§37.Қасым хан
1.Анықтамасы: Қасым хан тұсындағы Қазақ
хандығының XVI-XVIIғасырлардағы дамуы.
2.Қасым хан
3.Шығу тегі:Жәнібек ханның ұлы
4.Жерленген жері:
1.Мұхамед Хайдардың дерегінде: 1518жылы
қайтыс болған.
2.Орыс дерегінде: 1521жылы қыста Сарайшық
қаласында қаза тапқан.
5.Хронологиясы:1511-1518жылдары билік етті
6 .Территориясы:Сырдария, Түркістан аймағы.
7 .Астанасы: Бастапқы кезде Сығанақ қаласы;
кейін Түркістан қаласы
8 .Саясаты:
8.1.Ішкі- қазақ хандығы саяси әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыды.
8.2. Сыртқы- көрші мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.
9 .Соғыстары:
9.1.Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату үшін, Қасым хан Мауаранахр билеушісі Шайбани ханмен және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізді.
9.2.Мұхамед Шайбани қаза болғаннан кейін, Қасым хан Сайрамды өзіне қаратты.
9 .3.Ташкентті билеп тұрған Шайбани ұрпағы Сүйініш қожаға шабуыл жасап, ұрыс сәтсіз болып, хан Сайрамға оралады.
10.Мәдениеті:Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресей мен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.
1 1.Деректер:
11.1.Бабыр: «…жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған.Оның қарамағындағы атты әскер саны 300 мыңға жуық еді.»
11.2.Мұхамед Хайдар Дулати: «Қасым бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгендігін, халқының саны миллионнан астам болғандығын айтады.»
11.3.Қадырғали Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым еді.Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті.Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты.Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған» деп жазады.
1 2.Қасым ханның заңы:
«Қасым ханның қасқа жолы»
1 3.Шығу тегі:Академик Ә.Х.Марғұланның айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.Бұл заң қазақтың от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтың ерте заманнан ұстанып келген «Жарғы» заңын күшейткен.
1 4.Заң ережелері:
1.Мүлік заңы: жер дауы, мал-мүлік дауы.
2.Қылмыс заңы: кісі өлтіру, талау, шапқыншылық
жасау, ұрлық істеу.
3.Әскери заң: аламан міндеті, қосын жасақтау, қара
қазан, ердің құны, тұлпар ат.
4.Елшілік жоралары: майталман шешендік, халық-
аралық қатынастағы сйпайылық,әдептілік.
5.Жұртшылық заңы: ас, той, мереке, думан,
ат жарыс, бәйге ережелері.
1 5.Басып алған жерлері:Сырдари бойындағы қалалар, Оңтүстікте Жетісу жеріндегі – Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері, Солтүстікте және Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі, Балқаш көлінен асып Қарқаралы тауы, Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды.
Достарыңызбен бөлісу: |