойды аяқта »кезеңі.
Заңның құрығы…………..(бәрнен ұзын).
Өш алғаннан гөрі…………..(кешірген жақсы).
Туғанды биде………………….(иман жоқ).
Таста тамыр жоқ……………..(биде бауыр жоқ).
5.Әр адамның құдайы…………….(оның ары).
Әділ істің…………………………(арты игі).
Атаның баласы болма………….(адамның баласы бол).
Ү. «Ой елегнен өткіз»кезеңі
Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе.
Оқушы неге құқылы?
Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлықжасауға,қоршаған ортаны ластауға,өз сыныптастарына кедергі жасауға.
Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.
ҮІ. «Білімді көрсет»кезеңі.
Қазіргі дүние жүзінде қанша қазақ бар-12 млн.
Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы қашан қабылданды?-1948 ж. 10.12.
Шет елдерде қанша қазақ тұрады?-4 млн. астам
Азаматтық дегеніміз не?-адамдардаң сол мем-пен тұрақты саяси құқықтың өзара қатынасы.
Қоғамның бастапқы ұясы не?-отбасы.
Ата –ананың қасиетті міндетті не?-балаларына қамқорлық көрсету.
Біздің мем-дегі меншік түрлерін ата?-мем-тік меншік,жеке меншік.
Азаматтың конституциялық мінднті?-респ-ң заңын сақтау, қылмыс істемеу, тәртіпсіздік жасамау, өзіне жүктелген міндетті орындау.
Саяси қуғын –сүргінге ұшырағандарды еске алатын қай күн?-31 мамыр
ҮІІ. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер).
Тақырыптары:
«Кім құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды».
«Құқық барда-Отан бар».
«Заңды білу-заман талабы».
«Мен-болашақ заңгермін».
«Ата заңды құрметтейік».
ҮІІІ.Қорытынды.Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы :Ата-ана парызын ,өтеу - сенің қарызың
Бағыты : Отбасы тәрбиесі
Түрі : тәрбие сағаты
Күні : 26.10.16 ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін:.....................
Тақырыбы: Ата-ана парызын, өтеу-сенің қарызың!
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, қайырымдылық, инабаттылық
тәрбиесін бере отырып, ата-ана алдындағы парыздары туралы
ой қозғау. Ата-ананы құрметтеуге, аялауға баулу.
Көрнекілігі:слайд,суреттер,қанатты сөздер
Түрі:тәрбие сағаты
Мерзімі:26.10.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Отбасы құндылығы»
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
Сабақтың барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар,
оқушылар, кешіміздің қонақтары!
Отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері- Ата-ана. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, аяғын тәй-тәй басып, былдырлап тілі шыға бастағаннан ұлттық салт-санасын қалыптастырып, барын алдарына тосып, баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп тілейтін де- ата-ана.
Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта – жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген. Перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен.
«Бала – ата-ананың бауыр еті», « Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!
Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қаншама!
Міне, бүгінгі біздердің кешіміз де баланың ата-ана алдындағы парызы туралы болмақ. Олай болса, «Ата-ана парызын, өтеу-сенің қарызың!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Аталған тақырыптағы кешімізге орай, өз пікірлерімен келген қонақтарымыз бар. Сол қонақтарға сөз кезегін береміз.
«Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды,
Сол себепті бар тілеуін балаға бағыштайды»
Кешімізге қош келдіңіз. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты өз ойыңызды өрбітсеңіз.
Сұрақтар: Қазақта «Баланы – жастан» деген бар. Бірде атақты драматург Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрайды замандасы, сонда қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр. Ал сіз қалай ойлайсыз, бала тәрбиесін қашан бастаған жөн?
ІІ. Қонағымыздың пікірін білдік, енді көпшілік қауым не дейді екен, халықтың пікіріне құлақ түрейік. Экранға назар аударыңыздар!
Сұрақ: Ата-ана парызын өтеуде қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?
Сұрақ: Ата-ана алдындағы сенің парызың қандай деп ойлайсың?
Экраннан халық пікірі тыңдалады.
Жүргізуші: Ортаға бүгінгі кешімізге өзіндік пікірімен келген қонағымыз 11б сыныбының топ басшысы Ә.Жұматты шақырамыз.
Осы пікірге келуіңіздің жөнін тарқатып айтып берсеңіз.
Сұрақ: Өзің жанұяда үш баланың бірісің. Мен қыз баламын, ата-ананы бағып-қағу ұл баланың міндеті деп алаңсыз жүре бересің бе? Сен есейгенде ата-анаңның қартайған шағы сені алаңдатпай ма?
Бейне көрініс. Көрініс бойынша келген қонақтардың пікірлерін сұрау
Жүргізуші: Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.
Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі, әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының көңілдерін тауып, мерейлерін өсіреді.
Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға міндетті, сәби шағында өзін қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып мәпелеуге борышты.
Ендеше кешіміздің үшінші қонағы 11-сынып оқушысы, пән олимпиадасының жеңімпазы Қойшығали Бағдатты шақырамыз.
Ата-ананың сенімін ақтау-
Өз болашағыңды сақтау
Сұрақ: Сен өмір бойы ата-анаңның қасында отырып қарайласуға мүмкіндігің бола ма?
Өмірде ата-анаңа ренжіген сәттерің болды ма?
Балаңмен дос, сырлас бола біл. Баланы қаталдықпен тәрбиелеуге болмайды. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қатқылданып, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. «Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал» демей ме қазақ.. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.
Бұл орайда келесі қонағымыз не дейді екен, пікірін тыңдап көрелік. Ортаға келесі қонағымыз ата-ана Таумұханова Әлияны шақырамыз.
Баланың ұлы парызы жақсылықпен өтелмек,
Аман жүріп алыстан қарайласа да жетер ед.
Сұрақ: Сізді қартайған шағыңызда ұлдарыңызды жұмсап, немере-шөбере қызығына бөленіп отыру қызықтырмай ма? Ағайын-туыс балаларыңызды сынамай ма, сөкпей ме?
Арнайы шақырылған сарапшыларға сөз беру.
Жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Шүкіртай
Жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Түркістанова
Мектеп психологы
Көрермендерге сөз беру.
Қатынасушы ата-аналар
Пән мұғалімдері
Оқушылар
Жүргізуші: Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, балаларын адалдық пен мейірімділікке, жауапкершілік пен кешірімділікке тәрбиелейді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары боп есептеледі.
Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың әдепті болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деп тәрбиелей отырып, «Өскенде бізді асырайсың ба?» деген сауалды балаларының құлағына құйып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады және ата-анасын жалғыз тастамайды. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Кешімізді қорытындылай келе, ой жарыстырып отырған қонақтарымызға қима қағаздар ұсынамыз. Қағаздағы таңдаған сөздеріңізге байланысты қорытынды сөздеріңізді айтасыздар.
Қонақтарға ұсынылатын сөздер:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі кешімізде сөз болғандай баланың ата-ана алдындағы парызы қандай болса, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеті де зор екеніне көзіміз жеткендей болды.
«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» дейді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы. Баланың тәрбие алудағы жол бастар ұстаздары жақсы болса, баланың ата-ана алдындағы парызы да ойдағыдай өтелмек.
Сөзімді қорыта келе, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отанға деген ыстық сезім ата-анаға, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дегендей ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, ыстық сезім, махаббат, мейірімділік, сыйластық кеңінен болсын деген тілек айтамыз.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Достарыңызбен бөлісу: |