Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекенім» Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ой бөлісу.
Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар 5 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.