Жаңа заман ақын-жазушылары
С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді ("Экспресс"). С. Мұқанов поэзиясы ("Бостандық") өлең түрі жағынан ескіше болғанмен, идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағынан жаңа. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.
Сондықтан ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сөз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмаймыз.
Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.
Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау “оқушылар” ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.
Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр».
Ахмет бас ақынға қоғамның ең көкейкесті мәселелерін қозғаған ой- толғаныс, отарлық уысындағы ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен жаңаша жол тапты. «Маса», «Қырық мысал»
Достарыңызбен бөлісу: |