Түрік қағанаты мен Византияның қарым-қатынасы VI



бет1/2
Дата12.12.2023
өлшемі20,76 Kb.
#196417
  1   2
Байланысты:
Түрік қағанаты мен Византияның қарым


Түрік қағанаты мен Византияның қарым-қатынасы
VI ғасырдың ортасында Алтайда осы өңірден шығатын ірі мемлекеттік құрылымдардың бастамасы болған жаңа мемлекет-Түрік қағанаты пайда болды. Түрік қағанатының бірден күшейіп, оның аймақтағы өзге халықтарға өз үкімін жүргізуі, оны өте аз уақыттың ішінде бүкіл Еуразия құрлығына танымал етті. Түрік қағанатын аз уақыт ішінде танымал болуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі сауда саласы болды. Түрік қағанаты аймақтағы көрші мемлекеттерменжақсы сауда-саттық қатынастар орнатты және қағанат халқы өзге елдерде сауда ісімен белсенді түрде айналысты. Бұл кезде соғды жері Түрік қағандығының құрамында болып, соғдылықтар сауда-саттық жұмыстарын жүргізуді жетік меңгерді. Ерте орта ғасырлардағы авторлардың айтуынша соғдылықтар ең жақсы саудагерлер және Орталық Азиядағы саудадағы ең жақсы делдалдар ретінде танылды. Ал ең маңыздысы оларда Византия мен оның айналасындағы елдерге саудаға шығарылатын жібек бар еді.
Түрік қағанатында мемлекеттік басқарудың мемлекеттік басқарудың нақты жүйесі, мықты әскер, басқару құрылымдары болды. Византия империясы Түрік қағандының аз уақыт ішінде Ұлы Далада мұндай саяси бірлестікке айналғанына қарап, түркі мемлекетімен саяси байланыстар орнатып оны дамытуға асықты.
Ерте замандағы авторлардың айтуынша Түрік қағандығының Византияға тез таралуына әсер еткен келесі бір жағдай қағанаттың халқы жауынгер болып, ол византиялықтардың сол кездегі қауіпті көршілері саналған парсылар мен аварларға және басқа да көршілес көшпелі тайпаларға қарсы күресте одақтас бола алады деген сенім болды. Ерте ортағасырлық авторлардың бірі Менандр Протектордың жазбаларында тақырыпқа қатысты келтірілген деректік мәләметтері болып, ол Византия мен Түрік қағанатының саяси және елшілік қарым-қатынастары бойынша фактілерге талдау жасаудағы деректік мәні зор. Автор осы дәуірдегі Византия тарихына қатысты мәліметтер беріп, сонымен бірге осы аталған екі мемлекеттің байланыстарын суреттеген.
VI ғасырдың 50-жылдары іргесін қалап, уақыт ағымына сай өзінің өмір сүру аймағын кеңейткен Түрік қағанаты оңтүстік-батыста ирандықтармен шекаралас болып қалды. Осы тұста, Түрік қағандығы мен Византия арасындағы саяси,сауда-саттық байланыстарына талдау жүргізбес бұрын түркілер мен парсылар арасындағы байланыстардың деңгейіне тоқталып өткен жөн. Себебі, Түрік қағандығы мен Византия арасындағы байланыстарға арқау болған негізгі факторлардың бірі осы мемлекеттердің арасындағы сауда-саттық қатынастарының деңгейі болатын.
563-567 жылдары түркілер парсылармен және Түрік қағанатымен шекаралас болған эфталиттерді ауыр жеңіліске ұшыратады. Ендігі кезекте парсылар өзімен шекаралас болып қалған түркілерді аймақта көргісі келмейді және өзінің байырғыдан жинақталған күш-қуаты мен абыройна сүйенген парсылар түркілерді елемеді. Түрік қағанаты бұл кезде іс-жүзінде Орта Азияда Соғды жеріне де иелік етеді. Соғды жері Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, соғдылықтар түркілермен жақсы байланыста болады. Түркілер мен соғдылар бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста өмір сүре отырып, сонымен бірге алыс-жақын елдермен сауда-саттық қатынастарын қолға алуға әрекеттенеді. Осы мақсатпен түркі билеушілері өзімен көршілес отырған Парсы мемлекетіне елші жіберіп, онда соғдылықтар өндірген жібек мата мен жібектен жасалған басқа да бұйымдарды жөнелтеді. Басты мақсат, жібектен өндірілген бұйымдарды болашақта Парсы елінің аумағында саудалау болады. Бірақ, мұның барлығы іске аспай қалады. Иран патшасы Хұсрау түркі елшілерінің бұл ұсыныстарын қабылдамай, олардың көз алдында өздері әкелген жібек бұйымдарын толық өртеп жіберді.
Мұның жан-жақты өзіндік бірнеше себептері болды. Оның негізгілері Парсы мемлекеті Шығыстағы ең ірі жібек өндіруші мемлекеттердің бірі болып, ол өзімен ешкімді бәсекелес санағысы келмеген. Сондай-ақ бұл кезде Византия Парсы мемлекетінің басты жібек экспорттаушысы ретінде саналып, ол бұл саланы ешкіммен бөліскісі келмеді. VI ғасырда Парсы елі Қытаймен,Византиямен жібектен жасалған саудадағы басты делдалы болды. Парсылықтар өз монополиялық жағдайын тиімді пайдаланды және тауарларды өз қалауы бойынша көтерді. Бұл Византия үшін тиімсіз еді.
Бұған қарай отырып, Хұсрау шахтың Византияны өз тауарымен ғана қамтамасыз етіп, оны өзінің басты сауда серіктесі ретінде көргісі келді. Дегенмен, Түрік қағандығының билеушілері мұнымен тоқтамай , екінші рет елші жібереді. Бұл елшілік те дәл осындай ұсыныспен бара жатқан тұста, Хұсрау шах елшілікті тоқтатуға бұйрық беріп, елшілерді өлтіруге әмір береді. Осыдан соң ғана Түрік қағанаты Парсылармен байланыс орнатудың қажеті жоқ екендігін түсінеді. Айта кетерлік жәйт, бұл жағдай тарихи құбылыс болып, парсылар ілгері заманнан бері Орталық Азиядан шыққан түркілердің әрекетінен секенетін болған. Оның басты мысалдары сонау сақ заманында болған әскери соғыстар мен одан кейінгі ғұндардың соғыс әрекеті еді. Осыдан кейін екі елді жақындату мүмкін емес еді.
Түрік қағанатының билеушісі Иштеми, басқа елдермен жібек саудасын дамытуды және соның негізінде сыртқы саудадан бөлек саяси-әлеуметтік салаларда байланыс орнату қажеттігін айтады. Маниах түркілермен жібек саудасын жүргізуі мүмкін болған мемлекет деп, Византияны ұсынады. Маниахтың бұл сөзі Византия мен Түрік қағандығы арасындағы байланыстарға арқау болып, Византия императорының атына хат жолданады. Үлкен көлемде жібек материалдары алынып, елшілікті Маниах өзі басқарып, Константинопольге аттанды.
Осылайша, түркілер мен византиялықтардың алғашқы жақындасуы парсылармен байланысты болды. Парсы елінің түркілерге деген теріс көз қарасы мен ұстанымадыры түркілердің Византиямен жақындасуымен себеп болды.
Түркі қағанатының Византияға жасаған алғашқы сыртқы қадамдарының бірі 568 жылы жүзеге асырылып, онда соғды көпесі Маниах бастаған елшілік Константинопольге жіберілді. Соғдылық танымал саудагер әрі дипломат, саясаткер болған Маниахты елшілікті басқарудағы мақсат, оның тәжірбиесі жоғары болатын. Жоғарыда аталғандай, соғды тайпасының өкілдері жақсы саудагер болғанын, қағандарға кеңес беруші ретінде қызмет атқарғандығын ерекше атап өту керек. Тіпті олардың көпшілігі қағандықта жоғары лауазымды орындарды иеленген. Соғдылық саудагерлер әдетте, шет тілдерін меңгерген және жақсы дипломаттар болған.
Осы тұста Византия империясының саяси ахуалына тоқталсақ, бұл кезде Шығыс Рим империясының сыртқы саясаттағы қимылдары құбылмалы күйде қала берді. Византия императорлары сыртқы күштердің әсерінен әбден қажыған болатын Варварлық корольдіктер, Парсы мемлекеті мен Авар қағандығы бұл кезде Византия үшін басты қарсыластар ретінде саналды. Сыртқы күштерді әр түрлі әдіс-тәсілдермен, саяси айламен қарулы соғыстармен қайтарып отырған Византия билеушілері үшін Шығыста күшейіп келе жатқан келесі бір күш – Түрік қағанаты қандай саясат ұстанатыны Шығыс Римдіктер үшін белгісіз еді.
Бірақ түркілердің шығыста аварларды талқандағанын, олардың негізгі бөлігін көшіріп жіберіп, келесі бір бөлігін өз қоластында алып қалғанын және эфталиттерді соғыста жеңгені туралы мәліметтер Византия билеушілеріне саяхатшылар мен саудагерлер арқылы жеткізіліп тұрды. Бұл Византия билеушісі ІІ Юстинді қызықтырды. Түркілердің сыртқы сауда мен түрлі салаларда қарым-қатынастар орнатуға бейім екендігі ІІ Юстинге ұнады. Менендр Протектордың жазбаларына қарағанда Түрік қағанатының Маниах бастаған елшілерін император ІІ Юстиннің өзі жоғары деңгейде қарсы алады.
Маниах бастаған Түрік қағанатының елшілігі Кавказ жері арқылы өтіп, аландардың көмегімен қауіпсіз Византияға жетеді. Елшілік рәсімдері атқарылып болған соң, ашық әңгімеге көшеді. Византия билеушілерінің түркі елшілерін қабылдап, оларға ыстық ілтипат білдіруінің өзіедік мәні бар еді. Оның басты маңыздылықтары саяси мәселелер, аймақтағы көршілерден келетін қауіпсіздік, сауда-саттық салалары және басқа да тақырыптар болды. Бұған Менандр Протектрдің жазбалары дәлел бола алады. Оның айтуынша, византиялық билеушілер түркі елшілерінен олардың мемлекеті, күш-қуаты, байлықтары мен жерлері туралы көптеген сұрақтар қойып оған жауап алған.
Менандрдың айтуынша, Византия билеушілері Түрік қағанатының аварларды, эфталиттерді жеңгені туралы толық сұрастырып, елшілерден барлығын біліп болды. Содан соң Маниах қолын көтерді, ал басқалар айтқанның дұрыстығын дәлелдей отырып, үлкен ант қабылдады. Егер тараптардың қай-қайсысы шынайы берілген уәделерін орындамаса, олар Дизабул мен бүкіл халықтың қарғысына ұшырайтын болады. Осылайша, түркілер тарапынан жасалған мемлекеттік деңгейдегі келісімдер мен ұсыныстар Түрік қағандығы мен Византия арасында саяси қарым-қатынастардың алғашқы баспалдағы болды. Менандрдың жазбаларында түркі жабғуы Силзибул немесе Дизабул деп аталған.
Бұл кезде түркілердің елшілігінің басты міндеттерінің бірі – Византия империясымен жібек саудасын дамыту. Бірақ, бұл жағдай құпталмады. Себебі, Византияда жібек өндіру дамып кеткен еді. Дегенмен, екі мемлекет арасында басқа да қажетті тұтыну тауарларын сатумен айырбастау жұмыстары жүргізіле беретін болып келісілді. Келісім арнайы ант берумен қабылданды.
Соғды көпесі Маниахтың елшілігімен басталған Византия империясы мен Түрік қағанатының арасындағы сауда-саттық, саяси байланыстар бұданкейін де жүргізіліп, ол осы VI ғасырдың 60-70 жылдары жалғасты. Мемлекеттер арасындағы басты халықаралық байланыстардың тірегі сауда мен елшілік, саяси байланыстармен сипатталды. Екі мемлекеттің сауда қатынастарында Ұлы Жібек жолы маңызды қызмет атқарды.
Византия императоры ІІ Юстин Түрік қағанатынан келген елші Маниахты қабылдап болған соң, түркі елшісімен бірге Византияның Киликия аймағынан шыққан империяның Шығыстағы комиті қызметінде болған Земархты жібереді. Жол-жөнекей кедергілер тумас үшін Византиялық елшіні түркі елшісімен бірге аттандырды.
Елшілер қайтқан жолмен Кавказ арқылы, аландардың жерін басып, Орталық Азияға қарай енеді. Бұл кезде Византия елшісінің Шығысқа Түрік қағанатына келе жатқанынан хабар алған Сасанидтік Иран шахы Хұсрау, лезде елшілердің бетін қайтарып, немесе өлтіру үшін аландардың билеушісіне өтініш жасайды. Алайда шахтың бұл пиғылы жүзеге аспай қалады. Осылайша Земарх бастаған елшілік 568-569 жж. Түрік қағанатының елшісі Маниахпен бірге түркі жабғуы Иштемидің сарайына келеді. Билеушінің қабылдауына кірмес бұрын Византия елшілері жанып тұрған екі отты айналып өтеді. Бұл түркілердің өзіндік дәстүрі еді. Земарх бастаған елшілерді алтынмен апталған, жібек маталармен безендірілген үлкен сарайда қарсы алды. Бір сөзбен айтқанда елшіге аса үлкен қошемет көрсетіледі. Бұл жайлы византиялық елшілер таңданыспен жазады. Одан соң түркі ханы Мұқан қағанның қабылдауында болып,қаған византиялық елшілер мен олардың мақсаты мен билеушісінің саясаты туралы сұрастырды.
Земарх өзінің билеушісінің сұранысын түркі қағанына жеткізді. Ол император ІІ Юстиннің Византия мен Түрік қағандығының мемлекетаралық сауда-саттық елшілік, достық байланыстарын орнату мен дамытуды қалайтынын жеткізді.Елшінің мақсаты тек сауда-саттық емес, сонымен бірге саяси байланыстарды қолға алу еді. Себебі, Византия үшін айналасындағы сыртқы жаулардан қорғану жолында ірі саяси-әскери одақтас керек еді. Түркі қағандығы мұндай одақтастыққа сенімді әрі берік екендігі көрінді. Земарх түркі билеушілеріне Византияның Түркі мемлекетінің сасанидтік Иранға қарсы саяси және әскери одақ құруды ұсынды. Елшінің бұл ұсынысы бірден қабылданбай, әуелі өзара келісім-шартты қатайту қажеттігі алға тартылды. Дегенмен, Земарх қағанға Византия императоры ІІ Юстиннің бұған бейім және дайын екенін жеткізіп, түркі билеушісін көндірді. Византылықтардың басты мақсаты одақтастық қатынастар арқылы Сасанидтік Иранның қауіпін сейілту болды.
Менандрдың айтуынша аз уақыт кідірістен соң Түркі қағандығының сыртқы мәселелерімен айналысушы Иштеми жабғу мен қаған тарапынан Византияның парсыларға қарсы одақ құру ұсыныстары қабылданды. Оған Сасанидтік Иранның түркілерге саяси қыр көрсетуі себеп болды. Тіпті, түркі билеушісі кездесу аяқталысымен-ақ парсыларға жарыққа шығатынын айтты.Иштеми Византия елшісі Земархқа өзінің жанындағы жиырма шақты адамымен өзімен бірге парсыларға жорыққа қатысуға шақырды. Елшіліктің қалған мүшелерін қайтарып жіберді. Осы жолда Талас өзеніне жете берген тұста Иштеми мен Земарх Түркі қағанатына келе жатқан парсы елшілерін кездестіреді. Елшілер өздерінің жолығу себептерін айтып, ортақ диалог жүргізеді. Кездесу кезінде Иштеми жабғу парсы елшілеріне менсінбей,кұңіл аудармаған кейіппен қарайды да, ал Земархқа олардың алдында ерекше құрмет көрсетеді.
Түркі елінің аса құрметті билеушілерінің бірі саналған Иштеми жабғу екі елдің елшісімен түскі ас ішіп, онда өзінің парсы елшілеріне риза еместігін осылай танытады. Осыдан соң парсы елшілерімен ашық сұхбат жүргізіп, Иштеми Хұсрауға ренжулі екенін жеткізіп, елшілерді кері қайтарады. Бұл жағдай Сасанидтер мен Түркі мемлекетінің арасындағы саяси жағдайды шиеленістіре бастады.
Парсылық елшілер кеткен соң ол Земархтың қасына бірнеше адам қосып беріп, жаңадан қосылғандарды елші ретінде жіберді. Келесі елші болып, Түрік қағандығында тархандық қызмет атқарған Тағман есімді саяси қызметкер аттанды. Бірінші рет елші болып барып келген Маниахтың ұлы да осы елшіліктің құрамына екінші мүшесі ретінде алынады. Земарх Арал маңына келген соң елшіліктің адамдары екіге бөлініп, бір бөлігі ашық даламен,екінші бір бөлігі қысқа жолмен батысқа қарай жылжыды. Себебі елшіліктегі адамдардың көп болуы қауіпті еді.
Земарх өз адамдарымен бірге Еділ және Жайық өзендерінің атырабына келген кезде, мұнда оны Сасанидтер мемлекетінің билеушісі Хұсраудың адамдары барлап жүргені туралы хабар алады. Осыдан соң лажсыздан құмды, батпақты жерлермен қашып, ол аса үлкен дайындықпен аландардың жеріне кірді. Алан билеушілері Земарх пен оның жанындағы түркі елшілерін жақсы қарсы алып, оларды қауіпсіз аймақтармен өтуіне мүмкіндік берді. Аландардың жерінен өткен соң Қара теңізге жақындап, Трапезуид жеріне жетті. Осыдан соң теңіз жолы арқылы Костантинопольге жетті. Ол өзімен бірге түркі елшілерін ала барды.
Жол жөнекей парсылармен елшілік байланыстарын үзіп, дегенмен түркілермен саяси достық қарым-қатынастар орнатқан византиялық елші Земархтың Түрік қағандығына бастап барған елшілігі өзінің саяси миссиялары мен міндеттерін жоғары деңгейде атқара алды. Парсылардың түркілерден қауіптенетінін түсінген ІІ Юстин мен одан кейін билікке келген Тиберий де жақсы түсінген. Император ІІ Юстин түркілермен одақтастық байланыстарға өзінің шексіз ризашылығын білдіріп, ол бұл саясатын негізінен парсыларға бағыттайтынын атап өтті. Осылайша VI ғасырдың соңғы ширегінде де саяси байланыстар одақтастық деңгейде өзінің жалғасын таба берді. Расында да бұл уақытта Иран Византияның сыртқы саясаттағы ең басты бақаталсы, қас дұшпанына айналған еді. ІІ Юстиннен кейінгі император Тиберий парсыларды екі жақтан қыспаққа алудың сяаси жолдарын қарастырды. Себебі бұл кезде Византияның Иранмен кезекті соғысы жүріп жатыр еді.
Осындай сыртқы саяси жоспарларды асыру мақсатында император Тиберий 576 жылы Түрік қағанатына кезекті елшісін аттандырды. Түркілерге келесі рет аттандырылып отырған византиялық елшілікті Валентин басқарып баратын болды. Бұл елші өзі Византияда өзінің тәжірибесімен танылған адам еді.Айта кетерлігі, бұл кезде Византия астанасында түркі саудагерлері мен түрлі саладағы адамдарының қатары көбейе бастады. Олар тек елшілік құрамында ғана емес, өз бетінше де келген болатын. Елшінің жанына жүзден астам адам қосылды. Бұл жағдай біріншіден жол-жөнекей кездесетін қауіпті болдырмау үшін болса, екіншіден әр түрлі сала адамдары болып, олар Түрік қағандығы халқымен тәжірибе алмасу мақсатында жіберілді. Сонымен қатар, елшілік құрамында адам санының мұндай көп болуы екі мемлекеттің бір-біріне деген құрметінің белгісі болды. Земархпен бірге кеткен түркі елшілері Валентин бастаған елшілікпен қайтып келді.
Елшіні Иштеми жабғудың баласы Түрксанф қабылдады. Алғашында түркі жабғуы елшіге өзінің ренішін білдіреді. Ол түркі елшілерінің кавказ бен аландар жері арқылы қиындықпен барғанын, өзінің Кавказ жерінде аландарды, одан ары өтіп Қырымға дейін барғаны туралы және бірқатар халықтарды өзіне бағынышты екенін айтады. Осы жолда ол өзінің одақтасының, яғни Византия билеушілернің осындай іске өз ризашылықтарын білдірмегенін және ең маңыздысы өзінің әкесі Иштемидің қайтыс болғанына келмеуі мен көңіл білдірмеуін айтып өзінің ренішін біліреді. Осыған орай елші мен оның жақтастары жабғуға көңіл айтып, өздерінің қайғыға ортақ екендіктерін білдіреді. Осыдан соң Түрксанф византиялық елшілерге кейіннен өзінің құрметін көрсетті. Валентин Түрік қағанымен кездесуден соң екі мемлекет арасында тек саяси ғана емес әскери одақтық құрылғанын және болашақта сауда қатынастарын одан ары дамытатыны бекітілді.
Алайда, кейіннен VI-VII ғасырлардың тоғысында Түрік қағандығының құрамында әулеттік ішкі алауыздықтар мен тартыстар орын алып, ол ақыры 603 жылы қағанаттың екіге бөлінуімен аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет