«Тұмар патша», «Мөде қаған», «Ширақ батыр» аңыздарының мазмұндық-идеялық құндылығына тоқталыңыз.
Тарихи деректерде Сақ патшайымы Тұмардың б. з. б. VI ғасырларда яғни 570-520 жылдары аралығында өмір сүргені айтылады. Сондай-ақ ол скиф тайпаларының бірінің көсемі Ишпақайдың тұқымынан тараған делінеді. Спаргапис патшаның қызы. Анасы ерте қайтыс болғандықтан, Томирис әкесі Спаргапистің қамқорлығында болады. Анасы туралы басқа дерек жоқ.
Таққа әкесі Спаргапис өмірден өткен соң (б. з. д. 534 жылы) отырады. Ғасырлардан ғасырларға жеткен аңыз әңгімелер мен жыр-дастандарға қарағанда ежелгі сақ, ғұн, түрік дәуірінде әйел затынан жеті бірдей патша шыққан. Сол замандардағы патшалық құрған жеті қыз туралы деректерді ХVІІ ғасырда өмір сүрген атақшы тарихшысы әрі Хуа ханы болған Әбілғазы Баһадүр Ханның «Түрік шежіресі» еңбегінен де кездестіруге болады.
Тұмар қыз сақ дәстүрі бойынша жастайынан садақ ату, қылыштасу, найза лақтыру тәрізді әскери дағдыларды меңгеріп өседі. Он үш жасында әскери іс-қимылдарға ұрыстарға араласып өседі. Осылайша майданда жауына тастай қатал, ал былай өмірде жібектей жұмсақ бола білген Тұмар көп ұзамай-ақ қатарластарынан ерекшеленіп шыға келеді. Оның үстіне сақтар мұндай батыр жауынгер әйелдерді ардактап, айрықша құрмет тұтқан. Бой жеткен соң сақтардың тиграхауд тайпасының билеушісі Рустамға тұрмысқа шығады. Үйлену тойынан кейін көп ұзамай Томиристің әкесі дүниеден озды. Осыдан соң ел билігі Томиристің қолына өтеді. Ел билеу ісі Томириске оңай тимейді. Алдымен ел арасындағы бақталастықтың құрбаны бола жаздайды. Тайпа көсемдері де заңды түрде ел тізгігін қолға алған патшайымды о баста мойындамай түрлі қитұрқы істер ойластырады. Алайда Томирис асқан зеректігі мен ақылдылығының арқасында кез келген жерден жол тауып шығып отырған. Әскер және қорғаныс саласына үлкен өзгеріс әкеледі. Жауынгерлердің басынан аяғына дейін сауыт-саймандар кигізіп, жылқыларына дейін құрышпен қаптап шығады. Томирис сонымен қатар алғаш рет ысқырықты жебені пайдаланған адам делінеді. Тек қана қыздардан құралған жасақ құрған.
Осындай жұмыстардың арқасында көп ұзамай таспалардың арасындағы алауыздықты жойып көрші елдермен болған ірі-ірі шайқастарда үлкен-үлкен жеңістерге жетеді. Өзінің шынында да ел бастауға лайық екендігін дәлелдеп береді. Осыдан кейін сақ тайпалары бірауыздан Томиристің билігін мойындап, артынан ерген.
Сақтардың ерлік тарихын, салт-санасын, дүниетанымын бейнелейтін дастандардың көп болғаны көне ғұламалардың кітабынан жақсы таныс. Бірақ олардың көбі сақталмаған. Ал кей дастанның тек қысқаша мазмұны ғана жеткен. Мұндай дастандардың көбі елдің сыртқы жаумен күресі, ерлік пен басқыншылыққа қарсы соғысы жайлы баяндайды. Сондай дастандардың бірі – "Тұмар" дастаны. Өкініштісі, бұл дастан бүгінге жетпеген. Герадоттың "Тарих" атты көптомдық кітабында айтылған сюжет арқылы жеткен. Сақтардың киелі жерін парсы әскерінің шапқыншылығынан сақтау ерлігі жырлап жазылған. 2019 жылы шыққан "Томирис" фильмі де осы дастанның сюжетіне құрылған.
"Тұмар" дастаны – тарихи-қаһармандық дастан. Басты кейіпкері – Тұмар патшайым. Елі мен жерін жау мен дұшпаннан қорғау үшін жан аямай күрескен ержүрек әмірші. Дастанның сюжеті тарихта болған шынайы оқиғаға негізделген. Герадот бұл дастанды жыр деп емес, эпос деп атаған екен.
Герадоттың жазуынша, парсы елінің патшасы Кир біздің заманымызға дейінгі 539 жылы Вавилонды жаулап алған соң, сақ даласына жорық бастайды. Ол жорыққа қарсы тұрған қолбасшы – Тұмар патшайым болды. Сақ даласын ауыр қол бастап келген Кир патша Әмудария өзеніне көпір салдырады. Мұны естіген Тұмар патшайым Кирге былай деп хат жолдаған екен: "Кир! Сен соғыс ашпай тынбайтын сияқтысың. Мақсатың сақтар елін тонау екен. Онда былай келісейік. Сен көпір салып әуреленбей-ақ қой. Адам қанын төкпейік. Сол үшін біз тұрағымызды тастап, үш күндік жүретін жолы бар жерге көшіп кетейік. Дариядан жайбарақат өтіп, алғың келген дүние-мүліктің бәрін ал. Бірақ үш күннен кейін өз еліңе қайтып кет" деп ескертеді. Бірақ Кир қамқоршы әміршінің келісім ұсынысын қабылдамай, сақ даласын қанға бөктіруді шешеді. Кир патша айлакерлікпен Тұмар патшайымның ұлын өлтіреді. Бұған ашулаған сақ патшайымы ұлының денесін еліне тапсырып, аман-сау тұрғанда қайтып кетуін ескертіп Кирге тағы хат жазады. Кир мұны да қабылдамайды.Содан қанқұйлы соғыс басталады. Мәйіттер тау-тау боп үйіліп қалады. Бұл шайқасты Герадот "Мен білетін шайқастардың ішіндегі ең қатыгезі, ең аяусызы, ең адам көп құрбан болғаны еді" деп сипаттайды. Кир айла-шарғымен Томиристің ұлы Спарғапты қапыда мерт қылады. Бұл қайғыдан қайраттанған Томирис барлық сақтарды бастап, Кирмен шайқасады. Соңында Томирис жеңіп шығып, Кирдің басын алады. Оны қан құйылған торсыққа салып: "Тірлігіңде қанға тоймап едің, енді қанғаныңша іш" дейді.
Сақтардың парсы басқыншылығына қарсы күресін сипаттаған шығарманың тағы бірі – өзіміз білетін Шырақ батыр туралы айтылған дастан. Дастанда сақ жауынгері Шырақтың І Дарийдің әскерін қалай сан соқтырғаны, шөл далаға апарып жалғыз өзі қалай қырып салғаны жайлы баяндалады.Алайда бұл дастан да сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. "Шырақ" дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн еді. Бұл аңыз былай деп баяндалады. Дарийдің жер қайысқан қол Сырдариядан өтіп, сақтарға қарсы жорыққа шықты деген хабар дүйім жұрттың құлағына жетеді. Сонда сақтың ержүрек бақташысы Шырақ өз денесін өзі тіліп, киімін жыртып, Дарийдің қосынына барады. Патшаға барып, өзін сақтардың жәбірлегенін, оларда кегі бар екенін айтып, оған жол көрсету ниетін жеткізеді. Патша үсті-басы қан-жоса Шыраққа сеніп, артынан ере береді. Талай күндер өтеді, қалың құмның арасында ас-сусыз жүрген парсылар шетінен қырыла бастайды. Патша алданғанын сонда бір-ақ біледі. Бірақ бірдеңе істерге шамасы жоқ еді. Шырақ қасқая қарап тұрып : сен мені өлтірерсің, бірақ өзің де осында арам өлесің. Тыныш жатқан елге жөнсіз тиіскеннің жазасы осы болмақ" дейді. Патша осы сөзді айтып болғаннан кейін-ақ Шырақтың басын қылышпен шауып түсіреді. Бұл ерлік пен елдік жайлы аңыз. Дұшпанның саны мен сесіне қарамай, ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша айқасқан ердің өшпес ерлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |