Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңы, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жаңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
49. Образ және характер жайын сөз етіңіз.
Образ – бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал – әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.
Образдың екі мәні бар : тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, “Шығыс алауланып келеді” деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл – тар көлеммен – ақ жасалған образ.
Образдың кең мағынасы деп., әдебиеттің, қала берді, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз. Демен, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны образ жүйесімен бейнелейді. Демен, әдебиеттер көркемдік образдар жүйесі арқылы ғана өмір таниды.
Чернышевский әдебиетті “өмір оқулығы”, Горький, “адам тану ғылымы” деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені – ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да – содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе – адам образы, дегенді анықтай түседі.
Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. – барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы күшті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |