Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы көркемдік дәстүрлерді нақты мысалдармен талдаңыз



бет45/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

24. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы көркемдік дәстүрлерді нақты мысалдармен талдаңыз.
Әдебиетке 20 - жылдардың екінші жартысында келген Ғ.Мүсіреповтің алғашқы көлемді туындысы — " Тулаған толқында " хикаятында 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі , әйел тағдыры , азамат соғысы оқиғалары бейнеленсе , " Қос шалқар ” , “ Көк үйдегі көршілер ” , “ Алғашқы адымдар " атты әңгімелерде еңбекші халықтың сана - сезімінің өзгергені суреттеледі. Яғни жазушы әдебиетке алдыңғы дәуірлерде қалыптасып, орныққан ел жайы, әлеуметтік күйі, халықтың еңбекпен айналысуын жазу дәстүрін жалғастырумен келді.
Ғабит Мүсіреповтің азаматтық және қаламгерлік жаңашыл қасиетін айқындай түскен " Талпақ танау " мен " Шұғыла ” сол кездегі қазақ әңгімесінің айтулы үлгілері қатарына жатады, 1932 жылдың сұмдығы мен қулығы әшкереленген бұл қос шығарма батылдығымен , қайсарлығымен бірге композиция мен сюжетінің әдемі өрілгенімен ерекше. Ол уақытта аштық пен жалаңаштықты ашық әшкерелеу қайда , тұспал дап , сыналап айтудың өзі қауіпті еді . Ғабең осы екі әңгімесінің бірінде әзілді суыртпақтап , бірінде жол xикаясын арқау етіп , ащы да ауыр шындықты оқушыға жеткізеді. Бұл автордың жаңашылдығы. Мысалы, «жеткен екі шошқа жақсылықты білдірмейді-ау», «шошқа деген малдан гөрі итке ұқсайды ма қалай» - деп, Айтар ойын халық түсінетіндей етіп имплицитті түрде жеткізуі автордың шеберлігі болып саналады.
Оянған өлке ” романында жер дауы , алпауыттар арасындағы бақталастық, орыс капиталисінің қазақ даласындағы алғашқы адымы , жұмысшының тұңғыш наразылығы , ауылдың көші - қоны , салт - санасы , қаһарлы қысы , жазира жазы — осының бәрі көркем бейне , жарқын сурет арқылы толқынды , толқымалы сонау бір өмір шындығын сан қыры , сан сырымен көз алдымызға алып келеді . Драмалық тартыстың шытырман шиеленіске ұласуы , тағдыр тасқынының ортақ арнаға жөңкіле құйылып жатуы , кейіпкер тұлғасының керемет сомдалуы , тұрмыс - салт суретінің ажарлылығы екі кітаптан тұратын “ Оянған өлкені ” қазақтың таңдаулы романының біріне айналдырды . ел жайын суреттеу дәстүрін жандандыра түсті.
Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме – «Қос шалқар» (1928). Әңгімеші-жазушы Қос шалқардың қойнауында екі түрлі өмірдің көргенін, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайды. Қос шалқардың қойнауында өскен сәби көз алдындағы кең өмірді құшақ жая құшуға дайын еді. Айналасы бақыт бақшасындай рахатқа, шаттыққа шақырғандай елестейтін. Бірақ Қос шалқармен – шын өмірмен тұңғыш түйіскенде бала көңілі құлазып, қатты қиналады. Барлық бояуы өшіп, мұнарланып, бақыт бесігіне балаған Қос шалқар қапырық зындандай дем алғызбай, тұншықтырып жібере жаздайды. Өйткені оның көз алдындағы Қос шалқар қиянатшыл екен, қойнауында – «Қосын байдың босағасында қабақтары қатыңқы, көңілдері кірбіткі үмітсіз өкініш» бар. Қалың қауды шапқан жігіттердің дауысы нәрестелердің шыңғыруымен ұласып, тым ащы шығып жатады. Шыбыртқы арқаларына емес, жандарына «шып-шып» тигендей. Есейген шағында туған өлкесіне қайта оралған әңгімеші-жазушы Қос шалқардың өзі де, оны жайлаған жандардың да өзгергеніне куә боп, өмірдің бір шиеленіскен түйініне бойлағандай болады – көңіліне бір әсем жылылық ұялайды. Лирикалық сезіммен көмкерілген «Қос шалқар» қазаө әңгімесінің алғашқы таңдаулы үлгілерінің бірі саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет