/Жүргенге/ /жол жақсы/
3 3
/Қалғанға/ /үй жақсы/
7. Аралас буынды өлең. Мұның түрлері көп, Абай туғызған түрлері тіпті көп және қазақ өлеңінің Октябрьден кейінгі дамуына (ойға бағынған еркін өлшемдерге) сәйкес, әр ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтижелеріне қарай көбейе бермек. Әрине, әр түрдің табылу һәм тұрақтану заңдылығы болмақ. Бірақ біз аралас буынды өлең түрлерінің әрқайсысын жеке мінездеп жатпай-ак, жұртқа таныс көрнекті үлгілерінің бірнешеуін ғана таңдап ұсынамыз:
4
І /Бойы бұлған/
4
/Сөзі жылмаң/
4 3
/Кімді көрсем/ /мен сонан/
4
/Бетті бастым/
4
/Қатты састым/
4 3
/Тұра қаштым/ /жалма-жан/
(Абай.)
5
ІІ /Алыстан сермеп/
5
/Жүректен тербеп/
5 3
/Шымырлап бойға/ /жайылған/
5
/Қиуадан шауып/
5
/Қисынын тауып/
5 3
/Тағыны жетіп/ /қайырған/
5 3
/Толғауы тоқсан/ /қызыл тіл/
5 3
/Сөйлеймін десең/ /өзің біл/(Абай.)
56. Троп және олардың түрлері жайында айтыңыз.
Троп, құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет. Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді
Троптың түрлері. Фигураның түрлері
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — құбылту, яки троп (грекше tropos — иін, иірім) — сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті пернелеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылту – суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тәсіл. Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты кұбылтулардың бірі — ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora — көшіру) — сөз мәнін өңдендіре өэгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейиелеу тәсіліне кешуі де мүмкін.
Құбылтудың мұндай түрі – кейіптеу (грекше prosopopeia, орысша олицетворение) деп аталады. Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі — түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы — бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды.
Каспийдің, Абайша айтқанда, «жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күлген» шайтан шалдың одан арғы қылығы мен қимылы да — аумаған адамның мінезі мен әрекеті — керемет кейіптеу. Кейіптеудің ең озық үлгісіне тағы Абайдың «Қыс» өлеңін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |