§27.Әбілхайыр хандығы.
1 .Анықтамасы: 1428жылы Әбілхайыр хан сайланды.Әбілхайыр Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған.Осы ұлыстың билігі Әбілхайырдың қолына тигеннен бастап, хандықтың саяси беделі көтеріледі. Әбілхайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өседі.Жұмадық хан маңғыттарға жорық кезінде қаза болып, 16 жасар Әбілхайыр тұтқынға түседі.Бірақ маңғыт билерінің шешімі бойынша тұтқыннан босатылады.Алайда Әбілхайырдың 40жылдан астам хан болуы «Әбілхайыр хандығы» деген атауды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |